Проф. Др. Дилхан Эрюрт - NASA-да жұмыс істеген тұңғыш түрік әйел ғалым

Бұларды білетін бе едіңіз? - 6

Проф. Др. Дилхан Эрюрт - NASA-да жұмыс істеген тұңғыш түрік әйел ғалым

Түркияны астрофизикамен таныстырған ғалым Проф. Др. Дилхан Эрюрттың NASA-да жұмыс істеген тұңғыш түрік әйел ғалымы екенін білетін бе едіңіз?

Стамбул Университеті Математика және астрономия мамандығын аяқтаған Дилхан Эрюрт 1959 жылы стипендия алып, екі жылдығына Канадаға аттанды. Артынан  «National Academy of Sciences» стипендиясымен NASA-ның «Goddard» Зерттеу институтында жұмыс істей бастайды. Осында ол Күннің эволюциясына байланысты жұмыстар жүргізеді.

    Ғылым тарихына «Күнді жеңген әйел» ретінде аты жазылған Дилхан Эрюрт 1969 жылы Айға қону жобасына қосқан үлесіне орай NASA –ның әлемде өте аз кісіге берілген «Апполон» Табыс жүлдесіне лайықты деп табылды.



Ұқсас жаңалықтар