Пилотсыз ұшу аппараттары (Камикадзе дрондар)

Қорғаныста ұлттық жобалар 03

Пилотсыз ұшу аппараттары (Камикадзе дрондар)

Террормен күресте өзін-өзі жоятын қабілетке ие (камикадзе) дрондарды Түркия АҚШ-тан сатып алғысы келеді, бірақ АҚШ сатпайды. Түркия қазір алғаш камикадзе пилотсыз ұшу аппараттары ретінде ALPAGU (Алпагу) мен KARGU-ға (Каргу) қоса күзету мақсатты TOGAN-ды (Тоган) өндіріп қолдана бастады.

Түркия соңғы жылдары қорғаныс саласында өндірген жаңа ұлттық өнімдерімен назар аударуда. Кинофильм саласында аспаннан түсіретін камераны тасыған дрондар енді барлық салаларда қолданыла бастады. Бұл аяда террормен күрес саласында аса маңызды қабілеттерге ие дрондарды немесе пилотсыз ұшу аппараттарын отандық мүмкіншіліктермен өндірeміз. Түркия террормен күресте нысанамен бірге өзін-өзі жою қабілетіне ие (камикадзе) дрондарды АҚШ-тан сатып алғысы келді, дегенмен АҚШ бермеді. АҚШ-тың террормен күресте ықпалды осы технологиясын стратегиялық ортағы ретінде Түркияға бермеуі таңқалдырған бір жағдай болды. Бірақ осы жағдайды еліміз өз мүддесіне айналдырып отандық дрондарды өндірді және қолдана бастады. Түркия отандық өнімін өз мамандары және отандық мүмкіншіліктерімен өндіре бастады. Тіпті осы өнімдерді сатып алу үшін әртүрлі елдерден тапсырыстар түсуі Түркияның бұл тақырыптағы табысының маңыздылығын көрсетуде. Түркия әлемде мұндай камикадзе пилотсыз ұшу аппараттары өндірісі жасай алатын 3 мемлекеттің біріне айналды.

Түркия пилотсыз ұшу аппараттары технологиясында маңызды бір тұғырға көшті. Түркия көгілдір аспандағы «жаңа әскерлері» деп атаған «камикадзе қарулы пилотсыз ұшу аппараттарының» жаппай өндірісіне өтіп, қауіпсіздік күштерінің қолданысына берді. STM (Қорғаныс технологиялары инженерлік және сауда АҚ) тарапынан отандық қару ретінде жетілдірілген және өндірілген үш пилотсыз ұшу аппараты жайлы сөз қозғайық: Олар - ALPAGU (Автономды тактикалық, қанаттары тұрақты шабуыл пилотсыз ұшу аппараты), KARGU (Автономды айналмалы қанатты жойғыш пилотсыз ұшу аппараты) және TOGAN (Автономды айналмалы қанатты барлау пилотсыз ұшу аппараты жүйесі). Қорғаныс технологиялары инженерлік және сауда АҚ (STM), Түрік қарулы күштері (ТҚК) және Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшілігі (SSM) жүйе инженерлігі, техникалық қолдау, жоба басқару, технологиялық алмасу сияқты міндеттерді орындау мақсатты Қорғаныс өнеркәсібі атқару кеңесшілігі қабылдаған шешім негізінде құрылған бір мекеме болып табылады.

Түркияның алғашқы отандық камикадзе және барлау мақсатты пилотсыз ұшу аппараттары 2017 жылдың қараша айынан бастап Арнайы күштер қолбасшылығы мен Теңіз күштері қолбасшылығына тапсырыла бастады. Отандық камикадзе пилотсыз ұшу аппараты KARGU Африндегі Зәйтүн бұтағы операциясында қолданылды. Өзінен қашқан 5 адамнан тұратын террористік топтың ізіне түскен KARGU PKK-лықтарға ең көп жақындаған қашықтықта өзі-өзін жарып, топты залалсыздандырған еді. KARGU-ның арқасында арнайы жасақтар қызметкерлері террористерді 5 шақырым қашықтықтан жойған болатын. Африннен кейін қазір Кандил тауындағы террористердің қорқынышына айналды.

