Сүмела монастыры

Түркияның Шығыс Қаратеңіз аймағында Қаратаудың етегінде орналасқан керемет бір монастырь.

Сүмела монастыры
Сүмела монастыры
Сүмела монастыры

Сүмела монастыры

Сүмела монастыры… 1700 жылдық тарихы бар осы монастырь әлемнің ең ескі және ең маңызды тарихи монастырларының бірі.

Айтуға қарағанда Сүмела монастыры ІІІ-ғасырда яғни Византия кезеңінде Афиныдан келген екі христиан дін қызметкері тарапынан құрылған.

Жылдар өткен сайын маңызы да артқан, қамтамасыз етілген жаңа табыс көздерімен байытылған және әсіресе ХІІІ-ғасырда кеңейтіліп жаңа бөлмелер қосылған.

Шығыс Қаратеңіз жағалауының түрік егемендігіне өтуімен Османлы падишалары көптеген монастырь сияқты Сүмеланың да құқығын қорғаған, айырықша құқық берген.

18-ші ғасырда көптеген бөлімі жаңартылған, кейбір қабырғалары фрескалармен әшекейленген. ХІХ-ғасырда үлкен ғимараттардың қосылуымен монастырь керемет көрініске ие, бай және жарқын бір кезең бастан кешті. 1916 жылы басталған және 2 жылға созылған орыс басқыншылығы кезінде монастырь кепілдікке алынды. 1923 жылдан кейін толығымен босатылды.

***

Сүмела монастыры ғасырлар бойы маңызды бір діни орталық болып, дін қызметкері тәрбиелейтін бір оқу ордасы ретінде болмысын жалғастырды.

Сүмела монастырының басты бөлімдері Ана жартас шіркеуі, бірнеше шапель, асхана, студенттердің бөлмелері, мейманхана, кітапхана мен қасиетті су көзі болып табылады. Шіркеу мен оған қосылған шапельдің қабырғалары фрескаларға толы. Фрескалардың басты тақырыптары ретінде қасиетті кітапта жазылған қиссалардан алынған сахналар, Әзірет Иса пайғамбар мен Мариям Ананың өмірімен байланысты бейнелер салынған.

***

Халық арасында «Мариям Ана» деген атпен де аталған Сүмела монастыры Трабзон қаласына қарасты Мачка ауданында алқаптан шамамен 300 метр биіктікте орналасқан.

Монастырьда 2010 жылы Фенер понти патриархы басқарған бір ғибадат өткізілген болатын.

Христиандар тарапынан қасиетті деп есептелген Сүмела монастырын жыл сайын мыңдаған адам аралайды.

Жүздеген жылдың ізі бар Сүмела монастырын көру үшін аймаққа баратын болсаңыз, тағы сол қаланың ішіндегі табиғи сұлулықтарымен танымал Ұзынкөлді, Трабзон Аясофия мұражайын, Ататүріктің резиденциясын көруіңізді ұсынамыз.

Акчаабат котлетін, сары майда пісірілген алабалықтың, жүгері ұны мен аймақтық сырдан қуырылған құймақтың дәмін татпай қайтпаңыз...



Ұқсас жаңалықтар