Отандық ориентализм – 2

Проф. Кудрет Бүлбүлдің анализі

Отандық ориентализм – 2

Өткен аптадағы мақаламызда ориентализмнің пішін өзгерткенін,  бұрын батыстық зерттеушілер өз орнына барып жүргізген зерттеулерді батыстан тыс қоғамдардың азаматтарының батыс елдеріне барып, тікелей ұсыну тақырыбында талаптырақ екеніне тоқталған едік. Шетелден жиған-тергенін еліне жеткізсін деп жіберілгендердің елдерінің тәжірибесін елінің қаржысымен шетелге тасуларының,  елі үшін өзі барған елдің маманы болудың орнына барған елі үшін елінің маманы болудың қателігін талқылаған едік.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Қоғамына жат болған зиялылар

Елі үшін жасалмағандықтан еліне үлес қоспайтын зерттеулермен кері оралу әрине,  200 жылдан бері көптеген проблема шығаруда.

Осы жағдайда әсіресе шетелдерге жіберілгендер үшін жұмсалған қаражат, соншама қиындықпен бөлінген материалдық қор босқа кеткен болады. Бір үміт,  бір шешім үшін шетелге жіберілгендердің осы үмітке қызмет етпеуі елдердің дамуына кедергі болуда, шешімге байланысты үміттер әрдайым кейінге қалуда.

Батыстық елдер үшін жүргізілген зерттеулермен елге оралғанда,  сол елдің ең қабілетті азаматтарын батыстық елдер өздеріне бейімдеп алған болады. 

Түркия тұрғысынан қарағанда 200 жылдан бергі зиялылардың жат болуының негізгі себептерінің бірінің осы жағдай еместігін айта аламыз ба? Әсіресе даму жолындағы елдерден шетелге бару- үлкен артықшылық. Осы артықшылыққа ие болғандарға қайтарда үлкен үміт артылады.  Сондықтан өз қоғамына жат болып еліне оралғандардың жағымсыз әсері едәуір ауыр болады. Шамамен 100 жыл бұрынғы Осман мемлекетінің бас уәзірі, яғни қазіргі тілмен айтқанда премьер-министрі Саид Халим пашаның сөздерінен осы жағдайдың жаңа тақырып еместігін байқаймыз. Паша сол кезде батысты танымайтын және өз қоғамын танымайтын екі түрлі зиялы азаматтар туралы жазады. Солай айта келе осы екі түрлі зиялының қайсысының зияндырақ екенін сұрайды.  Оның ойынша екеуі де зиянды. Бірақ батысты танып,  өзін, өз қоғамын білмейтін зиялылар зияндырақ.

Көп уақыт бойы шетелде тұрғандар өз қоғамдарынан аулақ өмір сүргендіктен,  жек көрушілікпен, өркөкіректікпен қарайды. Ал қоғамдары болса осы уақыт ішінде көптеген жетістікке қол жеткізген болады. Шетелден оралғандардан күтілетіні қоғамдағы көптеген адам білетін кемшіліктерге менсінбей қарап, қорлау емес, олқылықтарды қайта-қайта айта беру емес, осы проблемалардың шешілуі үшін еліне оралу барысында не әкелгені,  қай тәжірибемен келгені. Барған жеріндегі оқу әдебиетін, теорияларды сол қалпында еліне әкелуі емес,  сын көзбен қарап,  бұларды тұжырымдау арқылы өз елінің жиынтығын, тәжірибесін жаңалауы күтіледі.

Мемлекеттік мекемелер атынан шетелдерде зерттеу жүргізгендер мен білім ошақтары үшін шетелде зерттеу жүргізгендер өз қоғамына жат болғанда,  ғалымдар болашақ буынға да әсер ететіндіктен одан да көп зияны тиеді.  Батыстық елдерде гуманитарлық ғылымдарда үйретілетін мәлімет,  теория, әдіс және индекстер әрине сол елдер үшін өте маңызды,  маңызы жоғары. Бұл мәліметтер кейбір елдер үшін ішінара сәйкес келуі мүмкін.  Бірақ ғалымдар, оқытушылар саясат білімі, социология,  экономика секілді гуманитарлық ғылымдарды толығымен батыстағы секілді оқытса,  өз елдеріне тамырсыздықты және тарихсыздықты да тасып әкелген болып есептеледі.  Себебі батыстың ғылым литературасында батыс қоғамынан басқа қоғамдардың мәліметі,  ойшылдарының теориялары мен көзқарастарына көбіне орын берілмейді.  Бұларға батыс елдерінен тысқы жердегі қоғамдардың оқытушыларының орын беруі,  өз тәжірибелерімен батыстық ғылыми зерттеулерге үлес қосулары күтіледі.  Осылай қылмағанда,  бір елдің тарихын, жиған-тергенін ешкім елеп ескермейді, олар жоқ деп есептеледі.

