Әзірет Саид Эмре (Молла Садеттин)

Анатолының дана - ғұламалары 47

Әзірет Саид Эмре (Молла Садеттин)

Анатолы сөзді күміске, үндемеуді алтынға теңеген бір аймақ.

Дегенмен күштің кілтін қолында ұстағандар білім мен сөзге де ие болған. Алайда сол дәуірде Анатолыда неліктен сөзге емес, үндемеуге одан көп баға берілген?

Өйткені Анатолы халқы мынаны жақсы біледі: Білім деген нәрсе көп сөзбен емес, дұрыс сөйлеумен келеді. Және тыңдау дегеніміз де сөйлеудің бір бөлшегі болса, даналыққа апаратын жол қажет кезде үндемей тыңдаудан өтеді.

Анатолы дәруіштері де осы жолда жүреді. Өйткені олар Алла болмыс арқылы өздерімен сөйлеседі деп ойлайды. Және оның құлы ретінде сөйлеуден гөрі көп тыңдауға мән береді. Тауларды, тастарды, аспанды, өзендерді, өсімдіктерді және адамдарды, көбіне жүректерін тыңдайды...

Міне киелі сөзді осындай арманмен тыңдап, ақыры пісіп жетіледі. Уақыты келіп піскен кезде де уағыз болып, өлең болып, хикмет болып сөйлейді.

Үнсіздіктің алтынға айналған жері, міне дәл осы жер.

Бүгін киелі шындықтарды өлеңдетіп айтқан бір дәруішті Әзірет Саид Эмрені таныстырамыз.

Әзірет Саид Эмре 14- ғасыр ақындарының бірі. Түрік тілін құламас мәңгі бір тілге айналдырған Юнус Эмренің ізбасары болып табылады. Дәл ол секілді тілді таза қолданады. Жазған өлеңдерімен исламдық ойдың және сопылық түсініктің халықтың ішінде тарауына әсер еткен тұлғалардың бірі.

Кейбіреулер Әзірет Саид Эмренің кейбір ескі кітаптарда аты аталған Молла Садеттин екенін алға тартады және осы ықтималдың дұрыс екені болжалады. Ол болса Әзірет Қажы Бекташ-ы Уәлидің шәкірті екені және оның «Макалат» атты шығармасын түрік тіліне аударғанын айтуға болады. Кейбір жазбаларда да Әзірет Саид Эмренің нағыз бір ғылым теңізі екені жазылған. Айтуға қарағанда туған жері Аксарайда жүздеген шәкіртті тәрбиелеп, діншіл бір медресе ұстазы болған. Дегенмен Әзірет Қажы Бекташ-ы Уәлимен танысқан соң ғылымына махаббатты да қосады және осылайша піседі. Кейінгі өмірінде де өлең жазып, хикметтер айтады.

Дүниеге көз жұмғаннан кейін де ұзақ және қараңғы ғасырлар басталған. Аты толығымен ұмытыла бастаған. Жақын бір кезеңде бір неміс зерттеушінің еңбегінде аты аталған соң қайта еске түсе бастаған.

Осы арқылы бүгінге дейін жеткен өлеңдері туралы жаңа жұмыстар жүргізіліп, бұл сопы ақын Анатолының көңіл тағында өз орынын қайта табады.

Әзірет Саид Эмре «піскен қазан» Қажы Бекташ-ы Уәли қазаны болып табылады. Шикілігін осы ұлы дәруіштің қасында тастаған. Оның қасында пісіп негізгі дүниесін тапқан. Оның «Малакат» кітабын жолма жол түрік тіліне көшірген де өзі. Сол себепті ойы белгілі, сөзі белгілі бір дана-ғұлама.

Қажы Бекташ-ы Уәлидің ізінен жүрген барлық жандылар алдымен топырақ сияқты болу керектігіне сенеді. Топырақ кішіпейілділіктің жұрты болып табылады. Аяқ астында езілсе де, үндемейді. Топырақ байға да, кедейге де жомарттық жасайды. Баршаға күші жеткенше қазыналарын ұсынады.

Өр көкірек емес, ешкімге бас көтермейді. Басын әрқашан кішіпейілділікпен алға иеді. Қарусыз болғаны себепті емес, қателеспейік! Тек қана өз орнын білгендіктен.

