Батыстық ғалымдар ориентализм туралы көп зерттеу жүргізді

Жиһандық перспектива-47

Батыстық ғалымдар ориентализм туралы көп зерттеу жүргізді

Батыстық ғалымдар ориентализм туралы көп зерттеу жүргізді. Батыстық зерттеушілердің Шығыс деп аталған Азия және ішінара Африка (негізінен Солтүстік Африка) елдерінің саясаты, әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, діні, этникалық жүйесі, этнологиясы және басқа саласына бағытталған жұмыстары "Ориентализм" деп  аталады. Сондай-ақ бұл түсінік Шығыстың образдарын  негізінде  қиялдан жасайды және бұл образдар әдетте Батысқа тиесілі жағымды образдарға қарама-қайшы сипатқа ие болып келеді.

"Ориентализм" түсінігі осы таңда мағынасын жоғалтқан жоқ. Бірақ едеуір түрі өзгертілді. Бұрынғымен салыстырғанда батыстық зерттеушілердің Шығыс аймақтарына өздері барып жасаған жұмыстары осы таңда бұрынғымен салыстырғанда оншалықты қажетті сезілмеуде. Өйткені шығыс елдерінің зерттеушілері осы жұмыстарды немесе білімдерді батыс елдеріне өздері барып ұсынуға өте ынталы.  

Енді 200 жылдық әңгімемізге тоқталайық. Батыс өркениеті алдында жеткілікті үстемдік көрсете алмаған Түркия және Жапония сынды елдер мөлшермен 200 жылдан бері батысқа зерттеуші, маман, студент, ғалым, қызметкер жіберуде. Осы таңда да Африка елдері, Балкан елдері, Орташығыс елдері, Қиыршығыс елдері, Латын Америка елдері, Қытай және Үндістан сынды елдер де осындай бір әдіс ұстануда. Осы елдерден тек қана университеттен ғана емес, негізінен барлық министрліктен және мемлекеттік органдадан білім, ғылым, мәдениет және  иба үйрену мақсатымен батыс елдеріне жіберілуде. Бұл елдер батыстың тәжірибелерін, ғылым мен технологияларын, басқару жүйелерін орнында көрсін деп адамдар жіберуде. Осы елдер өздерінің мүмкіншіліктері, қаражаттарының аздығы және барлық қиыншылықтарына қарамастан осыны істеуде. Ондай болса осы елдер мақсаттарына жете алды ма? 200 жылдан бері батысқа білім алу мақсатымен жіберілгендердің жағдайы бір-бірлеріне  ұқсамайды. Университет жылдарында «Жапондар батыстың ғалымы мен технологиясын алып, елдеріне қайтты. Ал бізден барғандар болса ақын болып оралды» деді бір мұғалім. Батысқа баруды, батыста жоғалып кетуді, 200 жылдық әңгімені Сезай Каракоч жеті баласы бар бір әкені арқау ете отырып жазған  «Аңыз» өлеңімен тамаша түсіндірді.

Батыс елдеріне барып жұмыс істеу. «Шетелдегі тәжірибелерді, ғылымдарды және іс басқару жүйесін алып, елге қайтып келіп үлес қоссын» деген мақсатпен батысқа жіберілген. Өкінішке орай батысқа жіберілген студенттердің, ғалымдардың, зерттеушілердің, мемлекеттік қызметкерлердің көп сандысы елдеріне қайта оралмауда. Енді  барған адамдардың жұмыс істеген саласы жөніне де қысқаша тоқталайық.

Батыс елдеріне барған көптеген зерттеушілер, мемлекет қызметкерлері, студенттер барған елдерге тән тақырыптар емес, көбінесе өз елдерінің тақырыптары жөнінде жұмыс істеуде. Мен батыс елдерінде жұмыс істеген немесе қайта оралған түрік мамандарымен кездескен кезде осы жағдайды көріп, бұған қатты қайғырамын.

Мемлекеті үшін батыс емес, батыс үшін Түркия маманы болу. Батысқа білім алу үшін барғандар әртүрлі себептен, көбінесе өз елдеріне тән тақырыптар жөнінде жұмыс істейді.  Осы жағдайда бұл елдер өз қорлары арқылы өз тәжірибелерін батысқа аударған болады. Барғандар батысқа тән бір тақырып жөнінде жұмыс істемейді, өз елдеріне тән тақырыпта жұмыс істейді. Өз елдеріне тән бір тақырыпта жұмыс істегендіктен батыстың елдеріне қажетті сезінген тақырыптарда маман болады. Түркияны мысалға алатын болсақ, Түркияның ақшасымен батыс елдеріне барып оқып, Түркия маманы болғандардың саны өте көп. Ал батыс елдері тақырыбындағы мамандарды табу өте қиын. Түркиямен байланысты осы мамандардың батыс радиолары, теледидарлары және журналдарында үнемі қыр көрсеткендерін байқаймыз.

Батыс елдеріне барғандар өз елдеріндегі адам құқықтарына қайшы әрекеттер, этникалық мәселелер, аз санды ұлт мәселесі, стратегиялық тақырыптар, діни қозғалыстар сынды тақырыптар жөнінде жұмыс істегенде батыс тарапынан жасалған жаңа ориентализм жұмыстарына қажеттілік сезінеді. Өйткені батыстық  зерттеушілердің тіл үйрену, қауымдар арасындағы айырмашылықтарды аңғара отырып, батыс тысындағы бір қауым жөнінде анализ жасауы ұзақ уақыт алады және оған көп қаржы кетеді. Алайда батыстық бір көзқарасқа ие болған, өз мемлекетінің ақшасымен батысқа барған, сондай-ақ батыстық теориялары және жүйесі арқылы еліне қарайтын бір зерттеушінің бірдей тақырыптағы жұмыстары тіпті оңай және тіпті арзан болады. Өз елдерінің ақшаларымен батысқа барған мамандарды батыс өздерінің қажетті болған салаларында пайдалану ақылдылық болып табылады.

Бұл қорытынды тек өз елдерінен туындауда ма? Бұл тақырыпты келер аптадағы бағдарламамызда түсіндіреміз.

        

 


Этикеттер: шығыс , Африка , Азия

Ұқсас жаңалықтар