Үлкен жиырмалық елдері лидерлер саммитінде лидерлер бас қосты

Күн тәртібі-49

Үлкен жиырмалық елдері лидерлер саммитінде лидерлер бас қосты

 

Аргентинада ұйымдастырылған Үлкен жиырмалық елдері лидерлер саммитінде лидерлер бас қосты және жоғарғы деңгейдегі кездесулер болып өтті. Саммитте екі жақты кездесулер басты орын алды. Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы экономикалық соғыс, Стамбулдағы Сауд Арабиясының Бас консулдығында өлтірілген Джемал Кашыкчының қастандығымен тікелей байланысы болған Сауд Арабиясының тақ мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Селманның жағдайы маңызды тақырыптар болып табылады.

Сауд Арабиясының Стамбул Бас консулдығында жасалған Джемал Кашыкчы қастандығынан кейін Түркия органдарының мұқиятты қадағалуы және әлем бұқаралық қауымның қысымы нәтижесінде Сауд Арабиясы үкіметі қылмысты қабылдауға мәжбүр болды. Вашингтон пост газетінің тілшісі Джемал Кашыкчының өлтірілуімен айыпталған адамдардың Сауд Арабиясы соты тарапынан сотталу процесінің басталуына қарамастан өлім бұйрығын кімнің бергені тергелуде. Сауд Арабиясы тарапы қылмысты кейбір лауазым иелерінің үстіне жапса да, барлық назар Сауд Арабиясының тақ мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Селманның үстіне ауды. Мысалы АҚШ Орталық барлау ұйымы CİA жүргізген тергеуінде Мұхаммед бин Селманның қылмыстың артқы жағындағы кісі екені жөнінде шешімге барғаны баспасөздерде жарияланды.

Осы процестер жалғасқан кезде Сауд Арабиясының тақ мұрагер ханзадасы алдымен араб елдеріне барып, одан кейін Аргентинадағы Үлкен жиырмалық елдері лидерлер саммитіне қатысты. Араб әлеміндегі әмірлер және корольдармен кездескен Мұхаммед бин Селман ең соң демократиялық жүйемен басқарылған Туниске барды. Мұхаммед бин Селман Тунисте халық тарапынан протест етілді.

Тунис сапарынан кейін Үлкен жиырмалық елдері лидерлер саммитіне қатысқан Мұхаммед  бин Селман Аргентинада Сауд Арабиясы елшілігінде тұруды мақұл көрді. Аргентинада Джемал Кашыкчы қастандығына байланысты ханзаданы тергеуге шақыруы және Аргентина сотының шағымды қабылдауы назар аударды. Үлкен жиырмалық елдері лидерлері саммиті барысында көптеген әлем лидері ханзадамен бірдей көріністе орын алмауға тырысты. Мұхаммед бин Селман бірнеше лидермен ғана кездесе алды. Ханзада Мұхаммед бин Селман мен Франция президенті Эммануэль Макронның кездесуі баспасөздердің сындарына душар болды. Ресей президенті Владимир Путин Сауд Арабиясы тақ мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Селманмен жылы шырайлы түрде кездесті.

Үлкен жиырмалық елдері лидерлер саммиті аяқталғаннан кейін, Кашыкчы қастандығы және Мұхаммед бин Селман тақырыбында Америка Құрама Штаттарында маңызды бір жаңалық болды. АҚШ Орталық барлау ұйымы CİA кейбір алдыңғы қатардағы АҚШ Сенат депутаттарына Кашыкчы қастандығы жайлы арнайы брифинг берді. Баспасөзге жабық өткізілген брифингтен кейін мәлімдеме жасаған депутат Джонкер мен депутат Грахам Кашыкчы қастандығынан  Мұхаммед бин Селманның жауапты екені түйінінде ешқандай бір күдіктің болмағанын айтты. Сонымен қатар Түркия сотының жасаған соңғы шешімімен Мұхаммед бин Селманның ең жақын екі адамы жөнінде тұтқындау шешімінің жасалуы, Мұхаммед бин Селман үшін шеңбердің барған сайын таралғанын көрсетуде.

Үлкен жиырмалық елдері лидерлер саммитінің басқа маңызды бір тақырыбы болса Америка Құрама Штаттары және Қытай Халық Республикасы арасында жалғасқан экономикалық соғыс болды. Америка Құрама Штаттарының Қытаймен жасаған саудада үлкен бір импорт-экспорт теңсіздігінің болуы АҚШ әкімшілігін мазасыз еткен. Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп заңдық өзгерістің орнына Қытайға қарсы жаза беру  шешім жасаған еді. АҚШ президентінің жазасына тойтарыс ретінде Қытайдың да Америка бұйымдарына қарсы шара қолдануы екі ел арасындағы экономикалық соғысқа апарып соққан. Қарқынды өскен Қытай экономикасы Америка Құрама Штаттарының әлемдегі орнына қауіп төндірген. Осы тұрғыдан алғанда бұл оқиға өте маңызды. Әсіресе Америка фирмасының өндірісін Қытайға апаруы екі ел арасындағы бәсекені күшейткен еді.



Ұқсас жаңалықтар