Айтуға қарағанда Әзірет Саид Эмре де жастық шағында ақылына қатты сенген біреу болған. Діни ғылымдарда баршадан асатынына сенген. Дегенмен айтуға қарағанда қашан Әзірет Қажы Бекташ-ы Уәлимен кездескен, сол кезде түсінген түк білмегенін. Барлығынан да көп нәрсе білген адам бар екенін ұққан. Осы себептен өз орнын білудің нағыз білім екенін үйренген.

 

Жанын махаббатқа арнап,

Өзі махаббатқа құл болмаса,

Нағыз махаббатты түсіндірмесе

Бұл Саид неге керек?

 

Бір дәруіш киелі махаббатқа берілген кезде көзі ешнәрсені көрмейтін болады. Өйткені махаббат сезімі ол үшін әлемнің жалғыз шындығына айналған. Самалдың үрлегені де, жапырақтың дірілі де махаббаттан...

Дәруіштердің әлемге тараған күшті сүйіспеншілік дірілдерін сезінгені соншама, басқаларға түсіндірмей қоймайды.  «Бұл түсінікке барша қол жеткізсін» деп қалайды. Міне осы себептен де олардың бәрі махаббаттың хатшысына айналады. Махаббатты жазады, сызып айтады:

 

Байлық пен кедейлік бір жерде,

Махаббат пен сүйіспеншілік бір жерде,

Әлем мен ақыр заман бір жерде,

Бұрыннан махаббаттың ішінде.

 

Махаббаттың сырын білмеген,

Өзін реттемеген

Махаббаттан есірмеген

Өмірі зұлымдық ішінде

 

Дәруіштерге қарағанда тіршіліктің сырына жалғыз киелі махаббатпен қол жеткізу мүмкін. Ғалам бір сүйіспеншілік сөзден және әр сүйіспеншілік сөз де бір ғаламнан тұрады. Замандас өмірде адамзат тіршіліктің бұл жай сырынан өте аулақ.

Сондықтан да сүйіспеншіліксіз, аяусыз, қараңғы бір шұңқырға айналды. Адам адамды бауырдай емес, қасқырдай көрген бір әлемде өмір сүреміз.

Әзірет Саид Эмре сияқты дәруіш ақындар бұл қауіпке қарсы адамзатты тайынбай, зерікпей киелі махаббатқа шақырады.

 

Бұл мәртебеге кім жетпек,

Аталмыш сөзді кім айтпақ,

Болмысын Хаққа бермек,

Барлық ғалам ішінде.

 

Қарап айтыңдар,

Айналып жағдайымызды,

Махаббат отқа түстік,

Рух, көңіл жана тұрып.

 

Ол не, нені жақсы көрейік,

Неліктен, нені сұрайық,

Қайдан, қайда барайық

Мас, тентек болдық.

 

Дәруіштер мас және көңілдері жеңіл болады. Оларға қараған, тыңдаған кезде тентектерді көресіз. Дегенмен махаббат әлемінде ешнәрсе көрінгеніндей емес. Сіз бейшара деп ойлағаныңыз бір дәруіш әлемдегі ең мықты адамы болуы мүмкін. Сөзіне қарап тентек дегеніңіз, өте ақылды шығады.

Махаббатты ақылмен өлшеу қателік. Әсіресе киелі махаббатты.

Дәруіштер киелі махаббат көңілде туғызған боранға қатты мән береді. Адамның жүрегіне жиналған қалың шаң қабатын тазалау үшін бұл қажетті. Дегенмен осы үшін де дәруіштердің сұхбатынан пайдаланған дұрыс.

Бұрынғы адамдар былай дейтін: «рухымызды қорғау үшін бұрынғының хикметті кітаптарынан ең болмағанда күніне бірнеше бет оқыңдар». Яғни ең кемінде 3-5 парақ. Осылайша ғасырлардан асқан олардың сұхбаттарына қатысу сәл де болса мүмкін.

Саид Эмре «Тынышталдырайық рухты, бұл дәруіш сұхбаты ғой» дегенде бәлкім де осыны айтқысы келген шығар.

Рухымыз үшін қауіпсіздік іздесек, дәруіштердің сұхбаты осы үшін таптырмас мүмкіндік. Өйткені өзімен бейбіт орта дәруіштердің мәртебесі...

 

Ішкі болмыспен табыстық,

Мәңгілікпен араластық,

Ажырадық тәннен қауыштық,

Саидке жан болғанмен.



Ұқсас жаңалықтар