Баба Юсуф Хакики

Анатолы дана-ғұламалары 38

Баба Юсуф Хакики

Анатолының ұлы ақындары Аллаға қол жайып, дұға қылған кезде дүние емес, ақындық қабілетін сұрайды.

Материалды тақырыптарға аса көңіл бөлген қазіргі адамдарға бұл қызық көрінуі мүмкін. Дегенмен бұрынғы адамдарға қарағанда әлемнің шикізатының махаббат екенін білу қажеттілік болып табылады.

Қазіргі заманда адамдар қатты назар аударған жеке адамды жетілдіретін кітаптарда неліктен тұрақты түрде «сүйіспеншілік» тақырыбына көңіл бөлінгенінің құпиясы да осында. Біліктіліктің оригиналдығы дәруіштердің хикметтерінде сақталған. Мысалы Анатолы дәруіштерінің жалғыз бір өлеңінің өзі бір кітапхананы толтырып тұрған кітаптардан да ауыр.

«Анатолының дана – ғұламаларында» сіздерге міне осы хикметтерді таныстыруға тырысамыз. Апта сайын жадымызда із қалдырған дәруіштердің бірін таныстырамыз.

Осы тарауда болса махаббаттың кітабын жазған бір дәруішті, Баба Юсуф Хакикиді танытамыз.

Әзірет Баба Юсуф Хакики 15-ғасырдың маңызды ғұламасы, ақыны және сопыларының бірі ретінде танымал. Өткен апта баяндалған Сомунжу Бабаның (Наубайшы ата), яғни Әзірет Хамид-и Велидің баласы.

Әдеттегідей алғашқы білімін әкесінен алады. Ол білім теңізінің алғашқы ғылым тамшыларын ішеді. Жастық шағында Эрдебил, Аксарай және Конияда медресе оқып, академиялық бір дисциплинаға ие болады. Юсуф Хакики әкесінен соң тағы ұлы бір көңіл ұстазы Әзірет Хажы Байрам Велидің шәкірті ретінде өзін жетілдіреді. Оның Анкарадағы сопылық мектебінде ғылымның, әдептіліктің және киелі махаббаттың дәмін алады.

Өмір сүрген дәуірде әсіресе қаламының күшімен назар аударады. Көптеген маңызды шығармалар жазады. «Мухаббетнаме» (Махаббаттың кітабы) және «Хакикинаме» (Ақиқаттың кітабы) осылар арасында ең танымалдары.

Оның кітаптары бір тіршілік біліктілігінің бұлағы іспеттес. Шығармалары сопылық әдептілік пен жолы, сүйіспеншіліктің маңызы және тіршілігінде адамға сырға болатын насихаттарды қамтиды.

Аксарайға жерленген Әзірет Баба Юсуф Хакикидің шығармалары осы күнде қайта қолға алынып, академиялық жұмыстарға ұйытқы болуда.

Әзірет Юсуф Хакики өмірін махаббатты түсінуге, түсіндіруге және кешуге арнаған бір сопы еді. Аты сияқты осы жолда ақиқатты бір тұлға болатын. Оның әлем түсінігі ішінде махаббатсыз ойлау мүмкін емес болатын.

«Махаббатнамаға» қарағанда, бүкіл әлем махаббат арқылы қозғалады...

Су топырақты сағынған кезде күннің күркіреуімен үн қатады, бұлттар да аспанның жер жүзіне жолдаған махаббат хаттары болып табылады. Күн, Ай және жұлдыздар болса, бір семазен сияқты ғаламшардың төңірегінде айналады. Әрине бәрі махаббаттың күшімен. Онсыз желдің өзі үрлейді деп ойламаңыз, шөлдер қашықтықтардан асады деп айтпаңыз.

Күн сайын таңғы уақытта Күн жерге жарық түсіретін болса, себебі махаббат екенін білеміз.

Жақсы сөз сөйлеу үшін тілімізде махаббатқа мұқтаж. Оны тапқан кезде болса бұлбұлдай сайрап бастайды. Буындап өлеңге айналады, ритм табады, ән шырқайды. Сүйкімді бір баладай күлкіден ішек-сілесі қатады.

