Жаһандық перспектива - 32

15 шілден кейін Брунсон оқиғасы жарыққа шықты.

Жаһандық перспектива - 32

Жаһандық перспектива - 32

Соңғы кезеңде Түркия саясатында, сондай-ақ Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ артқа қалдырып кеткен жойқын зиянды мұра салдарынан дін мен мемлекет арасы қарым-қатынасы дау-дамай болуда. Көбінесе еліміздегі жағдайдың тек бізге тән екенін ойлаймыз және өкінеміз. АҚШ-тың поп Броунсон себепті Түркияға жасаған санкция шешімінің бұл жағдайдың мұндай емес екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.   

Түркия бұқаралық қауым он неше жылдан бері Түркияда миссионерлік жұмыстар істеген Брунсонның бар екенін білмеуші еді. 15 шілден кейін Брунсон оқиғасы жарыққа шықты. Брунсон PKK және FETÖ-ге қолдау бергендіктен ұсталды. Оонах Брунсонның ұсталуы себепті АҚШ-тың Түркияға бағытталған санкция шешімі АҚШ-тағы дін мен мемлекет қарым-қатынасын ойлауымызға апарып соқты. АҚШ тарапынан дін еркіндігі аясында түсіндірілсе де бұл оқиға АҚШ-тағы дін мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастар туралы қайтадан ой жүгіртуімізге жетеледі. Басқа елдердің егемендігін аяқ асты еткен мәлімдемелерге шыдамдылық жасауға болмайды.

Бір елде дін мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың үйлесімді болуы әслінде сынға тартылатын бір жағдай емес. Керісінше бұл жағдай дін еркіндіктері тұрғысынан позитив бір болуы мүмкін. Мысалы Еуропадағы қашқан қарақшылар тарапынан құрылған АҚШ таяу уақыттарға дейін дін еркіндіктер жақтаушыларының емін-еркін өмір сүрген бір елі ратында қаралауда еді.

Дін мен мемлекет қарым-қатынастарының үйлесімді болуының артқы жағында бір елдің дін мемлекеті болуы да сынға тартылатын бір жағдай болуы мүмкін. Түрлі мәдениетке кең пейілділікпен қараған, дінді көп санды ретінде бағалаған бір дін мемлекеті еркіндік және адам құқықтары тұрғысынан қиыншылық тудырмауы мүмкін. Тіпті мұндай бір жағдай елдің имперализм ізденістеріне тосқауыл жасай алады. Діннің ықпалы күшті болған Османлы мемлекеті осы жағдайдың нақтылы бір үлгісі болып саналады.

Діндердің мемлекеттермен, адам құқықтары және еркіндіктері негізінде үйлесімді бір байланыста болуына  ие шығып, бір діни империализм мүдделері үшін қолданылуына қарсы шығуымыз керек. Керісінше де яғни бір діннің бір мемлекетті әрқандай бір принцип, құндылық, шектеме қоймай, өз империализм мүдделерінде қаруға айналдыруына да қарсы шығуымыз керек. Дін мен мемлекет қарым-қатынастарының ең қате орналастыру түріне бір дін мемлекеті болған Израиль немесе бір мемлекет діні болған сионизм үлгі бола алады. Талай ғасырдан бері бірге өмір сүрген мұсылмандар, христиандар және еврейлер Израиль әкімшілігінде бірге өмір сүре алмайтын жағдайға келген.

Қайтадан АҚШ-қа келетін болсақ, американдық дін қызметкері, евангелист Андреу Брунсонның және Түркияға санкция жасауы үшін барлық күшін жұмсаған АҚШ президент орынбасары Майк Пенстің бірдей діннің мүшелері екені баяндалуда. Америка қауымында, саясатта, бюрократта евангелисттің қатты ықпалды екені байқалуда. АҚШ-та 90 миллион евангелисттің болғаны, бұдан бұрынғы бірқатар президенттердің де евангелист болғаны баршаға аян. Сондықтан Брунсон оқиғасының Түркиямен емес, АҚШ және Евангелизммен байланысты екені көрілуде.

Евангелизм деген не?

Евангелизм-кейбір протестанттық секталардың жеке қайта тууға және құтқарылуы құралы ретінде Христостың өлімі арқылы күнәдан арылуға сенімі. Евангелизмнің православ немесе католик емес, протестанттық ішіндегі бір мэсхаб ретінде орын алуда. Евангелизм 19-шы ғасырда өзгере бастағаны байқалуда. Евангелизм сөзі «қасиетті кітапқа бағыну» деген сөз. Қасиетті кітап тек христиандардың «Інжіл» емес, сонымен қатар еврейлер үшін қасиетті болған көне Ахит болып табылады. «Інжіл» сөзі - «сүйінші», «ізгі хабар» деген ұғымды білдіреді. Қайтадан жаңаланған осы протестанттықтың көзқарасы бойынша дүниенің соңында христиандық барлық әлемді билейді және одан кейін қиямет күні болады. Алайда бұл процес ұзақ уақыт жалғасуы мүмкін. Евангелисттердің көзқарасы бойынша осы процесті тездету керек. Евангелисттердің басқа христиандардан айырмашылығы болса еврейлердің таңдаулы және текті бір ұт екені, өз территорияларында христиандардың оларға сөзсіз түрде жәрдем беруі керектігіне сенуінде.


Этикеттер: Түркия , АҚШ

Ұқсас жаңалықтар