Түрік дүниесінде 'Қазақ моделі' және Нұрсұлтан Назарбаев

Түрік сыртқы саясатының бағдары - 35

1040929
Түрік дүниесінде 'Қазақ моделі' және Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қайтадан тәуелсіздік алған 1991 жылынан бері елдің басшысы. 1991 жылынан бастап тек қана Қазақстанның емес, Түрік дүниесіне қоса тағы көптеген елдің сенімін ақтады. Халықаралық қоғам бейбітшілікті жақтаған бір басшы екенін өте жақсы біледі және қатты құрметтейді.

Назарбаев Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында 1940 жылы дүниеге келді. Қырғиқабақ соғыс жылдары басталған білім алуы техникалық мектепте металлургия оқуымен жалғасты.

1962 жылы Қарағанды Мемлекеттік Өнеркәсіптік Университетінің металлургия инженерлігін бітіріп шықты. 1984 жылы жүргізген бюрократиялық жұмыстарында жұмысшылардың жеке мәселелерімен шұғылданды. Мемлекеттің өнеркәсіптік мәселелерінің шешіміне үлес қосты. Жұмысшылардың құқықтары жайлы орталық комитетке ұсыныстар жасады.

1991 жылы 1 желтоқсан күні болып өткен сайлауға жалғыз үміткер ретінде кірген Назарбаев 21 желтоқсан күні Алматыда Қазақстанның тәуелсіздігін жариялайтын хаттамаға қол қойды.1991 жылдан кейін 1999, 2005, 2011 және 2015 жылғы сайлауларда болса үміткерлігін жариялап, халықтың үлкен қолдауын алған болатын. 1997 жылы елорданы Астана қаласына көшірді. Назарбаев бір жақтан Ресеймен экономикалық және саяси байланыстарын жалғастырса, басқа жақтан АҚШ, Түркия, Түрік дүниесі, Еуроодақ және Израильмен ынтымақтастығын жетілдірді.

Назарбаев сыртқы саясат саласында бір жақты саясат жүргізуден гөрі әр елге бірдей қашықтықта тұрады. Көп тұсты саясат жүргізеді. Бұл көп тұсты саясаты себепті Назарбаев халықаралық қоғамда «дәнекер басшы» ретінде қабылданады. Баршаға мәлім Назарбаев Сирия дағдарысы мен Сириядағы гуманитарлық трагедияның жойылуы үшін іске кірісті. Ресей, Иран және Түркияның қолдауымен жүргізілген Астана процесі отырыстарына қонақжайлық жасауда. Қазақстанның келіссөздерде қонақжайлық жасауы Сирияның маңызды актерлерінің бірі ретінде түрікмендердің де Астана келіссөздеріне қатысуына және болымды қабылдауына жағдай жасады.

Қазақстанда бұрыңнан бері Түрік дүниесіне көңіл бөлетін және Түрік дүниесі жайлы нақты көзқарастары жағымды Назарбаев сияқты бір басшының болуы – Түрік дүниесі үшін таптырмас мүмкіншілік. Назарбаевтың Түрік дүниесінің ынтымақтастығымен байланысты көзқарастары Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мүше болған Түрік Кеңесіне де үлес қосады. Бұл тұрғыдан Қазақстан мен Түркия қатты көңіл бөлген Түрік Кеңесіне Түрікменстан мен Өзбекстанның да қосылып, күшін арттыруы тиісті. Түрік дүниесі өз ішінде мықты бір ынтымақтастық қалыптастыратын болса халықаралық мекемелер назарында ықпалы мықты болмақ. Қазір қалайша Франция Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде (БҰҰҚК) француз тілінде сөйлейтін елдердің өкілі болса, келесі жылдарда түркітілдес елдерге өкілдік жасайтын кезкелген бір Түрік Кеңесі мүшесі де БҰҰҚК-де болу талабын Түрік дүниесі тарапынан БҰҰ-ға жеткізілуіне болады.

Назарбаев террор ұйымы FETÖ-нің 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан Түркияны қолдағанын көрсетті. Анкараға сапарлай келген тұңғыш президент болды. Назарбаевтың Түркиядағы төңкеріс әрекетінің артынан Анкараға келуінің мағынасы үлкен болатын. Назарбаевтың «Түркияның дұшпаны біздің дұшпанымыз» деген мәлімдемесі – шынайы бір бауырластықтың белгісі. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты «Түрік дүниесінің ақсақалы» деп атайды. Мұны Назарбаевтың Түркия сапарында Ердоған «Құрметті президент түрік дүниесінің ақсақалы болып табылады. Құрметті Назарбаев іске қосқан ақылшыл және теңгерімді саясатының арқасында Қазақстан қазір аймақ және әлем елдері ынтымақтастық жасауға асығатын құрметті бір актерге айналды. Ортақ тіл, тарих және мәдениетті бөліскен бауырлас ел Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң саяси тұрақтылығын арттырды және жылдам бір экономикалық өркендеуді жүзеге асырды» деген сөздерімен тілге тиек етті.

2016 жылдың ішінде Қазақстанға сапарлай барған кезімде Қазақстандағы өзгеріс пен жаңалықтарды дәл өз орнында көрдім. Осы тұрғыдан айтқан жөн: Назарбаев – біз өмір сүрген ғасыр мен уақыттың руханиятын өте жақсы игерген бір басшы. Бұл тұрғыдан Назарбаевтың кирил әліпбиінен латын әліпбиіне көшу тапсырмасы аса маңызды. Назарбаев 2025 жылға дейін барлық басылымдардың, кітаптардың және құжаттардың латын әліпбиімен жариялану керектігін атап көрсетті. Осы шешім – Түрік дүниесінде тіл мен әліпби бірлігі үшін аса маңызды және стратегиялық бір бастама.

Нұрсұлтан Назарбаевтың көзқарасы және стратегиясымен түрленген «Қазақ моделі» түрік өркениетінің ежелгі мұрасынан қоректенеді және ‘тұрақтылық’ пен ‘экономикалық даму’ ортаға қояды.

Қорытып айтқанда, Қазақстан 2018 жылмен бірге тарихи бір кезеңді бастайды. Қазақстанның нысанасы – әлемнің ең көп дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу. Мен Қазақстанның Назарбаевтың басшылығымен нысаналарына тұрақтылықпен қол жеткізетініне сенемін. Қазіргі таңда Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоған сияқты басшылардың болуы – екі ел, әрі түрік дүниесі тұрғысынан үлкен бақыт.



Ұқсас жаңалықтар