ALPAGU (Автономды тактикалық, қанаттары тұрақты шабуылдаушы пилотсыз ұшу аппараты)

Отандық дрондар бүгінгі таңда асимметриялық соғыс және террормен күрес операцияларында ең мықты күрес құралы болып табылады. ALPAGU түрік тілінде «Бір өзі дұшпанға шабуылдаған жігіт» деген мағынаға келеді. Бір әскер тарапынан тасымалдана алады. Нысаналарын анықтап, дұшпанды залалсыздандыру міндетін орындай алады.

Өндірушісі STM-ге қарағанда ALPAGU-дыңкейбір техникалық ерекшеліктері мыналар: Барлау, күзету және шағын мөлшерлі қауіптерді жою қабілетіне ие, қанаттары тұрақты, шабуылдаушы пилотсыз ұшу аппараты. ALPAGU түп нұсқаулық және нақты уақыт режиміндегі бейне көріністі тіркеу және терең үйрену алгоритмдерімен тұрақты немесе жылжымалы нысаналарға қарсы ықпалды қолданыла алады.

KARGU (Автономды қанаттары айналмалы, шабуылдаушы пилотсыз ұшу аппараты)

Түрік тілінде «KARGU» ‘таудың басындағы бақылау мұнарасы’ немесе ‘қаршыға құс’ деген мағынаға келеді. Айналмалы қанатты «камикадзе қарулы дрон» ретінде аталады.

Өндірушісі STM-ге қарағанда KARGU-дың кейбір техникалық ерекшеліктері мыналар: KARGU автономды немесе алыстан басқару жүйесімен жұмыс істей алатын қанаттары айналмалы отандық пилотсыз ұшу аппараты. Жүйе – «қанаттары айналмалы» пилотсыз ұшу аппараты және «Жер бақылау жүйесінен» тұрады. KARGU күндіз және түнде ықпалды операция қабілетіне ие. Әртүрлі оқ-дәрі мүмкіншілігімен жылжымалы нысаналарға бағыт алады. Өзін-өзі жару ерекшелігіне қоса, әртүрлі биіктіктегі нысананы жою қабілеті назар аударады.

TOGAN (Автономды қанаттары айналмалы, барлау пилотсыз ұшу аппараты жүйесі)

Мерген оптикасымен сапалы барлау қызметі жасаған «TOGAN», мықты қанаттарымен аспанда айналмалы қозғалған ‘лашын құстан’ есімін алған.

Өндірушісі STM-ге қарағанда TOGAN-ның кейбір техникалық ерекшеліктері мыналар: жалпы мақсатты барлау және күзету қызметінде қолдану үшін дизайн етілген. Өзіндік қызмет жоспарлау бағдарламасы, автономды сана мен операциялық қабілеттері назар ауда

рушы басты ерекшеліктері. TOGAN автономды немесе алыстан басқару жүйесімен бір қызметкер тарапынан тасымалданып, қолданылған көп айналмалы қанатты пилотсыз ұшу аппараты.

Осы отандық пилотсыз ұшу аппараттары террористтердің қашуына рұқсат бермейді. Террористтердің үңгірлеріне дейін кіріп, залалсыздандыру ерекшелігіне ие. ALPAGU және KARGU 1 минуттан қысқа уақытта дайындалып ұшырылады. Антиперсаналды оқ-дәрілер тасымалдап, нысанаға қарай бағытталып, сағатына 120-140 шақырым арасында бір жылдамдыққа ұласады. Тасыған оқ-дәрісі 20 текшеметрлік алаңдағы нысаналарды толығымен жояды. Түркия өндірген осы отандық өнімдермен күрескен терор ұйымдарының барлығының қорқынышына айналуды жалғастырады.



Ұқсас жаңалықтар