Сомунжу Баба (Шейх Хамид-и Вели)

Анатолының дана - ғұламалары 37

Сомунжу Баба (Шейх Хамид-и Вели)

Адам баласы үшін бұл өмірде «тоқтау» деген нәрсе мүмкін емес. Әлемнің өзі де күрделі бір жол. Өмір дегеніміз осы жолда қысқа бір жүру қашықтығы шақты. Және бұл жүріс өмірлік бір емтихан.

Кездестірген әр оқиғада, алға басылған әр қадамда жақсы немесе жаманды таңдаймыз. Әр таңдауымыз бізді біз қылады. Өзімізде не жақсылықты, не болмаса жамандықты таңдаймыз.

Дәруіштердің сөздері бұл қиын сапарда ескертетін бір көрсеткіш сияқты. Қайсы бағытқа бару керек екенін, қай қадамның қате, қайсысының дұрыс болатынын көрсеткен бір символ іспеттес.

Біздер де тіршілік сабағының бір филиалы ретінде бұл символдардың ізіне түсеміз. Бүгін сіздерге бір нан ұстасын, шикі көңілдерді пісіріп нандай қызартқан Сомунжу Бабаны танытамыз.

Сомунжу Баба басқаша атағанда Шейх Хамид-и Вели негізінде Кайсери қаласында дүниеге келген. Тегінің пайғамбардан келгені және сейид екені болжалады. Алғашқы білімін әкесінен алған соң Дамаскқа барады және осында өз дәуірінің алдынғы қатарлы тұлғаларынан сабақ алады. Дегенмен рухани байлығының тереңдігі соншама ең ұлы ұстаздардың есігінде іздегенін таппайды. Бір күні біреу оны Тебризге бағыттайды. Оған Әзірет Алаеддин-и Эрдебили атында бір ұстаз бар екенін және жүректерді тазалауда бәрінен де ұста болғанын айтады.

Шейх Хамид олжерге барғанда әңгіменің рас екенін көреді. Және ұстазына бағынып, оның қасында рухани дамуын жалғастырады.

Ақыры уақыт келгенде ұстазынан разылық пен рұқсат сұрап, Анатолыға қайта оралады. Шәкірттік кезеңі аяқталып, енді ұстаздық кезеңі басталады.

Әзірет Шейх Хамидеттин Бурсаға қоныс аударады. Өзін айналасындағыларға хат танымаған бір нан пісіру ұстасы ретінде танытады. Көптеген дәруіш сияқты шәкірттерінен басқаға өзін танытқысы келмейді. Даңқты бәледей көретін бір мінезі бар болатын.

Наубайшы болғандықтан «Сомунжу Баба» немесе «Экмекчи кожа» сияқты атармен таниды.

Күндіз таудан отын әкеліп, дәмді нандар пісіріп, түнде наубайхананың қасындағы кіші бөлмесінде ғылым және ғибадатпен шұғылданады.

Ұзақ уақыт осылай өмір сүрген соң Сұлтан Йылдырым Баязыт салғызған Ұлы мешіттің ашылу мерәсімінде оның кім екені баршаға аян болады.

Сол дәуірдің басқа бір белгілі дәруіші Әзірет Әмір Сұлтан беташар уағызын оның жасауын талап еткенде құпиясы ортаға шығады. Араларында падиша да бар қалың жұртқа берген керемет уағызы жаңғырық туғызады. Даңқы тілден тілге тарайды. «Ол жай, қарапайым көріністі наубайшы ұлы бір дәруіш екен» деп барша бір-біріне хабар жаяды.

Сыры ортаға шыққан Әзірет Шейх Хамид Бурсадан кетуге шешім қабылдайды. Алдымен Дамаскқа барады, кейін үш жыл Хиджазда өмір сүреді. Және ол жерден Аксарай ауданына келеді. Өмірінің соңына дейін Аксарайда тағы тыныш тіршілікті таңдайды. Осында қарапайым үйінде сан-алуан шәкірт тәрбиелеп, Анатолы біліміне үлкен үлес қосады. Өйткені Әзірет Хамид-и Велидің шәкірттері оның нан пісіргенде пайдаланған бидайдың дәндері сияқты. Бидай халықты тойғызып отырғанда, шәкірттері де көңілдерін тойғызып алады.

