Сеид Баттал Гази

Анатолының дана - ғұламалары 50

Сеид Баттал Гази

Кезкелген халықтың тарихында аты жайлы аңыздар жазылған кейіпкерлер бар. Әртүрлі ерекшеліктерімен әндерге және хикаяларға тақырып болған бұл кейіпкерлер халықтарға қажетті уәжді қамтамасыз етеді және олар үшін бір үлгі белгісі болады.

Анатолы бұл тұрғыдан берекесі мол аймақтардың бірі болып табылады. Махаббатта да, біліктілікте де, жігіттікте де шыңдарға қанат қаққан батырларымыз бар.

Сеид Баттал Гази бұлардың ең танымалы болып табылады. Анатолы ислам дінін қабылған кезде роль атқарған алыптар қатарында ең басты тұлғалардың бірі саналады.

Дәруіштердің портреттері таныстырылған бағдарламамызда бүгін ауызша мәдениетімізде терең іздер қалдырған осы ұлы ардагер жайлы баяндаймыз.

Атының мағынасы «батыр және жігіт», 7-ші ғасырда дүниеге келгені болжалған Баттал Газидің шығу тегі толығымен білінбейді. Кейбіреулер оны византиялықтармен соғысқан бір араб қолбасшы екенін алға тартады. Кейбіреулер болса Умәйя әулетімен бірге жиһад еткен бір түрік жауынгері ретінде қабылдайды. Басқа бір көзқарасқа қарағанда ол византиялықтармен соғыста шәйіт болған Малатия қолбасшысы Хүсейин Газидің баласы болған.

Византия, ассириялық және араб жазбаша тарихында аты аталғанына қарағанда тек қана аңызға айналған бір тұлға болмаса керек. Оның сол дәуірдегі көптеген соғыста маңызды роль атқарғанын байқаймыз. Кейде Византия әкімшілігіне наразы Анатолы халқын ұйымдастырған бір басшы, кейде Стамбұлды қоршауға алған Умәйя әулеті армиясының батыр әскері ретінде тарих сахнасына шығады. Ақыры Мелик Газимен бірге қатысқан Акренийон соғысында да шәйіт болған.

Баттал Гази таныла бастаған алғашқы кезінен бастап ұлы бір жауынгер ретінде аңызға айналған. Бірнеше ғасырға жайылған Византия мен араб және кейінгісінде Византия – түрік соғыстары ол жайлы аңыздарды жандандырып таратқан. Әрі отан сүйіспеншілігі, әрі идеологиясы, әрі біліктілігімен  халыққа бағыт берген бір тұлға ретінде алға шығады. Жігіттігі, адалдығы және жұмсақ ұстанымы сияқты ерекшеліктерімен тек қана Анатолыда емес, арабтарда және кейбір христиан топтар ішінде де бір батырлық үлгісі ретінде еске алынып, даңқы ғасырлардан асып бүгінге дейін жеткен.

Өзі жайлы әңгімелер «Батталнаме» атты шығармада жинақталған бұл жігіт дәруіштің Эскишехир қаласына қарасты Сеидгази ауданындағы мавзолейіне бүгін де көптеген адам зиярат жасайды.

Баттал Гази сіздерге мұның алдында таныстырып отырған Анатолы даналары сияқты терең сопылық ойлары немесе көңілдерді қанаттандырған өлеңдері бар бір дәруіш емес. Оның халық ішіндегі әсерін ойшылдығымен түсіндіре алмаймыз.

Дегенмен Баттал Гази ортаға қойған мінезді Анатолы халқының сезімдеріне тілмаш ретінде көрсете аламыз. Олардың сырлары, үміттері, болашаққа деген армандары осы ұлы алыптың бойына сіңген. Осы себептен Анатолы білімі бір қала болса, кіріс есіктерінің біріне де Баттал Газидің атын жазу керек.

Мұны жақсы байқағандардың бірі де Әзірет Хажы Бекташ Вели болған. Сондай-ақ «Вилайетнаме» атты шығармада Әзірет Хажы Бекташ Велидің оның мавзолейіне зиярат жасағаны және «Ас-салам алейкум, әй, суымның бұлағы» деп сәлем бергені жазылған. Осында Әзірет Хажы Бекташ Велидің оны өз рухани бағытының аталарының бірі ретінде қабылдағаны байқалады. Олар бірдей гауһардың, бірдей өзектің тасымалдаушысы болып табылады.

