Беязыт-ы Уәли (Беязыт ІІ)

Анатолының дана - ғұламалары 48

Беязыт-ы Уәли (Беязыт ІІ)

Әрбір сұлтанның әлемге тараған бір даңқы болады. Кейбіреулері қолының күшімен, кейбіреулері болса кең жүрегімен есте қалады. Оларды «Фатих», «күшті», «тамаша»  деп атайды. Жаңа мемлекеттерді жеңіп алу арманымен үлкен табыстарға қол жеткізген сұлтандарға тарихшылар кең орын береді.

Дегенмен кейбір падишалар болса не даңқын шығару, не болмаса жеңіске жетуді армандамайды. Олар тек қана көңілдерді баурап алуға тырысады. Өз шайтандарымен күрескен бұл сұлтандарға «Уәли» яғни «дәруіш» делінеді.

Османлының белгілі дана падишасын, халық арасында «Беязыт-ы Уәли» деп танылған ІІ.Беязытты таныстырамыз.

Беязыт-ы Уәли – Фатих Сұлтан Мехметтің ең үлкен баласы. 7 жасар кезінде-ақ ханзадалар тәрбиеленген Амасия қаласына тағайындалады, осында өз кезеңінің алдынғы қатарлы ғалымдары тарапынан тәрбиеленеді. Сондай-ақ «Джемал-ы Халвети» жамағатының белгілі шейхулисламдарының бірі Әбусууд Эфендидің әкесі Мухйиддин-и Искилиби және Абдуррахим Мерзифони сияқты көңіл дәруіштерінің сұхбаттарына қатысады.

Әрі діни, әрі дүнияуи ғылымдарда қол жеткізіле алатын ең мықты білімді алған жас сұлтан жастық шағынан бастап, мінез-құлқымен айналасында қатты құрметтелген. Араб тілін, парсы тілін, ұйғыр тілін және сондай-ақ италиян тілін жетік білген. Әкесі қатысқан Отлукбели соғысында армияның оң қанатына жүргізген қолбасшылығы арқылы жақсы әскер ретінде тәрбиеленгені де байқалады.

II. Беязыт Фатихтың өлімінің артынан таққа отырған және тарихшылардың айтуынша отыз жылдан астам елді үлкен парасаттылығымен басқарған. Бір жақтан ақын, көркем жазу өнері ұстасы және музыкант болса, басқа жағынан ғалым мен өнерпаздардың қамқоршысы болған. Оның кезеңінде атқарылған жұмыстар кейін Османлының жаһандық бір мемлекет болу үшін қажетті негізді қалаған.

II. Беязыттың ең көп алға шыққан қасиеті - шынайы діншілдігі. Кішіпейіл және мейірімге толы мінез-құлқы себепті оны жақсы көріп, «Беязыт-ы Уәли» деп атаған. Халық арасында айтылған сансыз хикаясы бар және осылардың бары да хикметтерге толы.

Сұлтан Беязыттың бұл мінезі бүгінге жеткен үлкен шынайылыққа толы өлеңдеріне қарағанда анық түрде көрінеді. Шын көңілден жазылған бұл өлеңдер ұлы бір падишаға емес, тауда жалғыз өзі өмір сүріп, Алланың махаббатымен мәжнүн болған бір дәруішке тән сияқты:

«Аңсыздық ұйқысынан оянып мына ағаштың әсемдігіне қара,

Алланың күшіне оян мына гүлдің сұлулығына қара,

Бүкіл ағаш жасылға боялып, түрегелді

Таудың тыныштық сақтап қалай бас игеніне қара.»

