Бархам Салих Ирак президенті болып сайланды

Күн тәртібі-41

Бархам Салих Ирак президенті болып сайланды

 

Мөлшермен 6 миллион халқы бар Ирак күрд аймақтық әкімшілігінде 3 миллионнан астам тіркеулі сайлаушы 30 қыркүйек жексенбі күні жалпы халыттық сайлау үшін сандыққа жүгінді. Депутаттық сайлауда қатысу деңгейінің  57 пайыз шамасында болғаны жарияланды. Сайлау процесінің жалпы алғанда бейбітшілік және тыныштық ішінде өтуіне қарамастан, кейбір аймақтарда қарулы адамдар және пешмерга күштері талас шығуына себеп болды.  Күрдістан отансүйгіштер одағы мен Күрдістан демократиялық партиялары бір-бірін қулық жасады деген сылтаумен айыптаса, «Горран» және «Жасыл нәсіл» қозғалысы болса әсіресе Күрдістан отансүйгіштер одағын сайлауда қулық жасады пен айыптады. Жасалған барлық мәлімдемелерге қарамастан Ирак күрд аймақтық әкімшілігі сайлауы негізінен сәтті аяқталды. Түркия Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой бұл туралы «Ирак күрд аймақтық әкімшілігінде депутаттық сайлаудың бейбітшілік ішінде сәтті өткеніне ризамыз. Сайлау қорытындыларының Ирактың береке-бірлігі мен тұтастығының қорғалуы және мемлекетте тұрақтылықтың орнауы тұрғысынан қайырлы болуын тілейміз» деді.

Бейресми сайлау қорытындыларына қарағанда Күрдістан демократиялық партиясы үлкен табысқа қол жеткізіп, дауыстың 45 пайызын алса, Күрдістан отансүйгіштер одағы сайлауда жеңіліске ұшырап дауыстың 19 пайызын алды. Горан қозғалысы 12 пайыз, Жаңа нәсіл қозғалысы 8,3, Ислам партиялары 7 пайыз дауыс алса, Сердем одақтасы 1 пайыз дауысқа қол жеткізді.

Бейресми сайлау нәтижелеріне қарағанда үлкен табысқа қол жеткізген Күрдістан демократиялық партиясы сонымен қатар Күрдістан отансүйгіштер партиясын қақпайлап, басқа бір кішкене партиямен үкімет құру мүмкіндігін иеледі. Дауыс санағы жалғасқан кезде, Ирак парламентінде болса Президенттік сайлау жалғасуда еді. Ирак атазаңы бойынша күрдтерден сайланған президент үміткерлері Күрдістан демократиялық партиясы және Күрдістан отансүйгіштер одағының ортақ үміткер шығармауымен екі партия арасында бір бәсеке және дағдарысқа себеп болды.

Күрдістан демократиялық партиясының президенттік сайлауының үміткері Фуат Хүсейін, Күрдістан отансүйгіштер одағының президенттік сайлауының үміткері Бархам Салих болды. Ирак Мәжілісіндегі екінші тур сайлауға 329 депутаттың 272 депутаты қатысты. Күрдістан отансүйгіштер одағының президенттік сайлауының үміткері Бархам Салих 219 дауыс алып, Ирактың төртінші президенті болды. Күрдістан демократиялық партиясының президенттік сайлауының үміткері Фуат Хүсейін болса 22 дауыс қана алды. Президенттік сайлаудың бірінші турында 7 үміткердің ешқайсысы қажетті 220 дауысқа жете алмағандықтан сайлау екінші турға қалған еді. Президенттік сайлаудың бірінші турында Бархам Салих 165, Фуат Хүсейін 89 дауыс, ал тәуелсіз әйел саясатшы Сирве Абдулвахид болса 18 дауыс алды.

Президенттік сайлауда Күрдістан отансүйгіштер одағының президент үміткері Бархам Салихттің жеңіске қол жеткізуімен оның   Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің ішкі саясатында да ықпалды екенін көрсетуде. Мысалы бірдей күнде өткізілген сайлауда үлкен табысқа қол жеткізген Күрдістан демократиялық партиясы ішкі саясатта Күрдістан отансүйгіштер одағына қарсы тіпті күшті және қатал бір саясат ұстануы мүмкін.

Ирак күрд аймақтық әкімшілігіндегі сайлаудың нәтижесі Түркия мен Ирак күрд аймақтық әкімшілігі қарым-қатынастарына және Түркияның террормен күресуіне де ықпал жасайды. Ирак күрд аймақтық әкімшілігі тәуелсіздік референдумінен кейін Ирак орталық үкіметтің қатал жауабының салдарынан Киркук сынды орындардан айрылған еді. Осындай жағдайда Ирак күрд аймақтық әкімшілігі Түркиямен болған қарым-қатынастарын қалыпқа түсіргісі келуде. Әсіресе Күрдістан демократиялық партиясы экономикалық салада Түркиямен болған сауда байланысын қайтадан жандандырғысы келіді. Түркияның Күрдістан отансүйгіштер одағының бақылауындағы Сүлеймание әуежайына қарсы жүргізілген шаралардың жалғасуы--Түркияның Күрдістан отансүйгіштер одағына қарсы тұғырының маңызды бір дәлелі. Күрдістан демократиялық партиясының сайлауда үлкен табысқа қол жеткізуі Түркия мен Ирак күрд аймақтық әкімшілігі қарым-қатынастарына болымды ықпал жасайды.

Түркияның терроризммен күресі тұрғысынан алғанда Солтүстік Иракта жүргізілген әскери операциялар PKK-ның Солтүстік Ирак арқылы Түркияға өтуін тосуға тырысуда. Түркияның Солтүстік Иракта PKK-ға қарсы жүргізген күресі Күрдістан демократиялық партиясының сайлауда табысқа қол жеткізуімен тіпті де қиындауы мүмкін. Мысалы Күрдістан отансүйгіштер одағы мен PKK арасындағы қарым-қатынас тіпті жақсы болса, PKK мен Күрдістан демократиялық партиясы арасындағы қарым-қатынастар тіпті жаман. Түркия Ирак күрд аймақтық әкімшілігімен қарым-қатынастарды күшейткен кезде, Күрдістан демократиялық партиясынан PKK-ның Түркия үшін төндірген қауіп жөнінде нақтылы қадамдар талап етуі мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар