Тек дұрыс тұғыр/ Көзқарас жеткілікті ме?

Жаһандық перспектива - 35

Тек дұрыс тұғыр/ Көзқарас жеткілікті ме?

Жаһандық перспектива - 35

Бұдан бұрынғы мақалаларымызда батыста да кездесетін оқиғаларға,  ұғымдарға,  проблемаларға ешқашан жеңіліс психилогиясына берілмей,  өзіміздің құндылықтарымыздың жалпы шеңберінде, аналитикалық түрде,  сенімді көзқараспен қарау керектігін меңзеген болатынбыз.

Ал дұрыс тұғыр, дұрыс көзқарас жалғыз өзі жеткілікті ме? Тек дұрыс көзқарас арқылы проблемаларымызды шеше аламыз ба?

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің анализін ұсынамыз.  

 Дұрыс тұғыр,  көзқарас,  перспектива әрине,  әртүрлі проблеманың шешімінде,  мақсатқа жетуде ең негізгі фактор.  Біз жүрген бағыт қате болса, қаншама дұрыс істер істесек те,  дұрыс межеге жете алмаймыз себебі. Басқа жағынан қате мақсат секілді мақсатын білмеу де – үлкен проблема. Баратын бағытын білмейтін кемеге ешбір рота көмектеспейді.  Сондықтан өмірде бізге кездескен барлық үрдіс, оқиға,  ұғымдар алдында алдымен дұрыс тұғыр алуға,  перспективаға ие болу керектігі талас болмайды.  Бірақ басқа ешбір нәрсе жасамай,  тек дұрыс тұғыр ұстану жеткілікті ме? Осыған тоқталу керек.  Себебі көбіне тек пікір-талас, интеллектуалды мәлімет жеткілікті деп есептеледі. Нақты өндіріске,  іс атқаруға, жұмыс істеуге итермелемейтін шағын орталарда жүргізілген интеллектуалды таластарға көп мағына жүктеледі.  Ислам әлемінің проблемалары тек дұрыс ойлау арқылы шешіле ме? Ойлау арқылы қаншалықты жол жүре аламыз?

Ойлау әрине – құнды нәрсе.  Адам баласы тарихын өзгерткен -  ұзын мерзімде ой-пікірлер.  Сонымен бірге осы ой-пікірлер іске аспайтын, теорияда ғана қалмайтын,  атқарылатын,  жүзеге асырылатын ой-пікірлер. Өмірге пішін беретін -  нақты ой-пікірлеріміз емес,  осы бағытта басылған нақты қадамдар.

Дұрыс тұғырға ие болсақ та,  дұрыс көзқарасымыз болса да,  осы көзқарас бағытында бір нәрсе өзгертуге тырыспасақ, өзімізден бастап, төңірегімізде,  ортамызда нақты нәрселерді өзгертуді қамдамаса, жалғыз өзі көзқарас нені өзгерте алады? Көзқарасымыз керемет болуы мүмкін, бірақ отырған жерімізде отыруды,  жатқан жерімізде жатуды жалғастыруымыз мүмкін.  Сондықтан тек интеллектуалды таластар, жүзеге аспаған ойлар, іске асырылмаған көзқарастармен бір нәрсе өзгереді деп ойласақ, тек өзімізді ғана алдаймыз.

Басқа жағынан тұрмыс шарттарынан аулақ,  қоғамның шындықтарын білмей немесе шағын ортада қаншама дұрыс тұғыр болатыны да бөлек талас. Іске аспайтын,  өмір тәжірибесінен аулақ жерлерде жетілген ой-пікірлер көбіне өзімен бірге көптеген зиян ала келеді. Тарих та өкінішке орай,  өмір тәжірибесінен аулақ осындай ой-пікірлер келтірген зияндарға толы. Шынайы өмірді елемейтін, тұрмыс шындықтарынан аулақ бір көзқарастың қорқынышты нәтижелері болуы мүмкін. Сондықтан дұрыс тұғыр немесе дұрыс көзқарас тек өмір тәжірибесімен бірге,  өмірдің ішінде өндіріледі немесе ортаға қойылады. Ислам дінінің дамуы да осындай,  Ислам діні бір ретте нақты түрде емес,  уақыт ішінде көбіне нақты оқиғаларға сүйеніп, толығымен тұрмыстың ішінен келу арқылы даму процесін аяқтаған.

Бүгінгі таңда көрсетілуі керек тұғыр,  атқарылуы керек іс,  жүру керек жол тақырыбында барлық нәрсеге қарамастан өте үлкен белгісіздік жоқ. Негізгі құндылықтар анық.  Бүгінгі күні ең ірі проблемаларымыздың бірі - дұрыс перспективадан аулақ жүретін, сөздерімізге сай емес істеріміз. Сонымен бірге сөздерімізге қарамастан оларды атқармауымыз, іске асырмауымыз. Сөздерімізге сай белсенділік көрсетпеуіміз.

Ал өмір – иман мен ынта. Қозғалыс, амал, қайрат және күрес.  Күрестің бір түрі ретінде соғыс деген мағынадағы жихад бүгінгі күнгі әлемде өте сирек мұқтаждық сезілетін әрекет. Осыған қарамастан,  күнделікті өмірде не істесек ең жақсысын істеу үшін күресуіміз, одан да көркем, дұрыс,  жақсысы үшін жұмыстануымыз, ынталануымыз, қозғалуымыз қажет. Яғни ең дұрысын,  принципте керек нәрсені айтып қана қою жетпейді.  Бұл үшін барлық салада бар күш-қуатымызбен күресуіміз қажет.

Қайтадан бастапқыдағы сұрағымызға қайта оралар болсақ, әрине дұрыс тұғыр,  дұрыс песпектива әртүрлі мақсатқа жету үшін бас тартылмас бір фактор.  Себебі қате көзқарас, қате ұстаным мақсатымыздан аулақтап,  бізді апатқа ұшыратуы мүмкін.  Қате ұстаным ниет қаншама дұрыс болса да ең тамаша ниет немесе сезімдерді құртуы мүмкін. Бірақ дұрыс ұстаным немесе көзқарас та жалғыз өзі бізді құтқармайды. Көзқарас іштен моторлы деп ойлаймыз, бір рет білдірсек,  өз өзіне мақсатқа жетеді деп санаймыз.  Ал жақсы перспектива, көзқарас бір өзі, өздігінен нәтиже бермейді. Дұрыс көзқарас тек жақсы бастау болады. Нәтиже келтіретін нәрсе болса дұрыс тұғырға, мақсатқа апаратын бір перспективаға ие болу арқылы басылатын нақты қадамдар мен осы бағытта атқарылған істер.

Ал бүгінгі таңда дұрыс перспективаға сай емес,  өзімізде өзгертуіміз қажетті ең негізгі кемшіліктеріміз қандай? Өз қателерімізді көрмей,  көбіне дұрыс айтсақ та,  тек басқаларының қателеріне шоғырлану арқылы проблемаларымызды шеше аламыз ба? Орнымыздан тұрып бір шам жақпасақ, тек түнекті сынап қана отыра берсек, жарқын болашаққа жетеміз бе? Бұлар да басқа бір мақаланың тақырыбы болмақ.

 



Ұқсас жаңалықтар