Түрік ағыны

SETA (Саясат, экономика және әлеуметтік зерттеулер фонды)   зерттеушісі,  жазушы Джан Аджунның мақаласы

Түрік ағыны

Өткен аптада Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин мен ТР президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісінің теңізден өтетін бөлімі аяқталды. Стамбулда болған салтанатты рәсімде сөз сөйлеген басшылар екі ел арасындағы жетілген қарым-қатынастарды баса айтты.  Түрік ағыны жобасы Түркияның энергия орталығы болу жоспары аясында маңызды қадам болып саналады. Әзірбайжан газын Түркияға және алдағы уақытта Еуропаға айдауды жоспарлаған ТАНАП, Ирак мұнайын әлемге жеткізетін Джейхан желісімен бірге Түркия энергетика саясаты шеңберінде басқан қадамдарымен тұғырын нығайтуды және өз энергия мұқтаждығын да түрлендіруде.

***   

2004 жылдың желтоқсан айында Ресей президенті Владимир Путин тарапынан ұсынылған Түрік ағыны жобасы Ресейдің Анапа қаласынан басталып, 930 км бойы Қаратеңізден өтеді,  Стамбулдың батысындағы Кыйыкөйге жетеді. Президент Режеп Тайып Ердоған есімін қойған Түрік ағынының барлық ұзындығы 1100 км. Бірінші желі жылына 15,75 миллиард текше метр табиғи газ әлеуетімен Түркияның энергия мұқтаждығын қамдайды.  Екінші желі болса алдағы уақытта Еуропаға қарай созылады.  Осылайша барлығы 31,5 миллиард текше метр табиғи газ Түрік ағыны арқылы айдалады.

      Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков та кейбір елдердің Түрік ағынына қосылуды жоспарлағанын айтып,  табиғи газ құбыр желісінің 5 саладан 5 түрлі Еуропа еліне жететінін білдірді.  Мысалы Сербия Энергия министрі Антич те Түрік ағыны Сербияға келген жағдайда,  Еуропаның энергия қауіпсіздігін қамдайтынын атап көрсетті.  Антич «10-15 миллиард текше метр орыс газының Түркия арқылы Болгария,  Сербия, Венгрия және Австрияға жету ықтималы энергия қауіпсіздігінің жетілдірілуі тұрсынан мүмкіндік береді.  Аталмыш елдер Түрік ағынына қосылып,  газ транзитінен едәуір табыс табады» деді.

Басқа жағынан Түрік ағыны жобасының Түркиядан кейін қай маршрутпен Еуропаға жеткізілетіні әлі белгілі емес. Әсіресе Грекия және Болгария арасында бәсеке бар. Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас Түрік ағынының Грекия арқылы өтуін қалайтындарын атап көрсетіп, «Түрік ағынының Грекиядан өтуі үшін Брюссельде белсенді жұмыс атқарудамыз» деді.

Түрік ағыны Түркияны энергия орталығы қылады.  Сонымен қатар Ресейдің Балқан елдеріне тікелей табиғи газ экспорттауын қамдайды.  Жақын уақытта екі ел арасындағы қатынастар көптеген салада қайта жаңғырды.  Президент Режеп Тайып Ердоған артып отырған экономикалық ынтымақтастыққа назар аударып,  екі ел ретінде 100 миллиард долларлық сауда айналымына жетуді мақсат еткендерін білдірді.  Сонымен бірге орыс баспасөзі де Путин мен Ердоған арасындағы кездесу көптігіне назар аударып,  екі ел арасындағы қарым-қатынастардың нығайғанын атап көрсетті.

Түркия мен Ресей арасындағы байланыстар әсіресе энергия саясаты шеңберінде нығайса да,  екі жақты қарым-қатынастарда әлі маңызды проблемалар бар.  Ресейдің Қырымды аннексиялауы,  Украинада жалғасып жатқан соғыс,  Ресейдің Қырым татарларына деген қысымы мен Сириядағы екі бөлек ұстаным қарым-қатынастардағы шешілуі керек басты тақырыптар болып саналады.  Әсіресе Сирияда екі ел Астана процесі және Сочи келісіміне орай үйлесімді түрлі қозғалуға тырысса да,  кейбір басты көзқарастар мәселе шығарып отыр.

   



Ұқсас жаңалықтар