Түрік ағынында жаңа саты

Түрік сыртқы саясатының бағдары 48

Түрік ағынында жаңа саты

Қазіргі кезде түрік сыртқы саясатының жаңа бағытын көрсеткен үш оқиғаға куә болудамыз.

Бұлардың біріншісі «Түрік ағыны» деп аталған Түркия-Ресей ортақтығымен салынып жатқан табиғи газ құбыр желісі құрылыс жұмыстарының алғашқы бөлімінің аяқталуына орай Стамбулда болып өткен рәсім; екіншісі – Түркия Республикасы Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның Вашингтонда АҚШ-тық әріптесі Помпеомен болып өткен  ауқымды кездесулер; үшіншісі болса Еуроодақтың жоғары лауазымдыларының Анкара сапары және түрік лауазымдылармен Түркия-Еуроодақ ынтымақтастығы тақырыпты байланыстары. Бірнеше күн арамен жүзеге асқан осы үш оқиға түрік сыртқы саясатының «көп тұсты» ерекшелігін көрсетеді. Түрік сыртқы саясатын актуальды бағытын Ресеймен қарым-қатынастарда «ілгерілеу», Еуроодақпен «қалпына келтіру» деп бағалауға болады.

Қысқа уақыт бұрын Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісі жобасының теңіз астынан өткен бөлімі аяқталды. Стамбулда болып өткен рәсімде Түрік ағыны жобасының теңіз астымен байланысатын бөлімнің соңғы құбыры Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған және Ресей Федерациясы президенті Владимир Путиннің қатысуымен суға түсірілді. Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісі жобасы – Түркияның жаңа халықаралық саясатының табысы мен жаңа бағытының хабаршысы.

Жобаның теңіз астындағы бөлімі Ресей жеріндегі Анападан бастап, Түркияның Фракия аймағындағы Кыйыкөйде аяқталды. Түрік ағыны арқылы Түркия одан арзан бағаға табиғи газды қамтамасыз етеді. Өйткені табиғи газ осы жоба мен транзит елдер арқылы емес, тікелей Түркияға келеді. Түркия қазір Украина, Молдова, Румыния, Болгария желісі арқылы жылына 14 миллиард текшеметр табиғи газ сатып алады. Осы жобамен енді Ресейден Қаратеңіз арқылы төселген тікелей желіні қолданатын болады. Осы жағдай транзит тарифтерін төлемейтін Түркияның одан арзан табиғи газ сатып алуын қамтамасыз етеді. Алдағы кезеңде Ресей-Украина немесе Ресей-Руминия-Болгария арасында шығуы ықтимал дағдарыстар Түркияға ықпал етпейтін болады. Түрік ағынының болжалған тасымалдау күші жылына 63 миллиард текшеметрді құрайды. Осы жобадан Түркияның жылына 14 миллиард текшеметр табиғи газ алуы және қалған 49 миллиард текшеметр газдың болса Түркия арқылы Еуропаға жеткізілуі жоспарлануда.

Қазіргі уақытта батыс елдерінің қос стандартты саясаттары Түркия мен Ресейді бір-бірімен ынтымақтастыққа итермелейді. Сондықтан халықаралық және аймақтық коньюнктура Түрік ағыны жобасы үшін ыңғайлы бір саяси ортаны құрайды. Түрік ағыны жобасы Түркияның табиғи газ сұраныс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, дегенмен жобаның энергия сұранысын түрлендіруге үлесі шектеулі. Түркияның энергияда импортқа деген бағыныштылығы %72 деңгейінде. Түркияның табиғи газда Ресейге бағыныштылығы болса жекеменшік салаға қоса % 42, ал жекеменшік саладан тыс % 29 төңірегінде.

Түрік ағыны жобасы Түркияның жаһандық энергия сұранысы қауіпсіздігінде ойнауды жоспарлаған бір «hub» энергия орталығы мен транзит ел болу нысанасын жүзеге асыруға да үлес қосады. Түрік ағыны жобасымен Түркия Ресейден табиғи газ сатып алмайтын болады. Тек қана алған табиғи газдың желісін өзгертеді. Түрік ағынымен Еуропаға кіретін табиғи газдың Түркия жерінен өтуі Түркияның энергия орталығы болу бағытындағы стратегиясын қамтамасыз етеді. Ресей табиғи газының Түркия арқылы Еуропаға Түрік ағынымен жеткізілуі Түркия-Ресей ынтымақтастығын да тұрақты қылады. Осыған қоса Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастарында да энергия тақырыбы үстінен жаңа бір кезеңнің басталуын күтуге болады.

Түрік ағыны жобасы  – Ресейдің Түркияға деген сенімінің бір нәтижесі. Түрік ағыны энергия тасымалдауында жаңа бір бағыт болуы және екі ел арасындағы ынтымақтастыққа болымды ықпалы тұрғысынан маңызды. Сондай-ақ Түркияның алғашқы ядролық стансасы болған Аккую электр стансасының Ресейге тиесілі бір энергия фирмасы тарапынан салынуы да екі жақты ынтымақтастыққа жаңа бір бағыт беруде.

Соңғы кездері жаһандық көлемде маңызды энергия жобаларында орын алған hub/энергия орталығы болу тақырыбында да Түрік ағыны жобасымен маңызды бір сатыға өтті. Әрі Түрік ағыны, әрі ТАНАП (Транс-Анадолы табиғи газ құбыр желісі жобасы) және ТАП (Транс-Атлант құбыр желісі) жобаларымен Түркия энергия тарату тақырыбында бітімгер роль атқарады. Осылайша жаһандық энергия картасында стратегиялық бір тұғырға көшеді. Энергияның жаһандық саясаттағы және жаһандық экономикалық нарықтардағы маңызын білеміз. Түркияның hub/энергия орталығы болу бағытында басқан осы қадамдар Түркияның аймақтық бір актерден жаһандық бір актерге айналу кезеңінде маңызды бір роль ойнайды.

Жаһандық актер болу нысанасындағы Түркияның энергия базасына айналу талпынысын тек қана экономикалық жетістіктер тұрғысынан бағалай алмаймыз. Осы жағдай сондай-ақ саяси тұрғыдан Түркияның саяси күшеюі деген мағынаға келеді. Әрине бұлар жеткіліксіз. Аймақта жағрафиялық тұғыр мен күш ретінде энергия сауда орталығы/hub болатын ең ұтымды ел Түркия. Бірақ Түркияның энергиялық көзқарасының шыңы ретінде hub/ энергия орталығы болу нысанасы үшін алдымен өз сұранысынан көп табиғи газ сұранысы мен түрлендіруіне қажеттілігі бар.

Түркия қазір орыс табиғи газы Мави (Көгілдір) ағын және Транс-Балкан құбыр желісінен қамтамасыз етуде. Түрік ағынымен Түркия резервін емес, бағыттарын түрлендіруде. Түркия болашақ энергия желілерінің өту бағытында одан белсенді саясаттар жүргізуге тиісті. Осы орайда тек қана бір көпір болып шектелмеуі керек.

Қорытып айтқанда, Түрік ағыны Түркияның ұлттық энергия стратегиясын күшейту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.



Ұқсас жаңалықтар