Проблемалардың қайнар көздері

Әрине,  өздері барған елдерде туған елдері үшін өте маңызды зерттеулер жүргізетін зерттеушілер де бар.  Оларды есептемесек,  проблеманың мынадай себептерден туындағанын айтуға болады:

Жолдаған елдің зерттеу тақырыбына байланысты бағыт көрсетуші,  жол сілтеуші ережелерді айқындамауы: мемлекеттік мекемелер тарапынан болсын,  университеттер тарапынан жолданған болсын,  шетелге жіберілгендерге мекемелер өздерінің шегін айқындап бермейді.  Кейбір жағдайда баратын елін де талапкерлер өздері таңдайды.

Талапкердің жеңілдікті таңдауы: Шетелге барғандар жалпы зерттеуге арқау болған немесе барған елінің тақырыптарын, жүргізілген зерттеулерді,  сол елдің тілін жетік білуі қажет.  Себебі осы тақырыптарда жұмыс істейтін шетелдік оқытушылар көп нәрсені біледі.  Бірақ өз елдеріне байланысты бір тақырыпты таңдаса,  өздерін көп қинауы қажет емес болады. Жеңіл жұмыс таңдау немесе қате бағыт берілгендіктен елдері үшін көп мәні жоқ, маңызды емес көптеген докторантура диссертациясына куә болдым. Австрияда бір студент Түркияның Еуропа Одағы саясатын,  Германияда бір студент болса Әділет және даму партиясын докторантурасына диссертация тақырыбы ретінде таңдағанын айтып,  артынан Түркияға оралғысы келетінін айтқан еді.  Мен де Түркияға шетелде оқыған азаматтардың көптеп керек екенін,  алайда Түркияда көшеде кездесетін бір азамат та жақсы білетін бір тақырыпты оқып келудің Түркияға қандай пайдасы тиетінін сұрадым. Осы тақырыптарды Еуропада зерттеудің еуропалықтар үшін өте пайдалы болатынын,  сондықтан болашақты Еуропада іздеудің жақсы болуы мүмкін екеніне тоқталған едім.  2017 жылы Америка Құрама Штаттарында мен көрген екі докторантура диссертациясының тақырыбы да осыған ұқсас еді: «Түркияда Исламшыл қозғалыстар», «Сопылықтың күрд қозғалысына әсері». Сол докторанттарды көндіре алмасам да,  былай деген едім: «Түркияға оралғанда осы тақырыптарда еліңізге қандай пайда қосуды жоспарлайсыңдар? Америка Құрама Штаттарындағы дін мен мемлекет қарым-қатынастарын, эвангелизмді зерттеп қарағанда,  оралғанда сіз таптырмас маман болар едіңіз»

Шетелдердегі империалистік көзқарастағы ғалымдардың студенттерге әсері: Кейбір жағдайларда осындай бағыт берулер де өте қатты әсер етеді.  Бірақ бұл әсерлер егер студенттер мен талапкерлер өзінің мақсатын жақсы біліп,  арманын іске асыру үшін көнбестік танытқанда кедергі болмайды. Докторантура оқуды мақсат еткен кезімде Ұлыбританиядағы бір университетте сынаққа кіргенімде,  Ұлыбритания жөнінде бір тақырыпта зерттеу жүргізгім келетінін айтқан едім.  «Бірінші рет оксидентист бір зерттеу ұсынысы келді» деп таңғалып қабылдаған еді. 

Әрине,  кейбір жағдайларда Түркия жөнінде зерттеу жүргізу қажет болуы мүмкін,  тіпті осындай тақырыптарға ынталандыру керек.  Көптеген елдің тарихына әсерін тигізген Осман мемлекетінің тарихын, мұрасын ғалымдар жақсы зерттеп,  әлемге лайықты түрде паш етсе, өте құнды еңбек болар еді. Осындай салалардан басқа Түркияға қатысты зерттеулерге жолдама берген мекемелер рұқсат беріп,  негізінде Түркия тысындағы тақырыптарда зерттеу жүргізу ынталандырылса,  200 жылдан бері келе жатқан проблемалар едәуір шешілер еді. Жолдама берген ұйымдар, университеттер зерттеушілеріне, оқытушыларына Түркия жөніндегі зерттеу емес, басқа тақырыптар берсе,  проблема шешілуіне бұл үлкен үлес қосар еді.

Әйтпесе шетелге жолдама алып кеткен зерттеушілерді ақын Сезаи Каракочтың «Ертегі» деген өлеңінде болған секілді батыс үшін жүргізілген зерттеулердің арасында жоғалтып алуды жалғастыра береміз...

 



Ұқсас жаңалықтар