Жаһандық күш күресі және Идлиб

Түрік сыртқы саясатының бағдары 37

Жаһандық күш күресі және Идлиб

1000 жылдай билік жүргізген қасиетті Рим империясы соңғы кезеңінде (Вольтердің күлкілі айтуымен) қасиетінен де, римдігінен де, империялығынан да айырылған болатын. Шамамен 2,5 ғасырдан кейін қазіргі проблема соңғы кезеңдерін бастан кешкен либералдық жаһан тәртібінен (Вольтер[1] айтқандармен баламалы түрде айтқанда) не либералдық, не жаһандық, не болмаса тәртіптің қалғаны. Бүкіл әлем жайлы біртұтастай сөз қозғау қазіргі таңда уақыт өткен сайын қиындауда. Жаһандық орталар құру талпыныстары табыссыз аяқталуда. Қорғаушылық өсуде; жаһандық сауда-саттық келіссөздерінің соңғы турынан нәтиже шықпады. Кибер алаңның қолданысын реттейтін өте аз ереже бар. Әрқайсысы өзіне тән аймақтық тәртіптердің немесе тәртіпсіздіктің ортаға шығуына куә болудамыз. Осы жағдайға ең үлкен мысал күдіксіз Таяу Шығыс пен Сириядағы оқиғалар.

Бүгін әлем 1939-1991 жылдары арасындағы идеологиялық поляризациядағы әлемге ұқсамайды. Әртүрлі жаһандық соғыстың (Бірінші дүниежүзілік соғыстың) алдындағы он жылдарға одан көп ұқсайды. Қазір жаһандық және аймақтық күштер биіктеп-құлдыраған бір ғасырда ұлттық күш соғыстарына куә болудамыз. Ең мықты империялық күш ретінде АҚШ осы мәртебесін қорғау үшін үздіксіз қадам басуға тырысуда. Қытай мен Түркия сияқты күшейген актерлер АҚШ-тың үйлесімсіз күш пен байлықты бөлісу саясатына мазасыздануда. Ресей Федерациясы және Еуроодақ сияқты көпұлтты құрылымдар, бұрынғы жарқын кезеңдерді аңсауда. Батыс СССР-дің қайта оралуына, Ресей болса батыс қолдау берген режим өзгерісі толқынына алаңдауда. Бәрібір баршаны алаңдатушы ортақ үрейлері (өздерінің айтуынша) радикал ислам.

Әлемнің жалпы жағдайына қарағанда 1945-1989 жылдары арасындағы сияқты үлкен бір идеологиялық күреске жеткен жоқпыз. Ортада жаңа бір темір перде де жоқ. Билеуші жаһандық күшке қоса, (АҚШ-тың билігінің шектелуін қалаған, дегенмен бұл нысанасын жүзеге асыратындай күшеймеген) өркендеген және кеміген күштер бар. Осы жағдай тақырыппен шұғылданған мамандарда кейбір келіспеушіліктерге жол ашады. Кейбір мамандар болса қазіргі жағдайды мағыналы қылу үшін қырғиқабақ соғыс ностальгиясына бағытталуға дайын. Дегенмен бұл дұрыс теңеу емес. Қазіргі жағдай бәрінен де 19 ғасырдың екінші жартысына ұқсайды. Аталмыш кезең жаңадан пайда болған үлкен күштердің бір бәсекелестік дәуірі, мемлекеттер арасында қарым-қатынастар идеологиялық тұрғыдан емес, ұлттық мүдделерге сүйенетін бір ғасыр еді.

Қазіргі жаһандық құрылымда билеуші бір күш бар. Дегенмен өзінің ұлттық мүдделерін қорғау немесе табысқа жету ізденісіндегі басқа күштердің одан көп қорқытуымен бетпе-бет қалып отыр. Халықаралық қоғам 21-ғасырды 20-ғасырдың көзілдірігімен түсінуге тырысып, әлі одан бұрынғыларымен арпалысуда. Сондықтан мынаны ашық айта аламыз: Екінші қырғиқабақ соғыстың алдында емеспіз.

