Хаттушаш (Хаттуса)

Хет империясы б.з.б. Анадолы жерін мекендеген өркениеттердің бірі болып табылады.

Хаттушаш (Хаттуса)
Хаттушаш (Хаттуса)
Хаттушаш (Хаттуса)

Хет империясы б.з.б. Анадолы жерін мекендеген өркениеттердің бірі болып табылады.

Хет империясы б.з.б. Анадолы жерін мекендеген өркениеттердің бірі болып табылады. Осы империя ғасырлар бұрын жойылып кетсе де, бас қаласы Хаттушаш (Хаттуса) болмысын жалғастыруда. Келушілеріне бір кездері көрікті және маңызды бір қала екенін дәлелдеуде.

***

Хет империясының құрылуы б.з.б. 1 мың 600 жылдарға дейін созылады. Кезеңге тиесілі балшық жазбаларға қарағанда Хет елі тарихта демократиялық режиммен басқарылған тұңғыш мемлекет болған. Патша мен патшалық әулеттің мүшелері тарапынан басқарылған елде Панкуш деп аталған Мәжіліске әрі шешімдерді дауысқа салу, әрі патшаны бақылау құқығы берілген.

Хеттер жүзеге асырғандардың бірі болса Мысырмен тарихтағы тұңғыш жазбаша келісімге яғни Кадеш бітімі келісіміне қол қоюы… Міне, өз дәуірінің жетілген өркениеттерінің бас қаласы Хаттуша ежелгі қала ретінде Хеттердің ізін осы күнге дейін сақтаған...

Түркияның Орталық Қаратеңіз аймағында Чорум қаласы маңындағы ежелгі Хаттушаш қаласы бүгін «Боғазкөй» деп аталады. Ашық аспан археология мұражайы болған Хаттушаш Төменгі шахар және жоғарғы шахар деген екі алаңнан тұрады.

Төменгі шахар деп аталған аймақта азаматтық тұрмыс алаңдары орын алады және Хаттушаштың ең үлкен діни құрылысы - Үлкен ғибадатхана назар аударады.

Жоғары шахарда болса көптеген ғибадатхана бар және осы аймақ төрт қақпалы қорғанмен қоршалған. Арыстанды қақпаның екі жағына орналастырылған арыстан мүсіндері - Хет тас ұсталығының ең керемет үлгілерінің бірі...

Хаттушаштың 2 шақырым солтүстік шығысындағы Жазулы тас ғибадатханасы шахардағы ең керемет ашық аспан ғибадатханасы ретінде қабылданады. Жартастан ойылып жасалған екі бөлмеден тұратын осы ғибадатхананың дуалдары Хет тәңірлері мен әйел тәңірлердің ойылған суреттерімен безендірілген.

***

Хаттушашты аралау үшін Чорумға баратын болсаңыз, Чорум және Боғазкөй мұражайларында тарихи бір сапарға шықпастан бұрын Искилип ауданының тарихи көшелерін аралаңыз. Хет жолы бағытында жүріп, қарағай иісі аңқыған жайлауларда дем алмай, долма (ішіне күріш толтырылып пісірілген бұрыш) сияқты жергілікті тағамдардан татпай, Каргыбези (аймақтық матаның бір түрі), кілем сияқты тоқымалар сатып алмай қайтпаңыз.

Мысырдың күшті перғауындарының ең мықты қарсыластары, дәуірдің ең үлкен саяси және әскери күші, Хеттердің бас қаласы Хаттушаш сізді күтуде.



Ұқсас жаңалықтар