Сомунжу Бабаның шәкірті Хажы Байрам Вели, Акшемседдин, Үфтаде, Азиз Махмуд Хүдайи сияқты ұлы тұлғалар Анатолы дана – ғұламаларының шоқ жұлдыздарына айналған.

«Хамидтің көзінің жасы,

Толтырады тау мен тасты.

Не істейтінімді білмеймін бейшара басты,

Әй, Раббым не болмақ жағдайым?»

 

Сомунжу Бабаның Бурсада соңғы көрілген жері бір бәйтерек ағаштың көлеңкесі болатын. Қазір «Дұға бәйтерегі» деп аталған бұл жерде отырып дұға еткенде, қасына келген Әзірет Молла Фенари оны соңғы рет шешімінен бас тартқызуға тырысқан. Бәлкім кетпес деп көп тілеген. Дегенмен жауап ала алмаған. Жолға аттанар уақыт келген. Түрегеліп, Бурса қаласы үшін соңғы дұғасын қылып, жолға аттанған.

Күндіз күн астында немесе түнде айдың жарығында... айырмашылық жоқ... Сомунжу Баба әрқашан бейшара күйде бір жолаушы еді.

Бұл әлемнің иесі емес, абыройлы бір қонағы сияқты қозғалатын. Бұл себептен де атақтан, ақшадан және әуесқойлықтан қашан да аулақ жүретін. Даңқ оған жақындаған кезде заттарын жинап алып, жолаушы болды. Өйткені көзі жасқа толы болатын, барлық дәруіштер сияқты. Сағыныш көңілінде ұялаған, махаббат пен Алланың ізіне түскен. Даңқ пен дүниені қайтеді? Ол тек қана махаббаттың ізіне түскен бейшара бір жолаушы еді.

 

«Жылаймын міне ыңқылдап,

Қалдым тағы шет елдерде.

Таныса алмадым сендей жармен

Раббым не болмақ жағдайым?»

 

Әзірет Шейх Хамид-и Вели Алланың жолында бір Күн болатын. Өмірін жазғандарға қарағанда оның білімі ұшы-қиыры жоқ бір теңіз сияқты болатын. Шегі болмаған. Бірақ қызық нәрсе: қалай болғанда да өзінен артқа бірнеше шектеулі кітаптан басқа шығарма қалмаған.

Анатолы дәруіштері арасында мұндайлар жиі кездеседі. Жүректерге тараған жарық ғасырлардан асып түссе де, қолда жалғыз бір шығармасы қалмайды. Ал мұның себебі не болмақ? Көптеген дәруіш неліктен бір шығарма жазуға уақыт бөлмеген?

Мұның жауабы белгілі. Өйткені бұл дәруіштер күні мен түні көңілдермен шұғылданған. Бұл жұмысқа берілгендіктері соншалықты екі жол жазу жазуға уақыт бөлу не екенін білмеген. Міне, Әзірет шейх Хамидтің мінезі де сондай болатын. Ол адамдар өлмей тұрып ұйқыдан оятуды, көңілдеріне жан суын беруді бәрінен көп қалайтын.

Сомунжу Баба кішіпейілді нәпсісімен Анатолы біліміне әрқашан таза бір жан үрлеген. Және бұл жан Хажы Байрам Велимен, Азиз Махмуд Хүдайимен, Әзірет Үфтадемен және Языджыоглу Мұхаммедпен ұрпақтан ұрпаққа өтіп, осы күнге дейін жеткен.              

 

«Тіріміз, әрқашан, өлмейміз,

Қараңғыға батпаймыз.

Шіріп топырақ болмаймыз

Бізге «күні түні» болмас.

 

Біздің бақтағы гүлдер,

Солмай тірі тұрады.

Күз келіп төгілмейді,

Қыс маусымы көктем болмас.»



Ұқсас жаңалықтар