Түркия миллиондаған сириялыққа құшақ жайды

Джан Аджунның мақаласы

Түркия миллиондаған сириялыққа құшақ жайды

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі екі жақты кездесуден кейін баспасөз өкілдерінің алдына шықты. Екі лидер Идлибте қарудан тазаланған аймақ жөнінде келіскендерін атап көрсетті.  Сонымен қатар маңызды жиналыстан кейін Ресей Қорғаныс министрлігі «Идлибте операция жүргізілмейтінін» хабарлады.

      SETA  ( Саясат, Экономика және әлеуметтік фонды )  зерттеушісі,  жазушы Джан Аджунның мақаласын ұсынамыз.

Аталмыш келісім арқылы Түркия үлкен табысқа қол жеткізді.  Президент Режеп Тайып Ердоғанның табанды ұстанымы, соңғы кезде Идлиб проблемасын қолға алуы, мәлімдемелері мен Тегерандағы саммитте бітім үшін талпынысы жемісін берді. Соңғы күндері Түрік Қарулы күштері Идлибте өте маңызды әскери нығайту жұмыстарын жүргізді. Түркияның Идлибтегі 12 бақылау бекінісіне көптеген сауытты көлік,  танк және әскери жасақтар жеткізілді. Түркия қаншалықты табанды екенін Ресей, Иран мен Асад әкімшіліктеріне және шиіт партизандарына көрсетті.  Әрине бір жағынан жүргізілген дипломатиялық келіссөздер мен басқа жағынан алаңдағы әскери қадамдар өз жемісін бере бастады. Ресей Сочиде кері қадам басқан болды. Ресей, Иран және Асад әкімшілігі Идлибте ауқымды әскери операция жүзеге асырғысы келетін.  Осы операцияға бағытталған қысымдар көп болды.  Әсіресе Джиср Сугур және Солтүстік Хама аймағының бомбалануы және режим күштері мен Иран қолдау берген партизандардың майдан желісіне қару жинауы қысымды арттырған еді.

Сондықтан осындай әскери операцияның алды алынуы әрі Түркияның ұлттық қауіпсіздігі, әрі Сирияның болашағы үшін бейбітшілік үрдісінде өте маңызды.  Ең маңыздысы болса Түркияның ынтасымен 3 миллионнан астам жазықсыз халықтың өмірінің сақталып қалуы және ірі босқын көшінің алдын алу. Идлиб тақырыбындағы табыс үшін президент Режеп Тайып Ердоған, Түрік Қарулы күштері және Ұлттық Барлау қызметін құттықтау керек. Әлем елдері уайыммен қарап отырған бір аймақта гуманитарлық дағдарысты болдырмады.

Ресеймен Сочи қаласында келісілген келісім шеңберінде қалыптастырылатын қарудан тазаланған аймақтан екі жақты түрде радикал күштер мен ауыр қарулардың кетуін қамдау қажет. Осы аяда әрі Ресей, әрі Түркияға үлкен жауапкершілік түседі. Ресей өңірдегі шиіт сарбаздарын көндіруі керек.  Түркия болса Хейет Тахрир уш Шам секілді құрылымдардың болмысына шешім табуы қажет.

Түркия мен Ресей 15-20 километрде қарудан тазартылған аймақтың қалыптастырылуына кепілгер болса,  сонымен бірге үйлесімді түрде тәуелсіз барлау істерін де атқарады.  Түркия мен Ресей Астана үрдісі шеңберінде құрылған бақылау бекіністерін әскери жақтан нығайтады және қарусыздандырылған аймақ екі елдің ұшқышсыз ұшу аппараттарымен бақыланады.  Қарусыздандырылған аймақтардағы Сирия оппозициясының және Асад күштерінің бақылауға алған жерлері сақталады,  екі жақта да ауыр қарулар майдан желісінен шығарылады.

Келісім аясында сонымен бірге стратегиялық маңызы жоғары М4 және М5 автожолдары да бақылауға алынып,  сауда-экономикалық қатынастар үшін қайтадан ашылады.  Латакия мен Дамаскті Алеппо қаласына байланыстыратын М4 және М5 автожолдары Сирия экономикасы үшін өте маңызды.

Түркия мен Ресей арасындағы келісім сонымен бірге Түркияның терроризммен күресіне де жақсы әсер етеді. Себебі PKK/YPG террористтері Идлиб операциясын пайдаланып,  Африн арқылы Түркияға қысым көрсетуге дайындалған еді.  Келісім арқасында бұл қауіп те жойылды.  Айырықша Идлиб операциясының болмайтын болуы Түркияның PKK/YPG террорлық ұйымына қарсы қайтадан үлкен қадам басуына жол ашады.



Ұқсас жаңалықтар