Түркия-Ресей ынтымақтастығында жаңа кезең

Күн тәртібі - 36

Түркия-Ресей ынтымақтастығында жаңа кезең

Түркия мен Ресей арасындағы 2015 жылғы ұшақ дағдарысының артынан бұзылған екі жақты ынтымақтастық қайта бұрынғы қалпына түсті. Қалпына келген ынтымақтастық жылдам түрде жетіліп саяси, дипломатиялық, әскери және экономикалық салаларда маңызды бір жаңалық ортаға қойды. Түркия мен Ресей ынтымақтастығының жылдам жетілуінде екі ел басшылары арасындағы жеке байланыс, ортақ мүдделерге қатысты ынтымақтастық тақырыптарына қоса, Америка Құрама Штаттарының соңғы кезеңде Түркияға қарсы ұстанымынан пайда болған мазасыздықтың ықпалын байқаймыз. Екі ел арасында көптеген салада ынтымақтастық жетілгенмен, кейбір тақырыптарда әлі бөлек көзқарастар жалғасуда.

Ресей президенті Владимир Путиннің Түркия мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың уақыт өткен сайын жақсарғанын атап, «Түркиямен ынтымақтастығымыз әрі тереңдеуде, әрі жаңа тақырыптар аясында жетілуде» деп айтуы негізінде Түркия мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты мазмұндауда. Екі ел арасында әсіресе энергия мен экономика салаларындағы ынтымақтастықтың жетілуі аса маңызды жайт. Ресейдің бұрынғы Қаржы министрі  Задорнов «Түркиямен маңызды экономикалық байланысымыз бар. Түркия Ресейдің ең үлкен 10 сауда ортағы арасында орын алады» деген сөздері осы тұрғыдан маңызды. Ресей Федеральдық Кеден сервисі (FTS) көрсеткіштеріне қарағанда ағымдағы жылдың алғашқы алты айлық мерзімінде Түркия 37 пайыз артып, 13,3 миллиард долларға өскен сауда көлемімен Ресейдің ең үлкен 4-ші сауда ортағына айналды. Сондай-ақ орыс туристтердің Түркияға келуі екі жақты ынтымақтастық тұрғысынан аса маңызды болып табылады. Ресейден келген турист санының үздіксіз артып отыруының қуантатын жағдай екенін тілге тиек еткен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу биыл 6 миллион туристті Түркияда қонақ етудің өздерін риза қылғанын атап көрсеткен болатын.

Энергия саласында екі ел арасында бірігіп жүргізілген Аккую Атом Электр Стансасы мен Түрік ағыны сияқты маңызды жобалар ынтымақтастықты күшейтуде. Аккую Атом электр стансасы Түркияның энергия қажеттілігінің 10%-ын қамтамасыз етпек және дамыған түрік экономикасының энергия қажеттілігін кепілдікке алу тұрғысынан да стратегиялық маңызы бар. Сондай-ақ Түрік ағыны жобасы да Түркияның маңызды бір энергия қажеттілігін қамтамасыз етіп, кепілдікке алады. Түрік ағыны жобасының екінші сатыда Балкан елдеріне қарай созылуы жоспарлануда. Осылайша Түркияның энергия орталығы болу бағытындағы стратегиялық жоспар тұрғысынан аса маңызды бір қадам басылады.

Энергия және экономика ынтымақтастығына қоса, Ресей мен Түркия арасында әскери ынтымақтастық та жетілуде. Әсіресе Түркияның Ресейден S-400 Әуе қорғаныс жүйесін сатып алуы және 2019 жылы Түркияға тапсырылуы екі жақты ынтымақтастықты тереңдете түседі. Осы орайда орыс мемлекеттік қорғаныс өнеркәсібі фирмасы Rosteh-тің Халықаралық ынтымақтастық және Аймақтық саясаттар директоры Виктор Кладов «S-400 әуе қорғаныс жүйелері келісімінің елдеріміз арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты күшейту және жетілдіру үшін маңызды бір қадам екенін нақты түрде айта аламын. Әртүрлі жаңа өнеркәсіптік салада ынтымақтастық жетілдіруде бір кедергі көрмеймін» деген еді.

Ресей мен Түркия арасында жетілген ынтымақтастық ең көп АҚШ-ты мазалауда. S-400 Әуе қорғаныс жүйесінің сатып алынуы себепті АҚШ-тық лауазымдылар түрік лауазымдыларды Түркия да ортақ болған F-35 реактивті соғыс ұшақтарын Түркияға сатуын тоқтатумен қорқытады. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның Түркия үшін S-400 Әуе қорғаныс жүйесін алуы өз еркімен таңдауы  емес, мәжбүрленуі деген мәлімдемесі аса маңызды. НАТО елдері Түркияға Әуе қорғаныс жүйелерін сұранысына қарамастан сатудан бас тартуда. Сондай-ақ Түркия мен АҚШ арасында FETÖ, PKK/YPG және Брунсон дағдарысының пайда болуы НАТО-ның 2 одақтасы арасындағы ынтымақтастықтың әлсіреуіне ықпал етті. АҚШ президенті Дональд Трамптың Түркияға қарсы санкция шешімі қабылдауы қарым-қатынастарға болымсыз әсер етті. Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның Мәскеуде «Ресей мен Түркия арасында жақындасу кейбіреулерді қызғандыруда» деген сөздерін осы тұрғыдан бағалау керек.

Бірақ Түркия мен Ресей арасында қарым-қатынастар жағымды түрде жетілсе де, екі ел арасында кейбір тақырыптарда көзқарас айырмашылықтары жалғасуда. Әсіресе Сирия мәселесі тұрғысынан Түркия мен Ресей Астана процесінде бірге қозғалса да, негізгі ұстанымдар тұрғысынан екі ел бір-біріне қарама-қайшы көзқараста. Ресейдің Идлибке бағытталған режим шабуылдарына рұқсат берілген және қолдаса, Түркия аса маңызды бір босқын дағдарысына душар болып, екі жақты ынтымақтастық та зиян көреді. Түркия тағы Ресейдің Қырымды аннекциялауы мен Қырым түріктеріне қарсы саясатын жақтамайды. Сондай-ақ Түркия мен Украина арасында қорғаныс өнеркәсібі сияқты көптеген салада ынтымақтастық жетілуде. Түркия Украина мәселесінде Ресейдің саясаттарын қолдамайды. Соңғы айтарымыз, Түркия мен Ресей арасында қарым-қатынастар қаншама жақсарғанымен Түркия НАТО мүшесі бір ел болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар