Абдуллах-ы Илахи (Симави Шейхі)

Анатолының дана - ғұламалары 31

Абдуллах-ы Илахи (Симави Шейхі)

Көптеген адам білмейтін шығар, дегенмен шаң басқан кітап сөресінде тұрған ұлы қазынаның иесіміз. Бұл қазына Түркияның бор резервтерінен де маңызды. Қазірше тек қана бір уыс адам ғана мұның не екенін біледі. Дегенмен жақын келешекте барша үйреніп, тіршілікті жеңілдететін бұл қазыналарды пайдаланады.

Анатолы дәруіштерінің кітаптары жайлы айтып отырмыз. Ұлы бір даналық дәстүрі және одан мұра қалған інжу-маржандардың бірі.

Юнус және Мәулананы баршамыз танимыз. Әйтсе де Эшрефоғлу Румиді, Давуд әл-Каймериді, Ахмеде Ханиді енді ғана тани бастадық. Әлі қаншама үлкен тұлғалардың көзқарасты кеңейтетін шығармалары да жарыққа шығу үшін архивтерде жатыр. Бірақ уайымдаудың кергі жоқ, жақында кезек оларға да келеді.

Анатолы дана - ғұламалары – бұл талпынысқа сәл де болса үлес қосуға тырысқан бір бағдарлама. Хикметтің мұхиттың тереңдігіне батқан сайын жоғалмайтын бір інжу сияқты екенін көрсетуге тырысады.

Ақиқат інжу-маржандарының ең көп жарқындарының бірі жайлы баяндағымыз келеді. Анатолыға Түркістаннан алған нәрімен жарық түсірген Абдуллах-ы Илахиді басқаша айтқанда Симав Шейхті сіздерге танытамыз.

15-ші ғасырдың ұлы сопыларының бірі ақын және ғұлама Абдуллах-ы Илахи Күтахияда туылған. Оны «Шейх Илахи» деп те атаған. Стамбұлға тұңғыш рет жас кезінде келіп, осында сол дәуірдің мықты ұстаздарының бірі Алааддин эт-Тусидің шәкірті болған.

Алааддин эт-Туси ақиқат ғылымында өзін жетілдіру үшін шығысқа қарай көшкен кезде, Абдуллах-ы Илахиде сонымен барады.

Ұстазымен бірге алдымен Иранға, кейін болса Самарқантқа өтеді. Осында тіршілігіндегі көптеген нәрсе өзгереді.

Өйткені жас бір ғалым үміткері болуына қарамастан жүрегінде әбден басқа бір от жанатын. Cынақтар, зерттеулер және формулалар ақылына сай келсе де, көңіліне жетіспей жатады.

Ақырында ақ көңіліне барлық кітаптарын өртеу, өзенге тастау келеді. Бұл ғаламға тән білген не болса бәрін ұмытуды қалайды. Бірақ таныған бір досы оған ыңғайлы бір шешім ұсынады: «Кітаптарыңды өртеме, сатып жібер және ақшасын кедейлерге тарат. Осылайша олардан әрі ғалымдар, әрі кедейлер пайда табады» дейді. Абдуллах-ы Илаһи досы берген ұсынысты орындайды, ғаламдағы жүктерінен құтылып, жолға аттанады. Тағдыры оны ұстазы Убейдулла Ахрардың есігіне дейін әкеледі. Ғұламалар ошағы Самаркандта өзіне мықты бір бағыттаушы табады.

Убейдуллах Ахрар ұлы бір сопы және Нақшбандийа тариқатының басшысы ретінде жас Абдуллахқа жолдың бар нәзік тұстарын үйретеді. Ол да мықты бір шәкірт болғаны себепті ұстазының назарына ілініп, оның рұқсатын алады.

Кейінгі аялдамасы тағы Анатолы болады. Ұстазы оны адамдарды тәрбиелесін деп туған еліне қайта жібереді. Оны Анатолыда үлкен қуанышпен қарсы алады. Ғылыми тереңдігі және мейірімділігімен көңілдерді жаулап алады.

Атағы Стамбұлға дейін жетіп, ол жерден шақырылған соң біраз уақыт Стамбұлда сабақ береді. Ақыры өзіне деген қатты қызығушылықтан шаршаған соң осы жолы Салоники төңірегіне барып жайғасады. Өмірінің қалған уақытында осында тұрып шығармаларын жазады.

Абдуллах-ы Илаһи жазған ерекше шығармаларымен және Накшибенди доктиринасын Анатолыға тұңғыш әкелген тұлға ретінде тарихымызда терең із қалдырады.

