Түркияның достық көпірлері-1

ТИКА-ның шетелдегі офис саны күн сайын артуда.

Түркияның достық көпірлері-1
Түркияның жәрдем елшісі - ТИКА
Түркияның жәрдем елшісі - ТИКА

Түркияның жәрдем елшісі - ТИКА

 

«Түркияның достық көпірлері» атты бағдарламамызда Юнус Эмре институты, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы, Түрік Қызыл жарты ай қоғамы және Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) сынды әлем бойынша көптеген елдер мен аймақтарда түрлі әлеуметтік және мәдени жобаларға қолтаңбасын басқан ұйымдарымыздан сөз қозғаймыз. Осы аяда алдымен ТИКА жөнінде мағлұмат береміз. Одан кейінгі бағдарламамызда басқа ұйымдарды қысқаша таныстырып өтеміз.

ТИКА 1991 жылы Қырғиқабақ соғыстың аяқталуы және Кеңестер Одағының ыдырауымен Түркітілдес  Республикалары баста болып, еліміздің тарих және мәдени жақтан қою байланысы болған географиялармен ынтымақтастықты күшейту мақсатымен 1992 жылы құрылған еді.

1992-2002 жылдары аралығында шетелде 12 офисімен жиыны 2500 жобаны жүзеге асырған ТИКА Түркияның ұстанған белсенді және принципті сыртқы саясаты аясында жұмыс істеуде. ТИКА-ның шетелдегі офис саны күн сайын артуда. ТИКА--осы таңда 59 елге 61 бағдарлама координация офисі арқылы 170 елде жұмыс істеген жаһандық бір ұйым. Түркияның ТИКА арқылы дос елдерге бағытталған жұмыстарының негізінде бір бейбітшілік көкжиегін құру талпынысы бар.

ТИКА Түркия президенті құрметті Режеп Тайып Ердоғанның «Түркия қай жерде қайғы болса, сол жерде болады. Түркия әлемнің әр жеріне барып жәрдем береді» деген сөздерімен жасалған бағыт шеңберінде әр жылы тіпті көп аймақтарға және адамдарға қол ұшын беруде. ТИКА барған жерінде білім беруден медицинаға дейінгі барлық салада керемет жобаларды жүзеге асыруда.



Ұқсас жаңалықтар