Гөбеклитепе

Түркияда туризм 01

göbeklitepe 2.jpg
Гөбеклитепе
Гөбеклитепе

Гөбеклитепе

ЮНЕСКО Әлем мұра тізімінде Түркиядан 18 мұра орын алады. Осылардың бірі – Гөбеклитепе…

Гөбеклитепе археологиялық қазба алаңының тізімде орын алуының ең маңызды ерекшелігі – тарихта белгілі тұңғыш ең үлкен ғибадатхана болуы…  12000 жылдық тарихы бар осы наным орталығының маңыздылығы 1994 жылы басталған қазба жұмыстарымен ортаға шықты.

Гөбеклитепеде диаметрлері 30 метрге ұласқан дөңгелек құрылыстардың ортасында 2 дана «Т» әріпіне ұқсас биіктігі 5 метр әктастан салынған бағана орын алады. Аймақта жарыққа шығаруды күткен өзге ғибадатханалар да анықталды.

Осы орталықтың құрылысы және адамзаттың сол дәуірдегі тіршілігімен байланысты құпияларды ортаға шығару мақсатты қазба жұмыстары жалғасуда.

Гөбеклитепе 12000 жыл бойынша табиғи ортада қолсұғылмай сақталғандықтан, маңызды археологиялық мағлұматтарды ұсынуда. Неолит дәуірге тиесілі осы жәдігерлер адамзат тарихымен байланысты қазірге дейінгі қол жеткізілген мағлұматтарға қайтадан көз жүгіртуді қажетті қылады…

Гөбеклитепе Түркияның оңтүстік шығысындағы Шанлыурфа қаласының Өренджик ауылы маңында … Шанлыурфа қаласына әуе немесе құрлық жолымен ұласқан соң тағы 18 шақырымдай жол жүруді қажет қылады.

Пайғамбарлар қаласы деп аталған Шанлыурфаға барсаңыз, Балыклыгөлді көруіңізді, Қорғанға өрлеуіңізді, көптеген археологиялық жәдігер орын алған мұражайды аралап, Харран үйлерін тамашалауыңызды және тарихи Жабық базарда сауда жасауыңызды ұсынамыз.

Аймақтық дәмдердің басында келетін чикөфтеден (піспеген котлет) жеп,  «мырра» деп аталған арнайы кофені ішуді ұмытпаңыз!



Ұқсас жаңалықтар