Күн тәртібі-38

Түрік Қарулы Күштері Идлибтегі шеп желісі бойынша 12 қадағалау пункттерін құрды.

Күн тәртібі-38

 

Ресей және Иранның қолдауымен Асад режимі Сирияның бірқатар аймағын әскери күш арқылы қайтадан билігі астына алды. Сирия әскери оппозиционерлері және аймақта өмір сүрген жай халық Хомус, Гута, Дерьа және басқа аймақтардан шығарылып, Идлибке апарылды. Идлибке апарылғаннан кейін Идлиб әрі әскери, әрі азаматтық оппозиционерлердің соңғы қорғанына айналуда. Соғыстан бұрын 700 мың халық санына ие Идлибте қазір 3 миллион халық өмір сүруде. Астана келіссөздері аясында жарияланған дағдарысты азайту аймақтары арасында орнын сақтаған аймақ-Идлиб. Астана келіссөздері аясында Түрік Қарулы Күштері Идлибтегі шеп желісі бойынша 12 қадағалау пункттерін құрды.

Идлибке жасалатын Ресей және Иран қолдауындағы әскери операция ұзақ уақыттан бері күн тәртіпте орын алуда. Болуы мүмкін әскери операция барысында Идлибке жаңа бір мигрант толқыны пайда болуы мүмкін. Мұндай болған жағдайда миллиондаған босқынның Түркияның шығысына қарай қашатыны баршаға аян. Түркияның әлем бойынша ең көп босқын қабылдаған ел болуы Түркияның жаңа бір босқын толқыны жүгін көтере алмайтынын анық көрсетті. Идлиб операциясы жарататын күйрету мен адамдық трагедия барша әлемді алаңдатуда. Сондықтан осы дағдарысты тосу үшін Түркия қатты атсалысуда.

Астана келіссөздері аясында Иран, Ресей және Түркия арасында өткізілген саммиттің ең соңғысы Тегеранда болды. Тегеран саммитінің тікелей эфирде таратылуы арқылы барша әлем президент Режеп Тайып Ердоғанның аймақта бір атысты тоқтату және адамдық трагедияның алдын алуы үшін көрсеткен талпыныстарын көрді. Тегеран саммитінен атысты тоқтату талабы Ресей және Иранның наразылығы салдарынан орындалмаса да қаруды тастау жөнінде үндеу тасталды. Сонымен қатар Түркияның табанды тұғырының арқасында Идлибке жасалуы мүмкін әскери операция кешіктірілді және басылатын қадамдар үшін уақыт ұтты.

Идлибтің болашағы үшін алтернативалық сценарийлер де бар. Ресей және оның одақтастары Түркияның қадағалау пунктерінен кері шегініп, Идлибке жасалатын кең көлемді операцияны қабылдауға қысым жасауда. Түркия болса алтернативалық сценарийлер ойластыруда. Осы сценарийлердің біреуі болса Түркия және Түркияға қолдаушы әскери оппозициялардың ықпалын кеңейтіп, Хейет Тахрир уш Шам және көмекші топтардың кем дегенде солтүстіктен шегініп, оңтүстікке баруы. Түркістан Ислам партиясы және Хурас эд-Дден сынды топтардың да електен өткізілуі.

Туындауы мүмкін адамдық трагедияға қарсы Түркия өзін қолдайтын топтармен бірге әрекет етіп, Идлиб орталығы қамтылған қауіпсіз бір аймақ құруы ең болымды сценарий болып табылады. Оппозиционерлердің түбегейлі түрде территориясынан кетуінің алдын алу, мүмкін бір адамдық трагедияның болуына  кедергі жасау үлкен жеңіс болады. Сонымен қатар PKK/YPG-нің процестен пайдалануының және саяси жеңістерге қол жеткізуінің жүзеге асырылмауы тұрғысынан алғанда бір үлкен табыс болады. Идлибтте мүмкін бір операция болғанда, PKK-ның Сириядағы қолы да белсенді бір рөл ойнайды. Әсіресе Иранға қарасты сарбаз күштері мен Хизбуллахтың Сирия демократиялық күштеріне қарасты сарбаздардың әскери дайындықтан өткізілгенін білеміз. Олардың да операцияға қосылатыны жөніндегі жоспарларын білеміз. Егер олар да операцияның бір бөлшегі болатын болса, Афринге бір шеп ашып, қайтадан Афринді қолға түсіруге бағытталған жоспарлар бар. Тағы Тель-Рыфатта осыған қарата күш жинағанын білеміз. Сондықтан барлық қауіп-қатер болса да Түркияның ақылды тұғыр ұстануы және оқиғаларға әсте рұқсат бермеуі керек.


Этикеттер: Идлиб , Ресей , Иран

Ұқсас жаңалықтар