Қандай тіл/сөйлем/тұғыр: митинг, оппозиция,  билік?

Проф. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

Қандай тіл/сөйлем/тұғыр: митинг, оппозиция,  билік?

Қазіргі жаһандану дәуірі өмірімізді барлық жағынан өзгертуде. Бұрын ұзын ғасырлар бойы өзгеретін нәрселер, бетбұрыстар қысқа уақытта жүзеге асатын болды.  Социолог Дэвид Харви бұл жағдайды «уақыт пен мекеннің сығылысуы» деп атайды. Бұл кезеңде оқиғалар,  қатынастар,  өзгерістер,  бетбұрыстар өте жылдам болады, адам баласының осы жылдамдықтан басы айналады. Алыс жерлер жақындай түседі, жақындар болса алыстай түседі. Алдына ала білінбейтін нәрселерді білуге болады, оңай білінетін нәрселер көбінесе белгісіз жағдайға айналады.  Ортега –и-Гассеттің айтқаны секілді «Өсіп келе жатқан өркениет - бұл жанып тұрған мәселе. Неғұрлым көп жетістік болса, олар соғұрлым қауіпті. Өмір күн сайын жақсырақ,  бірақ мұның бас тартылмас нәтижесі күрделірек және қиынырақ болады»

Мына тақырыпқа келіп тірелгім келеді. Бұрынғы кездерге қарағанда өте көп түрлі бірегейліктер,  мәдениеттер, органдармен бірге өмір сүруге мәжбүр болған жеке адамдардың, топтардың, мекемелердің, елдердің басқаларымен қандай тіл/сөйлем және тұғыр арқылы байланыс құратыны мәселесі. Себебі дәстүрлі қатынастардың жойылып кетуі,  өмірдің жан-жақты күрделене түсуі, бірегейліктердің бір жерде болуы белгісіздіктерді арттыруда. Бүгінгі таңда жаһандық деңгейде болып жатқан шеттетулер, жек көрушіліктердің бір себебі де осы белгісіздік жағдайы. Қолданылған тіл немесе тұғыр негізінде қалыпты кезеңдерде де маңызды.  Бірақ белгісіздік жағдайында басқаларына қолданылатын стиль,  тіл және тұғыр жеке, топтық, ұжымдық немесе мемлекеттер арасы қарым-қатынастардың пішінденуіне де өте ықпалды.  Қалыпты кезеңдерде немесе белгілі жағдайда толерантты қабылданатын көптеген қимыл белгісіздік жағдайында едәуір алаңдаушылық туғызуы мүмкін.

Жеке адамдар,  қоғамдар,  ұйымдар,  мемлекеттер ретінде төңірегіміздегілермен,  бізге ұқсайтындармен немесе бізден бөлек адамдармен қандай тіл және сөйлемде сөйлесуіміз керек? Бұл мәселенің жауабы кейде біз қабылдамайтын қимылдарды, сөздерді мағыналы қылу тұрғысынан да маңызды. Төменде осы проблемаға жеке адамдар тұрғысынан тоқталамын.  Бірақ перспектива қоғамдар,  ұйымдар,  мемлекеттер арасы қарым-қатынастар тұрғысынан да едәуір түсінікті.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста қандай тұғырда болу қажет? Оларға қарсы әрдайым реакциялық бір тіл/сөйлем қолданасыз ба? Әрдайым сыншыл көзқараспен «оппозиция» болып қаласыз ба? Әлде кім болса болсын көркейтуші, жақсартушы қатынас пішінін (билік тілін) қолданасыз ба?

Сөздерім арқылы не айтқым келгенін бір мысалмен түсіндіріп өтейін. Ислам елдерінен бұрынғы министрлер,  депутаттар,  қоғам өкілдері қатысқан бір жиналысқа шақырылған едім. Жиналыс бір қонақүйде,  халыққа ашық емес,  жабық жиналыс болатын. Бірақ баяндамалар өте қызу болды. Әрбір баяндамашы мінберге шыққанда, «валлахи, таллахи» деген сөздермен араб тілінде сөйлеп тұрды,  залдағылар да орнында тұра алмай, ұран салып отырды.

 Сөз кезегі маған келген кезде төмендегі мағынаға келетін сөз сөйледім: «Иә, Ислам әлемінің өте ащы, өте күйдіретін проблемалары бар.  Бірақ бұл жабық жиналыс.  Осы проблемаларды салқын қандылықпен қолға алып,  шешім таба білуіміз керек». Сіздер де түсінген боларсыздар, алаулаған баяндамалар арасында сабырлы, тыныш болуға шақырған менің сөздерім әрине қошамент көрмеді.