Сөздің қысқасы Әзірет Баба Юсуф Хакикиге қарағанда тіршілік бір махаббаттық кезең болып табылады. Және бұл кезеңге берілмеген еш нәрсе жоқ. Осылай болса сыртта қалғандар да одан көп күтпеуге тиісті. «Жан дүние адамды, махаббат әлемі де махаббатты іздеп жатқанда» сандалып отырғаны несі? Хабарсыздықтан оянып, құмарлықты, жек көруді, дұшпандықты және тәртіпсіздікті бір жаққа тастап, махаббаттың қатарына қосылуға тиістіміз.

Міне сол кезде жүзіміздегі күлімсіреуде махаббат байқалады. Дәл әлем мен адамға деген қажеттілік болғандай. Бүкіл жаһан бізден бөлек емес, рухымыздың бір бөлшегі.

Әлемнің бізге қай жүзімен көрінетіні біздің оған қандай көзбен қарағанымызбен байланысты. Әзірет Баба Юсуф Хакикиге қарағанда біз осы әлемді жұмаққа да, зынданға да айналдыра аламыз. Көздің жарығы да, маңдайдың кірі де қыла аламыз.... Осылардың барлығы біз таңдаған құндылықтар және тіршілігімізді қандай құндылықтарға негіздегенімізбен байланысты.

Хакики осыны түсіндіру үшін пайғамбарымыздың жақын достарынан мысалдар келтіреді. Мысалы Әзірет Әбу Бекир Сыддыктың мықты адалдығы әлемді жақсартқан қылықтардың бірі емес пе? Шынында да адал болу әрі бізді, әрі айналамызды жақсартады.

Және Әзірет Өмер сияқты әділ болу. Бұл да адам үшін теңдесі жоқ бір құндылық. Келісімсіздіктерге, қарбаласқа толы бұл ғаламды әділетпен әшекейлеу керек емес пе?

Ал Әзірет Осман Зиннурейн сияқты нәзіктік! Бұл да тіршілігімізді жеңілдетпейді ме?

Ол сияқты сусындаған көңілдерге білім теңізінен шелектей су апару әлемдегі дөрекілікті жоймайды ма?

Және әрине Әзірет Али Керем Аллаху Вежһедей әрі жігіт, әрі ғалым болу. Залымдардың Хайбер Қақпасын бір рет жермен-жексен қылу көңілдерді жұбатпайды ма?

Міне, адам алдында тұрған осы үлгілерге қарап, өзіне бір жол таңдай алады. Білім шырақ боп осы жолға жарық түсіреді. Дегенмен адамзат баласының бойсұнбауы да мүмкін. Қараңғыда жүру де бір таңдау ғой. Барша қандай бір әлемді қаласа да, толығымен өз қалауында және өз қолында.

Әзірет Юсуф Хакики Баба біздерге бағыт беру үшін махаббат өнерінде ұста болуды және ұстаздарынан алған әдістермен бұл өнердің нәзіктігін үйретеді.

Оған қарағанда, махаббат жолының басында Алланың нұрлы жүзі бар. Оның сұлулығы біздер үшін бір шабыт және мәңгілікті қайнар. Бұл қайнардан тойғанша ішу - әр жүректің жалғыз арманы. Дегенмен кейбірлері мұны байқап, кейбірлер байқаусыз қалады.

Мүмкіндігінше осыны достық орнатқан дұрыс. Өйткені олар махаббатқа ұста, өзіне әлемді емес, махаббатты дерт қылған адамдар.

Әйтпесе әлемді өзіне дерт қылған адам зиянды тұлға. Көзі дүниеден басқаны көрмеген адам Алланың нұрлы жүзінен аулақ жүреді. Көзінде ақиқат, жүзінде нұры болмайды.

Махаббат жолы ақиқатсыз ұстанымды қабылдамайды, қызғаншақтықты жақтырмайды. Тәкаппарлықтан қашып, бейхабар болудан аулақ жүреді. Бұл жаман қылықтардан алыстаған махаббат иелері де бір-бірін тура жолда кездестіреді.

Ол жерде барлық сөздер сүйіспеншілікпен айтылады, жүректерге жарық түседі. Махаббат көңілдерін де, жүздерін де Ай сияқты жарқыратады.

Махаббат көздегі перделерді алып тастайды, әлем қалай болса, саған дәл солай танытады. Не кем, не де артық емес. Сол кезде әлемдегі барлық нәрсенің махаббат екенін көресің, басқаның бос әңгіме болғанын түсінесің.



Ұқсас жаңалықтар