Түркияның достық көпірлері-2

ТИКА не жұмыс істеуде? Бірінші бөлім.

Түркияның достық көпірлері-2

«Түркияның достық көпірлері» атты бағдарламамызда Юнус Эмре институты, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы, Түрік Қызыл жарты ай қоғамы және Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) сынды әлем бойынша көптеген елдер мен аймақтарда түрлі әлеуметтік және мәдени жобаларға қолтаңбасын басқан ұйымдарымыздан сөз қозғаймыз. Бірінші бөлімде ТИКА жөнінде қысқаша мағлұмат берген едік. Енді осы апта және алдымыздағы аптада болса, аталмыш ұйымның жұмыстарынан сөз қозғаймыз.

ТИКА не жұмыс істеуде? Бірінші бөлім.

Қор мәдениетінің бір тізбегі болған ТИКА әлемнің түкпір-түкпіріне жеткізілген жәрдемдер арқылы Түркияның адамгершілігін нақтылы іс-қимылдарымен  көрсетуде.

ТИКА Орталық Азиядан Балканға, Африкадан Латын Америкаға және Оңтүстік Азияға дейінгі кең байтақ географияда дамуға бағытталған экономика, әлеуметтік және мәдениет сынды көптеген салада жобалар жүзеге асырып, Түркияның тәжірибелерін достарымен бөлісуде.

ИКА осы таңға дейін шетелде 25 мыңға тарта даму жобалар жүзеге асырды. Сондай-ақ ауруханалар,  мектептер және жолдар сала отырып жүз мыңдаған адамның тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етті. ТИКА Түркияның шетелмен достық байланысының күшейтілуіне және қарым-қатынастарының жақсаруына да үлес қосты.

ТИКА-ның жүзеге асырылған жобаларының түрлері өте көп. Бұның ішінде білім беру, медицина, баспана, ана мен баланың денсаулығы, егін шаруашылығы,  мал шаруашылығы, қатынас және жұмыспен қамтамасыз ету сынды көптеген салалар қамтылуда. Барлық жобалардың негізінде бауырлас елдердің өз байлықтарын пайдалана алатын жүйеге және әлемдік деңгейге жетулеріне қолдау беру және ұзақ мерзімді әділетті ортақтыққа сүйенген ынтымақтастықты дамыту мақсаты бар.

Соңғы үш жылда, яғни 2015-2017 жылдары Балканнан Орталық Азияға, Орташығыстан Африкаға дейінгі ұланғайыр географияда 250-ге тарта ортақ мәдени және тарихи жәдігер ТИКА тарапынан реставрация етіліп, жұмысқа қосылды.

Сомали, Палестина, Судан, Пәкістан, Қырғызстан, Молдова және тағы басқа көптеген елде ТИКА тарапынан салынған ауруханаларда жүз мыңдаған адам емделіп жатыр.

      


Этикеттер: Сомали , Пәкістан , ТИКА

Ұқсас жаңалықтар