Ұлыбританияның Еуроодақ мүшелігінен шығу тақырыбы өте маңызды

Күн тәртібі-48

Ұлыбританияның Еуроодақ мүшелігінен шығу тақырыбы өте маңызды

 

2016 жылы маусым айында Ұлыбритания халқы елдерінің Еуроодақ мүшелігінен шығу процесіндегі шешімін референдум арқылы берді. Еуроодақ мүшелігінен шығу шешімі берілген соң Ұлыбритания үкіметі Еуроодақ және одақтың басқа 27 мүше елдерімен келіссөздер жүргізді. Бірқатар Ұлыбритания министрлерінің отставкаға кету процесінің аяғында Ұлыбритания мен Еуроодағы арасында 600 беттік бір шығу келісімі жасалды. 25 қараша күні тараптар қабылдаған келісім мәтіні 11 желтоқсанда Ұлыбритания парламенті тарапынан бекітуі керек еді. Ұлыбритания парламентінде көптеген депутат келісімді ұнатпағандарын және бекітпейтіндерін мәлімдеді. Сондай-ақ келісім көп санды депутаттардың даусын алуы керек болды.

Ұлыбританияның Еуроодақ мүшелігінен шыққанға дейінгі уақытта тараптар арасында келісімге қол қойып, парламент тарапынан бекітілмеген жағдайда Ұлыбритания Еуроодақ мүшелігінен жедел түрде шығатын болды. Осы жағдайды болдырмау үшін Тереза Мэй басқарған Ұлыбритания үкіметі мен Еуроодақ арасында ымыраласқан келісім мәтіні маңызды бір қадам болды. Еуропа Одағы мүше елдері Ұлыбританиядан айрылып қалғанына қайғырғандарын білдіргеніне қарамастан келісімнің жасалуының оңтайлы болғанынан сөз қозғады. Әсіресе Ұлыбританияның Еуроодақ мүшелігінен шығуынан кейін басқа елдердің де шығуларына тосқауыл жасау үшін Ұлыбританияның шартсыз түрде Еуропа Одағының жасаған мүмкіншілігінен пайдаланбауына көңіл бөлгені байқалуда.

Еуропа Одағы мүше елдері арасында «Брексит» келісіміне ұзақ уақыттан бері қарсы шыққан ел Испания еді. Испанияның Гибралтар  аймағының мәртебесі Испания үкіметінің вето қаупіне душар болған еді. Гибралтардың 1713 жылынан бері Ұлыбританияға қарасты болуына қарамастан Испания үкіметі Гибралтардың өздеріне тән екенін алға тартуда. «Брексит» келісімінің бабтары арасында шекарадан өтулердің белгіленуі Гибралтар түйінінде Испанияға ықпал жасады. Сондықтан Испания үкіметі наразылықтарын Еуропа Одағы өкілдеріне жеткізген және Гибралтар үшін қалаған кепілдіктерін алғаннан кейін вето құқығын қолдануынан бас тартқан еді.

Ұлыбританияның Еуроодақ мүшелігінен шығуымен құрлықтан құрылған бір басқа бір шекара болса Ирландия мен Солтүстік Ирландия арасында болып табылады. Екі аймақ арасында бір шекара қаламаған тараптар 2020 жылына дейін өтпелі кезеңнің іске қосылуына және Ирландия үшін арнайы  бір шешім табуға ұмтылды. Осы тұрғыдан алғанда Ұлыбритания өтпелі кезеңде Еуропа Одағының кеден одағында орын алады. Бірақ Еуропа Одағы ішінде сөз құқығы болмайды.

Ұлыбритания мен Еуропа Одағы арасындағы «Брексит» келісімі Ұлыбритания парламенті сынды үлкен ықтималмен кедергіге ұшырайтын болса да үлкен мәселе ретінде қаралмайды. Басқа бір үлгісі болмаған «Брексит» келісімі тек Ұлыбританияның Еуропа Одағымен емес, сонымен қатар басқа Еуропа Одағы ішінде орын алмаған елдер үшін үлгі болуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда Түркия және Балкан елдерін Еуропа Одағына мүшелік келіссөздері тұңғиыққа тірелген жағдайда Ұлыбритания мен Еуропа Одағы арасында жасалған келісім үлгі болып, түрлі бір одақтастық құрылуы мүмкін.

Енді бір жағынан Ұлыбританияның Еуроодақ мүшелігінен шығуы бірнеше георстратегиялық тұрғыдан ықпалға ие болады. Ресейдің Шығыс Еуропада Еуропа Одағына қарсы жүргізген ықпал алаңы күресуінде Ұлыбритания сынды маңызды бір елден айрылған Еуропа Одағы бұрынғысымен салыстырғанда әлсізденеді. Сонымен қатар Еуропа армиясы күн тәртіпке келген бір кезеңде Ұлыбритания сияқты Еуропаның ең күшті армиясына ие бір елдің Еуроодақ мүшелігінен шығуы Еуропа армиясы көзқарастары жайлы алаңдаулар мен күдіктерді  арттырады. Енді бір жағынан Еуроодақ мүшелігінен шығуымен қатар Еуропадағы күш теңдестігі және одақтастардың өзгеруі тілге тиек болуы мүмкін. Еуропа Одағы бір жағынан Ресей, Африка және Түркияға көрші болса, Ұлыбританияның Еуроодақ мүшелігінен шығуымен солтүстікте жаңа бір көршіге ие болады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар