Абдүлмеджит-и Сиваси

Анатолының дана-ғұламалары 33

1034413
Абдүлмеджит-и Сиваси

Адам өмірін тозаққа айналдыратын көптеген ауру бар... Екіжүзділік, өтірікшілік, тәкаппарлық, тойымсыздық... Бұлардың барлығы адамның ішкі фабрикаларында өндіріледі. Ішімізде жаман қылықтарды өндіріп отырған бір өнеркәсіп алаңы бар сияқты. Және осында шыққан тұман көзқарасымызды қара бұлттармен толтырады.

Ал Анатолы даналары рухымызды жақсылықтар өсіп өнген бір баққа айналдырғысы келеді. Өйткені “эшреф-и махлукат” яғни мақұлықтардың ең абыройлысы болған адамға жарасатыны да осы. Шынайылық, сүйкімділік, әдептілік және намыс.

Дәруіштер әрқашан осыларды түсіндіреді адамдарға. Ақылдарға және жүректерге осы дәнді егеді. Барша жай деп ойлайтын, бірақ негізі ең қиын нәрсе болған адамгершілікті қамтамасыз ету үшін.

Абдүлмеджит-и Сиваси өмірін адамгершілікті өзіне сіңірген адамдар тәрбиелеуге арнаған осы дәруіштердің бірі деп саналады. Ұзақ өмірінде жүректерімізді жақсылықтардың жұмағына айналдыруды қалаған.

Осы бағдарламамызда сіздерге Абдүлмеджит-и Сиваси жайлы баяндаймыз.

 «Әдептілікпен келген, құт-берекемен кетеді».

Абдүлмеджит-и Сивасидің Стамбұл Эйюптегі қабірінің үстінде осы сөздер жазылған. Және өмірі де осы сөздің қайталануы сияқты. Бір әдептілік үлгісі ретінде өмір сүрген және ақыр заманға да жаратушысының құт-берекесіне қол жеткізіп көшкен.

Оның хикаясы 1563 жылы ғұламалар мен сопылар тәрбиелеген бір отбасының баласы ретінде дүниеге келуімен басталады. 7 жаста хафиз атағын алады. Білімді сорған бір сана мен шабытқа ие болады. Теңдесі жоқ бір асыл тасқа ұқсайды. Және бұл асыл тастың құнын арттырған да бұрынғы бағдарламаларымызда атын атаған нағашы ағасы Қара Шемс болады. Бұл ұлы дәруіш өз жиенін қасына алып, оның рухани тәрбиесінде басты роль атқарады. Абдүлмеджит-и Сиваси де нағашы ағасы сияқты Халфети жамағатының даналары қатарына қосылады.

Ұзақ жылдар нағашы ағасының қасынан айырылмайды, бос уақыттарын әрқашан оқу және Алла жаратқан табиғатты ойлаумен өткізді. Нағашы ағасының оның ғылымға қызығушылығын түсіндіргенде «Балам, сен бізді толық мағынада тонадың» деп әзілдегені айтылады. Оның өміріне куә болғандар да бұл қызығушылықты өмірінің аяғына дейін жалғастырғанын жеткізеді. Бесіктен мазарға дейін оқыған, жазған, үйренген және үйреткен.

Қара Шемстің артынан ұстаздық міндетін өзі алады. Адамдарға тура жолды ол көрсетеді, рухани тәрбие береді. Даңқы Стамбұлға дейін барған соң падишаның бұйрығымен сарайға шақырылады. Стамбұлда үлкен сүйіспеншілікпен қарсы алынып, маңызды діни және саяси тұлғалардың біріне айналады.

Әзірет Сиваси тіршілігі бойынша ақиқатқа барған жолдағы барлық тастарды тазартады. Кейде уағыздармен, кейде кітаптармен, кейде саяси ұстанымымен қоғамның алдын ашуға талпынған. Көптеген сопы саяси және күнделікті жұмыстардан бас тартса, ол жұмысты білмейтіндер, өз мүддесін ойлайтындар және зұлымдық жасағандарға қарсы шығуды өзінің міндеті ретінде қабылдайды. Әрі қозғалыс символы, әрі ғалым ретінде Анатолы білімінің ең жарқын жұлдыздарының бірі болған.

Ақиқатқа апаратын жолдар осы әлемдегі жолаушылардың санымен бірдей. Сопылар осыған сенеді. Әрбір ұлы дана бұл жолдардың бірін көрсетеді біздерге. Бір әдіс, бір ұстаным ұсынады.

