Әлем баспасөздері Джемал Кашыкчы оқиғасын қадағалап отыр

Күн тәртібі-43

Әлем баспасөздері Джемал Кашыкчы оқиғасын қадағалап отыр

 

2 қазан күні үйлену жұмыстары үшін қажетті құжаттарды жинау мақсатымен  Сауд Арабиясының Стамбулдағы Бас консулдығына кірген «Washington Post» газетінің сауд текті журналисті Джемал Кашыкчының қайтадан шықпағанына орай қалыңдығы Хатиже Женгиз осы оқиғаны түрік лауазым иелеріне білдірген еді. Осыған байланысты түрік қатысты органдары Кашыкчыны табу үшін кең көлемді іздеу және тінту жұмыстарын жүргізді.

Джемал Кашыкчы оқиғасы барша әлемге дереу тарап кетті. Әлем баспасөздері Джемал Кашыкчы оқиғасын қадағалап отырды. Түрік лауазым иелері арт артынан жаңа дәлелдерді баспасөзге жариялағаннан кейін Сауд Арабиясы әкімшілігі уақыт барысында Кашыкчыға не болғаны жайлы баяндамаларын өзгертуге мәжбүр болды. Алғашында Кашыкчының консулдықтан шыққанын білдірген Сауд Арабиясы үкіметі камера бейне таспалардың болмағанын айтып, Кашыкчының консулдықтан шыққаны жөніндегі бейне көріністерді жариялады. Стамбулға келген 15 адамдық топты террорист деп баяндаған Сауд Арабиясы әкімшілігі одан кейін оқиғаны қабылдап, 15 адаммен қоса консулдықта міндет атқарған 3 адамды Кашыкчы оқиғасына орай тұтқындады. Осы барыста Президент Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясы королы Селман бин Абдулазизбен телефон арқылы сөйлесті. Телефон әңгімелерінен кейін Сауд Арабиясы әкімшілігі Кашыкчының консулдықта болған төбелесте жаңсақтықпен өлтірілгенін алға тартты. Бірақ түрік лауазымдары Кашыкчымен байланысты тағы бір көріністер жариялады және басқа дәлелдер аясында Кашыкчы оқиғасының жоспарлы бір қастандық екенін білдірді.

Сауд Арабиясы ең баста оқиғаны мойындамады. Қалыңдығы Хатиже Женгиздің консулдық алдында Кашыкчыны күтуі, қауіпсіздік лауазым иелерінің бір мезгіл ескерту жасауы, одан кейін барлық барлау жұмыстарының нәтижесінде оқиғаға тән маңызды дәлелдердің жарыққа шығуымен бірге бұл процес басқа бір түйінге келді. Сауд Арабиясы әкімшілігі бірталай уақыт оқиғаны қабылдамады. Алайда Түркияның процесті ақылдылықпен басқаруы және оқиғаны әлем баспасөздерінде жариялауынан туындаған қысымның арқасында Сауд Арабиясы әкімшілігі тұғырын өзгерте бастады. Алғашында қабылдамаған оқиғаны  альтернатива сцерийлер арқылы  бұрмалауға тырысты. Олардың пайымдауларын Түркия мен әлем бұқаралық қауымдар қабылдаған жоқ. Президент Режеп Тайып Ердоған жасаған баяндамасында жарыққа шыққан дәлелдер арқылы қылмыстың тексерілгенін, сондай-ақ жоспарлы түрде жасалған қылмыс екенін паш етті. Стамбулдағы сауд лауазым иелерінің оқиғадан бұрын Эр-Риядға баруды жоспарлағаны, 15 адамдық топтың келгені, Ялова және Белград ормандарында тінту жұмыстарының жасалғаны жайлы маңызды дәлелдерді Түркия жарыққа шығарды. Түркияның ортаға қойған дәлелдері мен Сауд Арабиясы тарапының дәлел сценарийлері бір-біріне қарама қайшы. 

Сауд Арабиясы үстіндегі қысым артқан сайын сауд әкімшілігі маневрлер жасауда. Сауд тұрғысынан алғанда басты мәселе тақ мұрагері Ханзада Мұхаммед бин Селманды процестің тысында ұстау және жауапкершілік жүктемеу еді. Түркия да бұл жағдайды байқағандықтан Президент Режеп Тайып Ердоған жасаған баяндамасында король Селман мен Мұхаммед бин Селманды бөлек қолға алды. Сондай-ақ король Селманға Мұхаммед бин Селмансыз бір жол ашқан болды. Кашыкчы оқиғасынан бұрын да сауд қайнар көздерінің мәлімдемесіне қарағанда Мұхаммед бин Селман Джемал Кашыкчыны нысанаға алған. Одан бұрын да Кашыкчыны тұншықтырғысы келген. Сауд Барлау ұйымы төрағасы Ашири Джемал Кашыкчымен өткізген кездесуде оның еліне қайта оралуы үшін көндіруге тырысқан.

Түркияның процесті ақылды түрде басқаруының нәтижесінде Сауд Арабиясына халықаралық деңгейде бір қысым жасалуда. Америка Құрама Штаттарында Ақүй әсіресе Мұхаммед бин Селманды оқиғаның сыртында ұстауға тырысқан кезде, Америка Сенатының тұғыры және Түркияның қолындағы әлі жарияланбаған дәлелдері Мұхаммед бин Селманның шеңберін тарылтуда. Түркияның Кашыкчы оқиғасында король Селманды бір жақта ұстаған тұғыры Ақүйде де күн тәртіпке әкелінуі, сондай-ақ  Мұхаммед бин Селманның кетуінің АҚШ Президенті Дональд Трамп тарапынан тілге тиек етілуі Мұхаммед бин Селманның шеңберінің қаншама тарылғанын көрсетуде.

Алдымыздағы процесте Түркияның жаңа дәлелдер тауып, қолындағы дәлелдерді жариялайтын болса, онда Сауд Арабиясының тақ мұрагері Ханзада Мұхаммед бин Селманның жағдайы қиын болады. Мұндай жағдайда Мұхаммед бин Селман әкесі король Селман және шетелдік қолдаушыларының қолдауынан да айрылуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар