Әскери авиациялық фабрикалар

Түрік Харб-Иш кәсіподағының Оқу басқармасы директоры Таркан Зенгиннің мақаласы

Әскери авиациялық фабрикалар

                           Түркияда әскери жұмыс орындары, кеме өңдеу заводтары  және олардың қабілеттерімен қорғаныс өнеркәсібінде Түркия санаулы ел қатарына енді. Алайда маңызды табыстарға қол жеткізген әскери фабрикалар,  әскери кәсіпорындары, кеме өңдеу заводтары  және олардың қабілеттері бұқаралық қауым тарапынан білінбеуде. Кейде осы жұмыс орындарында ремонттары жасалған немесе өндірілген қорғаныс өнеркәсіп өнімдері басқа жерлерде өндірілгендей сияқты көрсетілуде. Әскери фабрикалар мемлекеттің ең маңызды кәсіпорындарының  басында орын алуда.  Жылдың ең озат жұмысшылары мен керемет жұмыстарs негізінен әскери орындардан шығады. Қорғаныс өнеркәсібінің дамуында және отандық болуында әскери қызметкерлер мен осы жерде істейтіндер осы сектордың көзге көрінбейтін қаһармандары болып табылады. Мемлекетіміздің терроризммен күресінде мемлекет іші және шекара тысындағы операцияларында әскери қызметкерлер, офицер, унтер-офицер және  жұмысшылар маңызды табыстарға қол жеткізуде.

                15 шілде опасыз төңкеріс әрекетінен кейін әскери жүйеде өзгерістер жасалды. Әскери жүйедегі өзгерістермен бірге әскери фабрикаларда да кейбір өзгерістер болды. Әскери жұмыстар Ұлттық Қорғаныс Министрлігіне қарасты әскери фабрикалар басқармасы мен кеме өңдеу зауыты басқармасы ретінде екі басқарма шаңырағы астында жиналды. Түркияда қазір әскери фабрикалар басқармасы тармағында жұмыс істейтін көптеген маңызды және табысты әскери жұмыс орындары бар. Осы мақалада Ескишехирде жұмыс істеген авиация саласында үлкен табысқа қол жеткізген Бірінші әуе ремонт фабрикасы басқармасынан сөз қозғаймыз. Бұдан кейінгі мақалада да басқа табысты жұмыстарды таныстыруды жалғастырамыз.

                Ұшақ жөндеу шеберханасынан I Авиациялық Күтімге

1926 жылы Ескишехир ұшақ жөндеу заводы  ретінде құрылған Бірінші әуе ремонт орталығы басқармасы бүгін 92 жасқа келді. Жұмыс орнында 1950 жылдарына дейін Әуе күштері инвентаризациясында орын алған ұшақтардың ремонттары жасалған. 1950 жылынан бастап әскери реактивті ұшақтарына ремонт жұмыстары жасалды. Өңдеу жұмыстары барысында 1970 жылына дейінгі мерзім ішінде F-84, F-86 және F-100 үлгідегі ұшақтар жөнделді. Әскери жұмыс орнында 1968 жылы алғашқы реактивті ұшақтардың  моторы жаңаланып, техникалық қабілеттері кеңейтілді.  1979 жылы F-4 ұшағымен басталған алғашқы кең көлемді ұшақ фабрикасының ремонт және жаңалау жұмыстары 1980 жылына дейін жалғасты. 1992 жылы болса алғашқы F110 моторына қосымша бөлшек қосты. 1997 жылы F-4 ұшақтарының модернизациясымен басталған ұшақ модернизация жобалары кейінгі жылдарда жүзеге асырылды. 2006 жылы басталған жұмыстар арқылы Түркияның алғашқы мотор тест жүйесі «ATILIM» қалыптасты. Бұл жұмыс орнында компьютерлік бағдарлама толықтай отандық мүмкіндіктермен дамытылды. 2016 жылы Ұлттық Қорғаныс Министрлігіне қарасты әскери фабрикалар басқармасына тиесілі болып, аты Бірінші әуе ремонт фабрика басқармасы деп өзгертілді.

                Фабрикада 77 ұшаққа ремонт жасалуда 

Осы таңда басым көпшілігі жұмысшылардан құралған 260-ы инженер , жиыны 2.300 қызметкерлердің арқасында жылына мөлшермен 77 ұшақтың жөнделуі осы фабрикада жасалуда. Осыған қоса  200 мотордың өңделуі, аталмыш ұшақ, мотор және қолдау жабдықтарына тән 6.000 түрлі бөлшектердің ремонты, 14.000 түрлі бөлшектің орналастырылуы және 4.700 түрлі жабдықтардың теңдестірілуі де осы жерде жүзеге асырылуда. Жұмыс орнында сонымен қатар  F-16 PO-III, T-38M Arı және  T-38 PC-III модернизациялары соңғы кезеңде жүзеге асырылған маңызды жобалар болып табылады. Қазір қару-жарақ жүйелерінің инженерлік жұмыстары , сондай-ақ техникалық басқару жауапкершілігі және ремонт пен өңдеу жұмыстары аясында технологиялық ремонт орталығы жұмыстары жалғасуда. Әскери фабрика Әуе күштері қолбасшылығының әрекет ықпалын логистикалық тұрғыдан қолдауды және дамытуды мақсат етуде. Қару-жарақ жүйелері арқылы жабдықтардың, техникалық басқару жауапкершілігін орындауда. Сонымен бірге ремонт, өңдеу, тест сынды жұмыстар істеліп, осы жұмыс орындар үшін қажетті бөлшектерді жасап шығаруда және сапасын жоғарлатуда. Мемлекеттік қаржыларымен құрылған орында жоғарғы технологиялық жабдықтар, көліктер және аспаптар бар. Жұмысшылардың көбі офицер, унтер-офицер және  қызметкерден құралуда.

                Еуропаның өңдеу және ремонт орталығы

Бірінші Әуе ремонт фабрика басқармасы аспанда технологиялық бәсекенің еселей артқан таңда өндіріс, өңдеу, ремонт, модернизация салаларында жұмыстарын әлем деңгейінде жалғастыруда. Жұмыс орнын өз мақсатын«Әуе күштері қолбасшылығының, аймақтың ең күшті авиация және ғарыш күші болуына үлес қосатын бір логистикалық орталық болу» деп белгілеген. Құрамындағы адам күші және мүмкіндіктері арқылы тек Түрік қарулы күштерінің ғана емес, сонымен қатар JSF ұшағы F135 моторының аймақтық ремонт орталығы болуымен Еуропа елдерінің де өңдеу және ремонт орталығы деңгейіне жету.

                Құрамындағы қабілетті қызметкерлері, тәжірибелері және  сапасы арқылы осы таңда болғандай болашақта та авиация секторына мемлекеттік жұмыс орны ретінде қызмет көрсетеді. Осылайша қорғаныс өнеркәсібіміздің отандық болуына маңызды үлес қосады.

                               



Ұқсас жаңалықтар