Ұлттық қорғаныс және спутниктер

Қорғаныста ұлттық жобалар - 04

Ұлттық қорғаныс және спутниктер

Түрік Харб-Иш кәсіподағының Оқу басқармасы директоры Таркан Зенгиннің анализін ұсынамыз.

Қазіргі заманда мемлекеттер елдері мен азаматтарын қорғау үшін қорғаныс секторына маңызды инвестициялар салуда. Әлемде күш теңгерімінде тежеуші болу үшін қорғанысқа инвестиция салған маңызды елдердің бірі – Түркия.  Түркия 2014 жылы әскери мақсатта ең көп ақша жұмсаған 15 елдің қатарында болды. 2017 жылы болса 29 миллиард түрік лирасын қорғаныс саласына жұмсады. Осы қорғаныс қаражатының бюджеттегі салмағы 4,62 пайыз.  Түркия өте маңызды жағрапияда орналасқандықтан өңірлік рисктер көп әсер етеді. Түркия сонымен бірге PKK, PYD/YPG, ДАИШ, DHKP-C және көптеген қарулы террорлық ұйымдармен жаппай күресуде. Осы күрестер барысында технология қажет еткен қорғаныс өнімдері мен жүйелерін қолдану мәжбүр болады.  соңғы жылдары қорғаныс өнімдері жетілдіруде де маңызды қадамдар басқан Түркия күн өткен сайын дәрежесін арттырып келеді.

Қорғаныс өнеркәсібі саласында 2004 жылы басталған ұлттық және отандық өндіріс әдісімен сектордағы отандық көрсеткіші 20 пайыздан 65 пайыздан асты.  Осы отандық көрсеткіші ұшқышсыз әуе көлігі секілді стратегиялық маңызы зор өнімдерде 90 пайыздан асты. Көптеген қорғаныс өнімінде әлемде өндірген бірнеше елдің қатарындамыз. Мысалы камикадзе Ұшқышсыз ұшу аппараттары (Alpagu, Kargu) ретінде танымал өнімдерді өндіре алатын әлемдегі үш елдің біріміз.  Түркия ұшқышсыз ұшу аппараттары технологиясында әлемде әрі ұшақ платформасы және жүйелері, әрі «ақылды бомбасымен» қарулы ұшқышсыз ұшу аппаратын жетілдіріп өндірген алғашқы алты ел қатарында.  Түркия қорғаныс өнеркәсібінде тек өз мұқтаждықтарын өндіріп қана қоймайды,  сонымен бірге өнімдерін дос және одақтас елдерге импорттап отыр. Түркия бүгінгі күні шетелге отандық кеме,  тікұшақ, сауытты көліктер, кемелер,  ұшқышсыз әуе көліктері,  әуе қорғаныс жүйелері,  зымырандар,  әскери байланыс және басқару жүйелерін сататын ел жағдайына келді.

Түркия 2002 жылы шамамен 5,5 миллиард доллар бюджетімен 66 қорғаныс жобасын атқарып, қазір қорғаныс жобалары бюджеті шамамен 11 есе артып, 60 миллиард долларға, қорғаныс жоба саны да 9 есе артып, 600-ден асатын жоба жүргізетін ел болды.  Мысалы отандық жаяу әскер мылтығы енді жаппай өндіріс сатысына келді.  Отандық мылтық қазір Түрік Қарулы күштері, Жандармерия және Полиция органдары мен жоғары деңгейдегі мемлекеттік лауазым иелерінің жақын оққағарлары тарапынан қолданылуда. Тек соңғы 4 жылда 46 дана «Байрактар» TB 2 Қарулы ұшқышсыз әуе көлігі жүйесі терроризммен күрес және шекара тысындағы әскери операцияларда шамамен 60 мың сағат аспанда қызмет атқарды.

Отандық спутниктер

Түркия спутниктер арқылы ғарышта тәжірибе жинақтады.  Түрік инженерлері тарапынан жобаланып,  Түркияда өндірілген RASAT бақылау спутнигі 2011 жылы,  Гөктүрік-2 бақылау спутнигі 2012 жылы,  Гөктүрік – 1 спутнигі болса 2016 жылы ғарышқа ұшырылды.  Олар әлі күнге міндеттерін табысты түрде атқарып келеді. Осы спутниктердің маңызды пайдаларының бірі Түрік Қарулы күштері және қауіпсіздік күштеріне ғарыштан көріністер ұсынып,  терроризммен күрес операцияларына қолдау беруі. Түркия осыларға қоса Спутник жүйесі интеграциясы және сынақ орталығын (USET) құрды. 2020 жылы орбитаға қондырылатын Түркияның тұңғыш отандық коммуникация спутнигі Түріксат 6А осында салынып жатыр.  Гөктүрік – 1 спутнигі Гөктүрік – 2 спутнигі ғарышқа жолданғаннан 4 жылдан кейін ұшырылды.  Ең үлкен мақсаты ешбір шектемесіз Жер шары үстіндегі әрбір аймақтан әскери барлау мақсатты жоғары сапалы көрініс алу болып табылатын Гөктүрік – 1 спутнигінің камера жүйесі мен электро-оптикалық жихаздарының кейбірін Израиль қамдайтын еді.  Израиль Түркияның осыншама технологиялық қабілетке ие болуын қаламайтындықтан,  Франция компаниясына қысым жасап,  спутниктің ғарышқа жіберілуіне кедергі болды. Израиль айырықша Гөктүрік – 1 спутнигінінің Израильдің үстінен өтіп бара жатып көрініс алмауын сұрады.  Түркия болса көріністе шектеу болмауына кепілдік талап етті.  Түркияның талабы кері қайтарылған соң,  Түркия ақшасын төлеуді тоқтатты. Түркия жабдықтары мен компьютерлік бағдарламалары түрік инженерлері тарапынан дайындалған Гөктүрік – 2 спутнигін 2012 жылы Қытайдан ұшырғаннан кейін компания кері қадам басуға мәжбүр болды.

Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түркия Ғарыш агенттігінің биыл құрылатынын сүйіншіледі.  Түркия Ғарыш агенттігі елімізде жүргізілген ғарыш жобаларының координациясы,  осы жобаларда жұмыс істейтін жұмыс күшінің дайындалуы,  түрік ғарышкер дайындалуын секілді тақырыптарда қызмет атқарады.  Өнеркәсіп және технология министрлігі 100 Күндік Іс-қимыл бағдарламасында агенттіктің биыл құрылатынын және қалыптасу жұмыстарының аяқталатынын білдірген. Өнеркәсіп және технология министрі Варанк Түркия ғарыш агенттігі арқылы ғарыш технологиялары саласында ұлттық деңгейде жұмыстардың координациясының атқарылып,  халықаралық қатынастар жүргізілетінін атап көрсетті.  Агенттіктің құрылуы осы саладағы жұмыстардың үйлесімділігі үшін өте маңызды.

 



Ұқсас жаңалықтар