Қазір Сирия аймақтық тіпті жаһандық желілерді  қозғай алатын  күште. Сирия құрлық немесе әуе кеңістігінде мақсатты немесе абайсыз түрде бақылаудан шығатын бір қақтығыс болуы мүмкін. Көптеген сараптамашыға қарағанда Идлибте қақтығыстардың басталуына санаулы күн қалды. Аймақтағы әскери қоныстануды қадағалаған мамандар операцияның қысқа уақыттың ішінде басталатынына сенеді. Режим күштерінің одақтастарымен бірігіп, Идлибтің төңірегінде үш негізгі жерге қоныстандырған әскер мен қарулы топ саны Алепподағы мөлшерге ұласты.

Идлиб Сириядағы ішкі қақтығыстар тұрғысынан кезкелген бір түйіннің ашылуы емес, артынан тәртіптің орнауы тұрғысынан маңызды бетбұрыс болып қабылданғандықтан операцияның қашан басталатынын анықтаушы - Ресей мен Түркия арасында Идлибтегі жағдай және артынан қандай келіссөз жасалатыны. Өйткені екі ел арасындағы қарым-қатынастар қаншама стратегиялық тақырыптарды қамтып, әсіресе Сирияда соңғы екі жылдан бері екі ел ынтымақтастығы маңызды бір теңгерімге айналса да, әлі Идлиб мәселесінде тараптар толығымен ортақ көзқарасқа ие емес.

Түркия Идлибте жақындаған қақтығысқа негізінен екі перспективадан қарауда. Біріншіден, жасалуы ықтимал бір операция қысқа мерзімде Түркияда қауіпсіздік рискін арттырады. Екіншіден болса Сирияда ұзақ мерзімде Түркияға бағытталған бір қауіп туғызбайтын бір тәртіпті орнату. Жасалу ықтимал бір операцияның қысқа мерзімде де Түркияға бағыттап ортаға шығаратын алғашқы қауіп саны жүз мыңдаған сириялықтың қақтығыстардан қашып, Түркия шекарасына шоғырлануы.

Ұзақ мерзімді риск болса, Сирияда құрылатын жаңа тәртіптің Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бір сатыға көшуі. Сириядағы азаттық соғыс қалай аяқталса аяқталсын, осы мемлекеттен өзіне бағытталатын қауіптерге рұқсат бермеу үшін Түркия әскери салада болғандай, саяси және дипломатиялық салаларда да талпыныстарын жалғастыруда. Сирияның әсіресе солтүстік шығысында PKK/YPG-нің бақылауында бір аймақтың пайда болуы Түркия үшін аса маңызды бір қауіп төндіретіндіктен, Идлибтен кейінгі теңгерімді осы тұрғыдан бағалайды.

Соңғы кездері АҚШ үндемей PYD/PKK-ға қауіпсіз бір алаң құру кезеңін бастады. ДАИШ-пен күресті сылтауратып жасалған жәрдемдер жалғасқанда, АҚШ пен Сауд Арабиясынан бастап одақтастары жүргізген әскери және экономикалық операциялар халықаралық қоғамның назары Идлибке ауған бір кезеңде Сирияның солтүстік шығысында алдымен физикалық тұрғыдан «ұшуға тыйым салынған бір аймақ», кейін жалпы мағынада АҚШ қорғауында бір аймақ құру талпыныстарын арттырғанын ойландырады. Осы себептен Идлиб операциясы жалғасып жатқанда, Сирияның солтүстігін ұмытпау керек.

 


[1]Волтер, Франсуа́-Мари́ Аруэ́(21 қараша 1694 - 30 мамыр 1778). Француз жазушысы, белгілі философ. Вольтер деген атпен кең танылған ойшыл.  



Ұқсас жаңалықтар