Абдүлмеджит-и Сиваси көрсеткен ақиқат жолы адамгершілік негізіне сүйенеді. Рақымшыл ұстанымды бір тіршілік көзіне айналдыру және тіршілігіміздің әр саласында көрсету үшін... Үлгі үшін оның өміріне қараудың өзі жеткілікті.

Абдүлмеджит-и Сиваси сыйластықты жақсы көретін, кешірімі де мол болатын. Келбетті және өзі мен сөзі бір еді. Әрі көрінгеніндей, әрі болғанындай көрінетін. Екіжүзділік ол жақтырмайтын қылықтардың бірі болатын. Шынайылыққа разылық білдіретін. Бір уағызды бастағанда тыңдағандардың көңілдері жай табатын. Мазасыздың қасына барса, шын жүректен оның жағдайы үшін талпынатын.

Ол сөйлеген сайын жүректер гүлденіп, ол кірген орта тыныштық пен қуанышқа бөленетін. Ешкім ойламасын «осылар өзімен өзі болған оқиғалар» деп. Тек нәпсісін жеңген адамдар ғана осындай жақсы қылықтармен қамдалады. Әзірет Сиваси де жылдар бойы ішкі дүниесіндегі жаман қылықтармен күрескен және нәпсісімен күресінде жеңіске жеткен..

Дұрыс қозғалудың және піскен адамның сыры осы күресте жатады. Ниетін бұзбай, шынайы түрде нәпсімен шайқасқан барша үшін де жетік адам болудың жолдары соңына дейін ашық.

Анатолы дәруіштері не бетке, не сөзге қарамайды, алдымен жүрекке қарайды. Бұл тақырыптағы бағыттаушылары «Ақылақтық жұмыстар ниеттерге сай болады» хадисі болып табылады. Бір жұмысты бағаландырған кезде адамды тез арада жауапқа тартпайды. Замандас адам сияқты айып іздеуге де тырыспайды. Тек қана ниетке қарайды. «Жүрегі шынайы ма?» деп қарайды.

Абдүлмеджит-и Сивасиге қарағанда ізгі ниет жүректе бір жарық сияқты жарқырайды. Армандардың адамды мас қылған түнегіне қарсы қорғайды. Адамды қараңғыдан алып, таң уақытына жеткізеді. Ниеттердің асыл ұясы жүрек болып табылады. Сол себепті тілдің айтқанынан гөрі, жүректің айтқаны маңызды. Яғни, егер адамның жүрегі жалқау болмаса, ешкімге зиян келмейді.

Кейде кіші бір сөз, кіші бір жұмыстың шынайы ниетпен жасалғаны соншама баршаның разылығын алады. Ең баста да Алланың... Кейде өте үлкен жұмыстар жаман ниетпен жасалғаны себепті кішірейіп жермен жексен болады. Осыдан алатын сабағымыз бәрінен бұрын ниетімізді түзеу керек екеніміз. Міне, Сивасидің тек қана бұл насихатының өзі замандас психология теоретикаларының әлде қайда алдында. Олар жай сөз былықпалығында  жайылып жатқанда, біздің дәруіштеріміз жұмыстың өзегін жүректерінде ұстаған.

Жақсы ақылақ дегеніміз не?

Барлық ақылақ пәлсапа мамандары назар аударған бұл сұраққа Абдүлмеджит-и Сиваси бір аятпен жауап қайтарады және үш алтын кілт береді бізге. Бұл аятта Алла пайғамбарына тіршіліктегі ең жақсы ұстаным жолын көрсетіп былай дейді:

«(Мұхаммед!)Кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ надандардан бет бұр. (Араф сүресі, 199 аят)

Осында барлық адамдар үшін тіршілік даналығы қамдалған насихаттар бар. Және Сиваси осылардың ішінде алдымен аяныш жайлы сөз қозғайды. Адамдарды және өзімізді кешірудің, рух үшін қандай емдеуші бір май екенін атап көрсетеді. Екіншіден әр жағдайда жақсы болудың, құт пен кешірімділіктің маңызына тоқталады. Ақыры жамандықпен арамызға қаншама нақты бөгет салатын болсақ, ол да бізге сонша алыс тұратын болады. Және соңғы рет білместерге бет бұру бұйрығына сай келеді. Сиваси адам үшін нағыз апат және бәле болған надандықтың алдына ақылын қояды.

Міне, ұлы данаға қарағанда осы үш кілтті қолданған адам үшін жақсы ақылақ есіктерін ашады.



Ұқсас жаңалықтар