Ал бұл гауһар не болмақ? Мыңдаған жыл бойы осы жерде бой көтерген барлық сұлулықтарға жан берген бұл өзек не болмақ? Әрине сүйіспеншілік, әрине махаббат. Хаққа және ол жаратқан халыққа деген сүйіспеншілік.

Қызығы Баттал Газидің өлімін түсіндірген әңгімеде тағы ауыспалы бір махаббат хикаясы бар. Бұған қарағанда бір қоршау кезінде Византия королін алып қашуға мәжбүр болған Баттал Гази оны бір қорғанға дейін қуады. Жасаған әрекеттерімен дұшпан әскерлерін қинайды және жеңіске өте жақындайды. Бір кезде қорғанның қабырғасына арқасын таянып сәл демалғысы келген алпыс жасар Баттал Гази сол жерде ұйықтап қалады. Дәл сол кезде алыстан ат үстінде бір топ адам жақындай бастаған. Аттарды байқаған және Баттал Газиге ғашық корольдің қызы оны ұйқысынан тұрғызу үшін бір тас лақтырады. Міне қорғанның үстінен лақтырған осы кішкентай тас ұйықтап жатқан Батталдың жүрегіне тиіп, оның қайтыс болуына себеп болады. Не деген үлкен палуандарды, мықты жауынгерлерді, айдаһар мен жануарды жеңген бұл ұлы батыр ғашықтыққа толы кішкентай бір тастан жеңіледі. Махаббатпен өмір сүріп, махаббатпен соғысқан бұл дәруіштердің дүниеге көз жұмуы да махаббаттың қолынан болады.

Анатолы халқы Баттал Газиді қатты құрметтеген және оны пайғамбарымыздың немересінің немересі ретінде таныған. Сондай-ақ Әзірет Мұхаммед Саллаллаһу аләйһи уә сәлләмнің ғұмырнамасы жазылған «сира» атты кітаптардың парақшаларының қиырына Баттал Газидің әңгімелері жазылған.

Баттал Гази бүгін Анатолының көптеген аймағында қатты құрметтеледі. Хикаяларынан басқа ол және серіктеріне тән екені алға тартылған қабірлер немесе ол басқан аяқ ізі бар орындарды халық қатты құрметтейді. Кейбіреулер үшін бұлар бос нанымдар сияқты естілуі мүмкін. Дегенмен қоғамдардың ортақ пікір және идеология бірлігін қамтамасыз етуде мұндай кейіпкерлер маңызды. Мысалы Баттал Гази ең қиын кездердің өзінде үміт артқан бір кейіпкер болып табылады. Батырлығы, жігіттігі, қамсыз болуды Анатолының генетикасына сіңірген бір тұлға.

Баттал Газиді түсіндірген хикаяларда көптеген керемет туралы айтылады. Мысалы отқа лақтырылса да күймейді. Дәулермен, жануарлармен күресіп оларды жеңеді. Немесе бір сәтте қашықтықтардан асады. Мұндай әңгімелер халықтың қиял ғаламында оған теңелген күшпен байланысты. Ең маңыздысы болса ортаға қойған тұрысы және мінездік ерекшелігі болып табылады.

Баттал Гази мүлікте көзі болмаған бір тұлға. Соғыстарда қолға түскен олжаға қол тигізбейді. Бар байлықты серіктері мен кедейлерге таратады. Бұл ұстанымы идеологиялардың барлық нәрседен маңызды екенін көрсетеді. Сондай-ақ көзі тоқ басшылығымен айналасындағыларға үлгі болады.

Баттал Гази сияқты ұлылардың тіршілік пәлсапасы рухани құндылықтар үшін күресу деген мағынаға келеді. Олардың өмірлерінің соғыс майдандарында немесе қорғандарда өткеніне қарамаңыз. Олар үшін нағыз соғыс көңіл майданында өз нәпсілерімен жүргізген соғыстары. Қап тауындағы жамандармен соғысқанын түсіндірген хикая символикалық тұрғыдан нәпсімізбен жүргізген соғысқа назар аударса керек. Немесе мыстан кемпірмен соғысқан хикаясы - негізінде жүрегіміздегі жамандыққа қарсы қылышын сермегені.

Ескірмейтін даналардың хикаяларына осы тұрғыдан қараған дұрыс шығар...



Ұқсас жаңалықтар