Каража Ахмет Сұлтан

Анатолының дана - ғұламалары 52

Каража Ахмет Сұлтан

1200-1300 жылдар монғол әскері Түркістаннан Эгейге дейінгі елді-мекендерді күйреткен кезең болған. Үлкен қайғылар, хаос, кедейлік және өлім кең тараған тарихи бір кезең. Дегенмен жаңа бір үмітте бой көтере бастаған бір кезең болып табылады.

Өйткені кейде қайғылар үлкен қуаныштар әкеледі, күтпеген сәттерде бақыт теріске айналады. Тіршіліктің мұндай қызық құпиялары да кездеседі.

Монғол шапқыншылығы себепті Түркістаннан қоныс аударған тайпалардың Анатолыға жаңа бір тыныс әкелуі де осы тарихи құпиялардың бірі. Көш керуенінің құрамындағы Хорасан дәруіштері де терең пәлсапа мен білім түсінігіне ие тұлғалар еді. Әзірет Қожа Ахмед Ясауи сияқты даналардан разылық алған бұл дәруіштер ұлы бір мәдениеттің іргетасын қалады.

Бұл дәруіштердің бірі де күдіксіз стамбулдықтардың сүйіктісі Каража Ахмет Сұлтан болатын.

 

 «Мұхиттың болмысына зікір ету неге қажет!

Міне, саған мұхиттай терең Каражаахмет!»

 

Нежип Фазылдың осы өлең жолдарына арқау болған Каражаахмет атты мола баршаға мәлім. Аумағымен рухани болмысымызға қатты әсер етеді. Ақынның айтып отырғаны да осы болса керек.

Үскүдарда осы қабір орын алған аймаққа атын берген Каража Ахмет Сұлтанның көңіл әлеміміздегі әсері болса даусыз. Каража Ахмет Сұлтан Анатолының әрі қайта құрылуын, әрі білімін дамытуды мойындаған Хорасан дәруіштерінің бірі болып табылады. Аты Хажы Бекташ, Абдал Муса, Ахи Эвранмен бірдей құрметтеледі.

Каража Ахмет Сұлтан 14-ші ғасырдың ұлы дәруіштері арасында орын алады. Түркістаннан шығып келген тайпалар қатарында құт әкелген сан алуан даналардың бірі. Ұрым елі дәруіштері арасында даңқы шыққан. Өз дәуіріндегі тарихшыларға қарағанда өмір сүрген кезеңде елу мыңнан астам ізбасары болған..

Жанұясы жайлы онша мағлұмат жоқ. Дегенмен кейбіреулерге қарағанда Аджем елі яғни, бүгінгі Иран жерінде шахтарды тәрбиелеген бір отбасының мүшесі болған. Жастық шақта байлықтан да, биліктен де бастартып, жүрегінде жанған киелі махаббаттың ізіне түседі. Осы бағытта Әзірет Хажы Бекташ-ы Уәли оған жетекші болады.

Әзірет Хажы Бекташ-ы Уәлидің оған берген тапсырмасы «түзетушілік» екен. Бас қосқан жандардың рухани бақылауын, түзетуін жасау оның міндеті болатын.

Тағы Әзірет Хажы Бекташ-ы Уәли бір күні «Каража-жан сен Анатолыға бару керексің!» деген соң бар нәрсесін атажұртында тастап, Кіші Азияға қарай жолға аттанады. Міне махаббат деген осындай нәрсе, барлық мүлкін біратала тастағанда да үні шықпайды.

 

Қожа Ахмед Ясауидың сопылық мектебінде тәрбиеленген Әзірет Хажы Бекташ-ы Уәлидің сопылық мектебінде жақсылап піскен Хорасан дәруіштері Анатолыға келген кезде мықты мекемелер құраған. Кейде бір кооператив, кейде бір жәрдем қоғамы, кейде бір университет іспеттес құралған мектептер арқылы барлық аймақтарға ұласқан. Кезі келгенде егіншілік жасады, жол салды. Әрі материалды, әрі рухани тұрғыдан әртүрлі мәселеге жүгіріп отырды. Осы арқылы қоныс аударған тайпалардың Анатолымен бүтіндесуіне де үлес қосты.

Түзетуші Каража Ахметтің осы тұрғыдан негізгі қызметі, көңіл дәрігерлігі және рух емшілігі болатын. Ол алты ғасыр бұрын ақыл-есін жоғалтқан науқастарды емдейтін бір психолог еді. Қазіргі әдістерге өте ұқсас әдістер қолданып, психикалық ауруларға шипа беретін. Оларды музыкамен, шокпен емдеу, насихаттау және кезкелген бір нәрсемен шұғылдандыру арқылы емдейтін.