Әзірет Али Селман Фарсиге жазған бір хатында: «Әлем» дейді, «Жыланның терісі сияқты. Терісі жұмсақ, бірақ уы өлтіреді. Саған ұнаған нәрселерден аулақ бол, саған онша жақындамасын».

Ислам дәстүрінде бір «ғылым есігі» ретінде аталған әзірет Алидің осы ұстанымы Абдуллах Илаһи сияқты Анатолы дәруіштерінің де негізгі ережесі болып табылады. Олар да әлемнің жақсы бірақ пәс жүзін өте жақсы біледі. Және мүмкіндігінше көңілдерінде дүнияуи махаббаттарға орын бермейді. Ғылым мен рақымшылдықты жақтап, жақсы жұмыстарға жүгіруді, мұқтаждарға қызмет етуді жақсы көреді. Бәрінен көп жарылқаушыны жақсы көріп, осылайша оның да өздерін жақсы көруін күтеді.

Абдуллах-ы Илаһидің «Эсрарнаме» (Жұмбақ жазба) атты кітабында әлем жайлы бір теңеуі қатты түсіндіреді. Шейх Илаһи осында әлемді кемпір және сиқыршы бір әйелге ұқсатады. Бұл сиқыршы әйел қолында ұстаған сиқырлы таяқпенен өзіне қарай жақындағандарды ат пен есекке айналдырады. Осының бір жамандығы хайуанатқа айналған бұл адамдар ешқашан өзгерген жағдайларын байқай алмайды.

Симав шейхи осы сюрреалист теңеумен ақиқат жолаушыларын әлем делінген кемпір сиқыршыға қарсы ескертеді. Бұл аса тәжірибелі сиқыршының ойындары ешқандай таусылмайды. Әр адамға лайық жағдай жасайды. Сол үшін қасына жақындамау өте пайдалы.

 

Махаббат жоқ көңілде, қызық жан бола ма?

Ал махаббат жоқ жанда, имандылық бола ма?

 

Абдуллах-ы илаһи сондай-ақ Ибн Арабидің ізбасары болып табылады. Оның «Уахдеди Вуджуд» яғни болмыс бірлігі пәлсапасына терең бағынады. Ғаламшардағы әр нәрсенің киелі бір тағдыр екеніне қатты сенгені себепті барлық болмысқа қарсы киелі бір махаббат сезінеді.

Жер бетіндегі тіршіліктің бір мағынасы бар болса, міне ол да осы махаббатта оның ойынша, жасырынады.

Шейх Илаһи бір диқанды мысал келтіреді. Бұл диқан топыраққа бір өріктің дәнін еккен кезде оған алдымен «дән» дейді. Сол дән атып шыққан кезде «тал», көктеп шыққан кезде «көшет» деп атайды. Ақыры өсіп жеміс берген кезде ол кіші дәнге «ағаш» делінеді. Шейх Илаһи «түрі мен атауы не болса да, ол ағаштың мақсаты бізге сол жемісті беру» дейді.

Міне, әлем тіршілігінің мақсаты да киелі махаббат жемісінде жасырынған. Сопылар жаһанның махаббатпен, махаббат үшін, махаббатқа қарай жаратылғанын ойлайды. Сондықтан адам үшін де жалғыз тура бағыт сол жер болып табылады.

Басымыз жүз мыңдаған азапқа ұшырады ма? Қайғылар бірінен соң бірі алдымызға үйілді ме? Кедейлік, жоқшылдық және құнсыздық биік қабырғалар сияқты айналамызды қоршап алды ма?

Міне, дәл осы кезде одан да мықты түрде айқайлаудың аты махаббат. Өйткені махаббатқа үміткер болу деген сөз, тынышсыздыққа үміткер болу деген сөз. 

Қайғыны өзінің мамандығы қылған деген сөз. Ал барлық осы кедергілерге қарамастан сен әлі сөзінен тайынбаған болсаң, сол кезде берілген махаббат иесі ретінде бұл жолда жүруге лайықсың деген сөз. Жоқ сол кезде бас тартқан болсаң, еліктегіш ғашықсың!

Бұл жол еліктеу жолы емес. Күрес жолы, талпыныс жолы. Сен тек талпынысыңды көрсет. Сол кезде махаббат келеді, сен қаламасаң да сені табады. Ол шербеттен бір рет ішкен адам да енді одан бас тартпайтын болады.



Ұқсас жаңалықтар