Сонымен бірге осы жиналыс маған үш түрлі сөйлеу тілін, үш түрлі тұғыр пішінін көрсетті.

Бірінші тіл/сөйлем/тұғыр көше немесе митинг тілі мен тұғыры.  Көше тілі кейбір кезде қолданылуы керек өте ықпалды тіл.  Кейде митингтер,  шерулер,  наразылық акциялары мақсатына жетуі үшін ең ықпалды жолдардың бірі болады.  15 шілде күні болғаны секілді кейде басқа ешбір әдіспен беруге болмайтын бір үндеу немесе ұстаным тек көше тілімен жарыққа шығады. Көше тілі қажет кезде қолданылғанда ықпалды бір тіл болмақ.  Әрдайым көшеге шақырып,  митингте секілді сөз сөйлеу арқылы құрушы,  көркейтуші және түбегейлі қатынастар/ жүйелер құруға болмайды.  Өркениетті тереңдік, мәдени байлық қалыптаспайды. Мен айтқан жабық жиналыстың тілі митинг тілі болатын.

Екіншісі – оппозиция тілі.  Оппозиция тілі жүйе ішінде қалып,  бір нәрсе қалыптастыруды мақсат етпестен,  тек билікті, әкімшілік,  төңірегіміздегі басшыларды сынайтын бір тіл. Жолдастарымыз арасында, жұмыстастарымыз арасында әрдайым шағымданатындар,  бір шешім табудың орнына сын айтып жамандайтындар,  әрдайым қарсы шығатын саяси партиялар осы қатарда. Тек сынайтын көзқарастар мағынасыз сындардан қиратушы сындарға дейін созылады.  Ал сын бір шешім ұсынысымен бірге жасалса немесе  көркейтуші сын болса адамдарды да,  қоғамды да,  мекемелерді де алға жетелейді.

Үшінші тіл болса билік тілі. Құшақ ашатын,  көркейтетін бір тіл/сөйлем/тұғырды қамтиды.  Бұл тұғыр түрі тек саяси биліктер үшін ғана емес,  жеке азаматтар үшін де солай.  Кейбір адамдар кейде басқа адамдармен митинг немесе сын тілінен де бөлек билік тілімен қарым-қатынас құрады. Төңірегіндегі адамдарды,  қасындағы жолдастарын өз мақсатының немесе өз жолының бір бөлшегіне айналдыру үшін тырысады. Жастық жылдарында бәлкім реакциялық,  оппозициялық тіл қолдану табиғи нәрсе болуы мүмкін.  Себебі жастар жалынды болады. Бірақ есейген сайын немесе тұғыры биіктеген сайын сізден көбіне билік тілі/тұғырын қолдануды күтеді. «Тәж киген бас ауырлай түседі екен» деген сөздегі секілді.  Бір сәтке ойлап қараңызшы. Жасыңыз үлкен,  жұмыста,  қоғамда биік беделге ие болдыңыз делік. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста әлі митинг жүргізіп тұрғандайсыз немесе қорытындыға қосары жоқ оппозиция тұғырындасыз. Белгілі бір жасқа жетіп, беделге ие болған кісілерден салқын қанды, сабырлы, ауыр, проблемаларға байыппен қарауы күтіледі. Әрқашан көркейтуші тіл қолданған кісілер адамдарға, қоғамдарға,  ұйымдарға, мемлекеттерге үлес қосады.  Адам қатынастарында өзіңізге таңдаған тұғырыңыз сіз қолданған тілге де тікелей әсер етеді.

Осы аталған үш тіл тысында белгілі бір пайдасы үшін әрдайым алдындағы адамды мақұлдап, жағымпазданатын тіл бар,  ондай қатынас ешнәрсеге пайдалы болмағандықтан оны бір тіл/тұғыр деп қарамаған жөн.

Митинг және оппозиция тілімен салыстырғанда,  билік тіліне парасаттылық пен тәжірибе қажетті.  Билік тілін қолдану үшін де процес керек.  Оны жіберілген қателерден үйреніп,  сабақ шығару арқылы жетілдіруге болады.

Ал сіз күнделікті тұрмыста көбіне өзіңізді қай тұғырға қоясыз,  қай тілді қолданасыз?



Ұқсас жаңалықтар