 

Оның емшілігі өлеңдерге де тақырып болған:

«Каража Ахмет ұлы дәруіш,

Ақыл-есін табады келгендер.

Сұлтан - Каража Ахмет Сұлтан,

Абыройлы, білімді адам»

 

Жазушы Незихе Араз да «Анатолы дәруіштері» атты классикалық шығармасында оның бұл қасиетін былай түсіндіреді:

«Каража Ахмет Сұлтан киелі құндылықтар үшін күрескен тұлға болуымен бірге, мықты бір емші болып табылады. Айтуға қарағанда көптеген науқасты өз дәуірінің ең мықты дәрігері ретінде емдеген, қолын қайсы аурудың үстіне қойса, сол сәт шипа тапқан. Өзінен кейін баласы мен немерелері бір емхана құрып, өздеріне келген науқастарды сол әдіспен емдеуді жалғастырған».

 

Айтуға қарағанда Әзірет Хажы Бекташ-ы Уәли дәруіштерінің әр қайсысын әртүрлі бағытқа жіберген. Мысалы Абдал Мусаны Бурса қаласына, Каража Ахметті Маниса қаласына жіберген. Осындағы мақсаты ақиқат жолдамасының жеті құрлық пен төрт климатта жариялануы болатын. Каража Ахметтің тұңғыш қызмет орны да осылайша Эгей  аймағы болған. Қысқа уақытта мектебін құрып, дәруіштерімен бірге іске кіріскен. Каража Ахметтің көңілдерге тыныштық берудегі қабілеті соншама халық арасында тез арада даңқы шыққан. Эгейдің ауылдарында өз қабілеті жеткенше көңілдерді аулауға тырысқан христиан дін өкілдері Каража Ахметке кездескен соң үмітсіздікке ұшырайды. Өйткені аты сияқты келбетті, қара торы бейнесімен көңілдерде махаббат алауын жағып, көргендерді өзіне тәнті еткен.

Дегенмен мұндай көңіл дәруіштері негізінде өздерін тек қана бір ауданда шектеп отырмайды. Солай болуға да тиісті. Өйткені Әзірет Хажы Бекташ-ы Уәли оған: «Каража-жан, орның бір жерде болса да, шырағың қырық жерде жансын» деген. Яғни қызметің жайылсын, ақиқат алауыңды барлық аймаққа тарат.

Ол да пірінің айтқанын орындаған, көңілдерде шырақ жағу қызметін батысқа қарай жылжытқан. Стамбул жеңісі алдында Үскүдар маңына келіп, осында бір мектеп ашқан. Дәруіштерімен бірге даңқы Стамбулда тарайтын болған:

«Дәруіштер киеді жағасыз киім

Мектеп, зиярат аралап,

Алдынғы қатарда жүр түзетуші ата,

Сұлтан - Каража Ахмет Сұлтан».

 

Каража Ахмет Сұлтан құрған мектептер медицина факультеті сияқты жұмыс істеген. Осы мекендер тек қана науқастар емделген орындар емес екен. Осыған қоса шәкірт тәрбиелейтін оқу мекемесі де болған. Каража Ахметтің шәкірттері ұстаздарының разылығын алған соң Анатолының әртүрлі аймақтарына барып, емші ретінде қызмет еткен.

Дәруіштігі, емшілігі және шәкірттерімен Каража Ахмет Анатолы мен Балканға қатты әсер еткен. Бүгінге дейін жалғасқан халықтың қызығушылығы соншама сегіз бөлек жерде оның мазары кездеседі. Халық қатты назар аударған бұл мазарларда дәл ол өмір сүрген кездегі сияқты қонақтар күтіліп, келушілерге ас таратылады. Көңіліне шипа іздегендер, Каража Ахметтің төңірегінен кетпейді.

Бәлкім осы ұлы дәруіштің Анатолыдағы жандарды түзетушілік қызметі рухани тұрғыдан әлі жалғасып жатқан шығар.

Бірліктің ұлыларына бағынғандар, бұл дүниеден көшіп кетсе де, оны жан көзімен көреді. Қателіктерін түзеп, міндетіне туралықпен қарайды.

Түркия үні радиосы ретінде 52 апталық бағдарламамызда Анатолы халқының рухани тіршілігінде кең орын алған дана – ғұламаларды сіздерге таныстырдық.



Ұқсас жаңалықтар