Жаһандық перспектива - 52

Проф. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

Жаһандық перспектива - 52

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп тағы бір рет Сириядан Америка әскерлерінің кететінін жариялады. Трамп тағы бір рет Американың тұрақты тәртібіне берілмейді деп сенгіміз келеді.  Өзі айтқандай Сириядағы Америка әскерлері аман-есен үйлеріне оралар.

Америка Құрама Штаттарының осындай шешімді неге қабылдағаны,  шыныменен кетіп кетпейтіні,  кеткен жағдайда аймақта басқаша болмыс көрсетіп көрсетпейтіні талас болып жатыр.  Израильдің қандай экспансиялық саясаттар жетілдіретіні,  империалистік арманынан айрыла алмаған Францияның Америка Құрама Штаттарының орнын алуға күшінің жетіп жетпейтіні,  Америка әскерінің кетуінің Иран,  Ресей, Сирияның ресми әкімшілігі,  Сауд және басқа да араб елдерінің саясаттарына қалай әсер ететіні секілді тақырыптар міндетті түрде қаралуы қажет.  Сонымен бірге мен осы мақаламда халықаралық медиада мәселенің көбіне күрдтерге байланысты берілген қалпына тоқталғым келеді.

Батыстағы кейбір медиа органдарында Америка Құрама Штаттарының кетуі АҚШ-тың әлемнің жандармериясы болуы және Сирияда күрдтердің жалғыз қалдырылғаны секілді тақырыптармен бірге берілуде.  Франция президенті Макронның «одақтастардың өздерімен бірге жұмыстанғандарға сенім беруі керектігі» жөніндегі сөзздері де осындай көзқарасты меңзейді.

АҚШ әлемнің жандармериясы ма?

Америка Құрама Штаттары әлемнің жандармериясы болуы керек пе? Жандармерия сөзі бәлкім орынды сөз болмауы мүмкін.  Бірақ Америка Құрама Штаттарын да қосқанда барлық елдер жаһандық әділет ізденісіне көмек беруі қажет.  Адам құқықтарын бұзушылық, өз қоғамына бағытталған топтық қырғындар, этникалық тазалықтар елдердің ішкі мәселесі деп есептелмеуі керек. Осы сөздер немесе себептерді жаһандық актерлер көбіне халықаралық килігулер,  әскери операциялар үшін құралға айналдырғанын да білеміз.  Бұл жағдай сонда да этникалық тазалыққа дейін баратын адам құқықтары бұзушылықтарының елдердің ішкі мәселесі ретінде қаралмайтыны шындығын өзгертпеуі қажет.

Күрдтер тағы бір рет опасыздыққа ұшырады ма?

Батыстағы кейбір медиа органдары өз қоғамдарын PKK және PYD террорлық ұйымдарының күрд азаматтардың өкілі екеніне бәлкім көндірген болуы мүмкін. Ал көндіре алмайтындары  - күрдтердің өздері.  Себебі күрдтер PKK және  PYD террорлық ұйымдарының ондаған жыл бойы ең көп өздеріне зиян келтіргенін күн сайын байқап біліп отыр.  Иә,  түрік сәбилер, әйелдер, жап-жас мұғалімдер,  полиция қызметкерлері,  түрік әскерлері шейіт болды.  Бірақ PKK ұйымы өлтірген 40 мыңнан астам адамның көбі – күрдтер.  Террорлық ұйым Марксист-Ленинистік авторитарлық идеологияға қарсы шыққан,  терроризмді бір әдіс ретінде қабылдамаған күрд азаматтарға өлімнен басқа альтернатива бермеді.

PKK  террорлық ұйымының Сириядағы жалғасы болып саналатын PYD ұйымының да істері бұдан өзгеше емес.  Өзі секілді ойламайтын күрд және араб азаматтарына бағыттап жасалған этникалық тазалықтардың ең жақын куәгерлері – тағы да күрдтер.  PKK және PYD террорынан қашқан күрдтердің паналайтын жері болса, осы ұйымдардың барлық жалғанына қарамастан,  тағы да Түркия.  Өкінішке орай батыстағы баспасөз органдарында Түркияны паналаған күрд әйел, балалар және оппозиционерлер туралы жаңалықтар жоқтың қасы.  Батыстың кейбір хабар таратушы органдарда өздеріне қарсы этникалық тазалық жасағандар партизан,  еркіндік қаһармандары секілді көрсетілсе де,  жазықсыз күрд халқы шындықты біледі.

Түркиядағы 4 миллион босқын кімдерден тұрады?

Бірнеше жүз сириялық босқын батыстық елдерге барғаннан кейін батыс демократияларының қаншалықты нео-нацизм және нео-фашизм қаупі астында екені,  осы қауіптің артып отырғаны байқалды.  Түркия өз жеріне паналатып отырған 4 миллион босқынмен батыстық демократиялар үшін «аралық аймақ» міндетін атқарып отыр. Ал батыс елдері террорлық ұйымдарды күрдтермен сәйкестендірсе,  осы 4 миллион адам кімдерден тұрады? Ішінде христиандар және түрікмендер де бар, әрине көбі сириялық арабтар мен күрдтер.  Осы шындық ап-анық болса да,  осы медиа орталықтары бұларды терроризмнен қашқандар деп бермейді,  ал PYD террорлық ұйымын күрдтердің өкілі қылып көрсетеді.

Батыста дұрыс  ойлау қабілеті қалмады ма?

«Шындық не болса да батыстық барлау қызметтері мен жаңалықтар арналары батыстық халықтарды PYD террорлық ұйымын күрдтердің өкілі деп көндірді.  Сіз босқа жазып отырсыз» деген кісілер болуы мүмкін. Ішінара сіз де орынды айтасыз.  Бірақ сонда да батысты да қосқанда барлық елдерде империализм емес,  құндылықтарға мән беретін әлемді іздейтін, дұрыс ойлау қабілетінен айрылып қалмаған адамдар да бар. Қысқа уақытта болмаса да,  ұзын мерзімде әлемге пішін беретін – осы дұрыс ойлайтын адамдардың ынталары.  Сондықтан олар шындықты білуі керек.  ДАИШ арабтардың,  Гитлер немістердің өкілі болмаса,  PYD ұйымы да күрдтердің өкілі емес. Ешбір елді, халықты террорлық ұйыммен байланыстыруға болмайды.  Бұл сол халыққа үлкен балағат болады.

Нәтижеде ортада қиянат немесе жарты жолда тастап кеткендік айтылатын болса, олар күрдтер емес. PKK, PYD, ДАИШ және Сирия әкімшілігінің қысымы астында езілген күрд халқы Америка Құрама Штаттары Сириядан кеткеніне неге мазасыздансын? Аймақтағы террорлық ұйымдарды әлсірететін барлық оқиғаға олар қуанады.  Сондықтан тастап кетілген күрдтер емес, атам заманнан қалған иедологияларын күштеп қабылдаттыруға тырысқан, бағынбағандарды өлтірген террорлық ұйымдар.



Ұқсас жаңалықтар