Түркия мен Қырғызстан қарым-қатынастары

Түрік сыртқы саясатының бағдары 45

1085673
Түркия мен Қырғызстан қарым-қатынастары

Түркия 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қырғызстан Республикасының тәуелсіздігін таныған тұңғыш ел болды. Екі ел арасында 1992 жылы 29 қаңтар күні дипломатиялық ынтымақтастық құрылды. 1992 жылы Бішкек пен Анкара қалаларында өзара өкілетті елшіліктер ашылды.

Түркия мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастар қазіргі таңда стратегиялық ынтымақтастық деңгейінде. Екі ел арасында  (саяси, экономикалық/сауда, әскери, мәдениет/оқу, денсаулық және қатынас салаларынан бастап) көп тұсты ынтымақтастық бар. Осы ынтымақтастықтар 200-ден астам келісім мен хаттамадан тұратын ауқымды бір заңдылық аясында жүргізілуде.

Екі ел президенттері тарапынан 1997 жылы «Мәңгі достық пен ынтымақтастық келісіміне» қол қойылды. 1999 жылы «Түркия және Қырғызстан: 21 ғасырға бірге жүреді» декларациясын жариялады. 2011 жылы «Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі құру жөніндегі ортақ мәлімдемеге» қол қойылды. Осы құжаттар бүгін екі ел арасында стратегиялық ортақтықтың іргетас құжаттары болып табылады. Екі ел арасында қазірге дейін әсіресе президенттер деңгейінде көптеген жоғары деңгейлі іс-сапар жүзеге асты.

Түркияның Қырғызстанда маңызды жобалары бар. Қысқа уақыт бұрын іске қосылған, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) тарапынан Бішкекте салынған Қырғыз-түрік достық ауруханасы осылардың біреуі. Осы аяда Түркия-Қырғызстан арасында Қырғызстаннан 100 науқасқа тегін медициналық жәрдемді қамтамасыз ететін бір келісім бекітілді. Осылайша Қырғызстандық науқастар жыл сайын Түркияның көптеген денсаулық мекемелерінде емделе алады.

Манас атындағы Қырғыз-Түрік Университеті деп аталатын ортақ бір жоғары оқу орны бар. Университет екі ел арасындағы жақын ынтымақтастықтың керемет үлгісі. Манас Университеті – Қырғызстанда операциялық орталығы болған жалғыз университет болып табылады. Жыл сайын осы университеттің қажеттіліктері үшін студенттерге сапалы түрде білім беру мақсатты шамамен 25 миллион долларлық бюджет бөлінеді. Осыған қосымша ретінде Түркия үкіметінің әртүрлі грант бағдарламалары аясында қырғыз студенттер Түркияның әртүрлі университеттерінде бакалавр мен магистратураны тегін пайдалану мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ ТИКА тарапынан Қырғызстанда әртүрлі салаларда жобалар жалғасуда. Түркияның Қырғызстанға сыйлығы ретінде Бішкек Орталық мешіті Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысқан рәсіммен қысқа уақыт бұрын ашылды.

Қазір Түркия мен Қырғызстан арасында сауда көлемі 400 миллион доллар төңірегінде Алайда бұл дерек екі елдің негізгі күшін көрсетпейді. Алдағы кезеңгі мақсат - нысананы 1 миллиард долларға жеткізу. Соңғы бір жылдың ішінде екі ел арасындағы сауда көлемі 26,7 пайыз мөлшерінде артты. Екі ел болса сауда мен инвестиция салаларында ынтымақтастықты жетілдіруге аса мән беруде.

2017 жылы 15 қазан күні болып өткен президенттің сайлауда жеңіске жеткен Қырғызстанның соңғы президенті Сооронбай Жээнбеков әртүрлі баяндамаларында Түркиямен ынтымақтастықтың маңызына назар аударуда. Естеріңізде шығар, Қырғызстанда президенттік сайлауда жеңіске жеткен Жээнбеков сыртқы саясатта ұлттық мүдделерді қорғауды жалғастыратындарын атап: «Ресей Федерациясымен ынтымақтастығымызды күшейтеміз. Көрші Қытаймен ынтымақтастығымызды тереңдете түсеміз. Орталық Азиядағы көрші елдермен тарихи байланыстарымыз аясында ынтымақтастығымызды жетілдіреміз. Түркия және АҚШ-пен ынтымақтастығымызды да жетілдіреміз» деп бағытын жариялаған болатын.

Еуразия Экономикалық Одақ мүшелігімен бірге Ресейдің саяси және экономикалық орбитасына ауқымды түрде кірген Қырғызстан алдағы кезеңде геосаяси бағытын өзгертуге ниетті емес деп айтуға болады. Атазаңына енгізілген соңғы өзгерістерге орай елдің сыртқы саясатын белгілеу және сауда-қорғаныс салаларында бұрын басымдықтарды анықтау тақырыптарындағы президенттік жауапкершілік парламент тарапынан шектелуде. Осы жағдай Жээнбековтың бұрынғы президент Атамбаевтың алты жылдық кезеңінде қалыптастырылған сыртқы саясатты радикалды түрде өзгертуін қиындатады. Алайда Түркиямен қарым-қатынастар өткен кезеңмен салыстырғанда жақсарып жатыр деп айтуға болады.

Бүгінгі таңда Түркия мен Орталық Азиядағы түрік текті республикалар сыртқы саясаттарында ынтымақтастықты жетілдіреді. Осының негізгі себебі бір тілде сөйлеулері және ортақ мәдениетке ие болуы. Қырғызстандық ұлы түрік жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Осы өзгеріп отырған әлемде қасиетті заңдарға қарағанда бәрі нәрсе кетеді және өледі. Өлмейтін жалғыз нәрсе бар. Ол - мәдениет» деген болатын. Білікті жазушының осы сөздері негізінде парақтап жазатындай ақпаратқа толы. Әйтсе де ұлттарды көтерген ең маңызды күштердің бірі мәдениет болып табылады. Осы салада болса Түркия мен Қырғызстан арасында жылы қарым-қатынас бар. Екі жақты қарым-қатынастарда әр қашан мәдениет пен оқу салалары күн тәртіпті құрайды.

Түркия қазіргі таңда Орталық Азия аймағында демократиялық өзгерісті жүзеге асырған Қырғызстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне мән береді. Осы аяда саяси және мекемелік өзгеріс кезеңі басталғалы Қырғызстанға әр сатыда қолдау берілуде. Басқа жағынан Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) Қырғызстанда мықты бір құрылымы бар екені баршаға мәлім. Осы тұрғыдан екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан да жақсы деңгейге ұласуы үшін Қырғызстанның террормен күрес аясында FETÖ-ге қарсы тиісті заңдық шаралар қабылдап, қадамдарды басуы үлкен пайда әкелетін болады.



Ұқсас жаңалықтар