Атақты Беязыт мешітінің ашылу рәсімі кезінде кімнің намаз оқытатыны белгісіз болған. Сұлтан өз аты берілген бұл мешіттегі тұңғыш намазды пайғамбардың сүндетін қалдырмай орындаған бір имамның оқуын талап етеді. Көпшілікке қарап: «Араңызда өмірі бойынша екінді мен құтпан намаздарының сүндеттерін тастамай оқыған бар ма? Бар болса келіп, намазды ол оқысын» дейді. Қалың жұрттың арасынан ешкім қол көтермеген екен. Кейін болса сұлтан «Аллаға шүкір, мен әрі соғыс майданында, әрі бейбіт кезеңде намазды еш тастаған емеспін» деп жамағатқа имамдық жасайды.

Сұлтан Беязыт үшін діни ғибадаттар әлем тіршілігіне берілмеу тұрғысынан аса маңызды болып табылатын. Әсіресе өзі сияқты үлкен бір мемлекетті басқарған бір тұлға өз нәпсінің қолында ойыншыққа айналуы да мүмкін. Дүнияуи қызықтар есінен тандырып, жүрегін тыңдауды ұмыттыруы да мүмкін. Міне, Сұлтан Беязыт өмір бойы бұл тұзаққа түсуден дәруіштігі, діншілдігі және ақындығымен өзін сақтаған. Және тіршілік пәлсапасын мына негізде жасады:

Ертең Хақтың құзырында қайғырмау үшін

Бұл дүниеде мол қайғыруға тырыс әй әділ дәруіш!

 

Көзім, сағынышпен сен күйеді екенсің,

Жүрек, бұл дертпен сен алданғансың,

Құл боғын келеме ол падишаға,

Дәруіш әйтеуір сен сұлтан екенсің!

 

ІІ.Беязыттың сыртқы әлемінде күн тәртібін толығымен мемлекеттік жұмыстар құрайтын. Ішкі және сыртқы мәселелермен күрескен падишаның уақыты болмайтын. Джем Сұлтан мәселесі, Сафави қаупі, Мемлүктермен келісімсіздік, Шахкулу көтерілісі сияқты мәселелермен күресетін. Осы себептен тарих кітаптарында беті әрқашан қайғылы бір падиша ретінде бейнеленген. Ең қуанышты оқиғалардың өзінде тек қана кішкене бір күлімсіреуін көрсететін.

Дегенмен Падишаның ішкі әлеміндегі күн тәртібі мүлдем басқаша еді. Ол жерде тек қана сүйіспеншілік пен киелі махаббат бар болатын. Өзімен «әйтеуір сен сұлтан екенсің» деп өзін мазақтаған Беязыт «нағыз сұлтан» болған Алланың алдында бас иеді. Одан мархабат пен жақындығын тілейді. Бәлкім жүзі күлімсірейтін жалғыз ғана кезі «Падиша» Алламен бірге өткен сәттері еді:

 

Әй құдай, құдайлық саған жарасар,

Ақыры тіленшілік те маған жарасар,

Өйткені сенсің халықтың баспанасы

Баршаның сенің есігіне келгені жарасар.

 

Ол падиша ғой сені тыңдайды,

Құлдық жасамағанға құлдық жарасар,

Сенің көңілің қайғырғаны үшін науқас

Оған зікірмен шипа табу жарасар

 

Әкесі Фатихтің артынан жеңіс сатысын көтеруі және әр уақытта соғысқа баруы күтілген Сұлтан Беязытқа кейде осы тұрғыдан кейбір сындар жасалды. Оны қимылсыз көргендер өз кезеңінің саяси шарттарын және Сұлтанның өзіне тән ұстаным әдісін лайықтап бағалай алмаған. Дегенмен әр падишаның бірдей болуын күту үлкен бір хақсыздық. Фатих Сұлтан Мехмет кемеңгер болатын және өз өлшемінде бағаландыру керек.

ІІ.Беязыт халқына деген жауапкершілік сезімін терең сезінген дәруіш іспеттес бір сұлтан еді. Анатолының дана-ғұламаларынан нәр алған.

Сұлтан Беязыт өзі де сөзі де бір адам болатын.



Ұқсас жаңалықтар