Күн тәртібі - 31

Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Финляндияның Хельсинки қаласында өткізілген жиналысы үлкен маңызға ие.

Күн тәртібі - 31

Күн тәртібі - 31

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Финляндияның Хельсинки қаласында өткізілген жиналысы үлкен маңызға ие. Президенттік сарайда бас қосқан екі басшы Мәскеу-Вашингтон ынтымақтастығын салқын соғысқа жақындатқан мәселелерді алғаш рет бетпе-бет жан-жақты қолға алды. Басшылар оңаша кездесудің артынан камералар алдында баспасөз жиналысы өткізді. Трамп саммитпен байланысты «Жақсы нәрселер болады, жаман нәрселер емес» деді. Тарихи саммиттің күн тәртібі өте тығыз еді.  Екі ел арасында дағдарысқа айналған ынтымақтастық, экономикалық эмбарголар, Сирия дағдарысы, АҚШ-тағы президенттік сайлауға Ресейдің араласқаны қауесеттеріне қоса көптеген маңызды мәселе күн тәртіпті болды.

 Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.  

Трамп пен Путиннің кездесуінің басты тақырыбы баллистикалық атомдық қару, Ресейдің Америка сайлауындағы килігу, энергия саясаты, Сирия және Қытай болды.

Тарихқа көз жіберетін болсақ Кеңестер Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы дағдарыс ушыққан кезеңдерде екі ел келіссөзді өткізу үшін  бейтарап ел ретінде  Финляндияны таңдаған еді. Міне Трамп пен Путин де осы дәстүр бойынша кездесулерін Финляндияда өткізді. Финляндияның қонақ иелігінде өткізілген кездесу тек екі ел қарым-қатынастары үшін ғана емес, барша әлем үшін де үлкен маңызға ие.

Кездесуден кейін екі лидер баспасөз жиналыс өткізді. Трамптың баспасөз жасау барысындағы тұғыры және мәлімдемелері АҚШ-тың алдыңғы қатардағы таралым органдары және саясатшылары тарапынан сынға тартылды. АҚШ президенті Дональд Трампқа Ресейдің Америка сайлауына киліккені туралы сұрақ сұралды. Трамп осы сұрақтарға орай Ресей президенті Путиннің қасында АҚШ баспасөз ұйымдарын сынға тартып, Ресейдің айтқандарына тіпті сенгені жайлы сөздері үлкен наразылық туғызды. Дональд Трамп одан кейін Хельсинкидегі жиналыста «wouldn’t» орнына қателесіп,  «would» дегенін, сондай-ақ осылайша қате мағынада бір мәлімдеме жасағанын айтып, Хельсинкидегі мәлімдемелерін түзелткен болды.  

Трамп пен Путиннің кездесулері Америка бұқаралық қауымдардың наразылығына душар болғанымен екі лидер екі ел және халықаралық геосаяси тақырыптарында маңызды келіссөз жүргізді. Ең маңызды тақырыптың екі елдің Қытай жөніндегі көзқарастары екенін айтуға болады. АҚШ-тың Қытай тауарларына қарсы экономикалық соғыс мағынасындағы қосымша кеден салық шешімі АҚШ пен Қытай арасындағы дағдарысқа себеп болған еді. Хельсинкидегі кездесуде АҚШ пен Ресей арасында Қытайға қарсы бірге әрекет жасауы жөнінде өзара тамыр ұсталды. Алайда Ресей мен АҚШ Қытайға қарсы бір одақтастық құрудың қазіргі жағдайда мүмкін емес екені де байқалды.

Хельсинкидегі басқа маңызды бір тақырып болса Сирия еді. АҚШ пен Ресей әсіресе оңтүстік Сириядағы оқиғаларды талқылады. Сондай-ақ Израильдің қауіпсіздігін және Иранның оңтүстік Сириядағы әскери күштерін қолға алды. Владимир Путин Израиль мен Сирия режимі арасында 1974 жылғы келісім негізінде бір келіссөз жасалуы мүмкіндігін алға тартты. АҚШ президенті Дональд Трамп болса, Америка Құрама Штаттарының Иранның Сириядағы әскери күшінің орын алуын қабылдамайтынын атап өтті. Алайда АҚЩ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы Сирияда қандай қадам басуын баяндамады.

Екі ел лидерлері арасында өткізілген кездесу НАТО саммитінен кейін болды. НАТО жиналысында Германияны энергия саясаттары тұрғысынан Ресейге тәуелді болғаны себепті сынға тартқан АҚШ президенті Дональд Трамп Хельсинкидегі баспасөз жиналысында бұл шешімнің Германияға тән екенін айтты.  Ресей президенті Владимир Путин болса бұқаралық ұйымдары құзырында АҚШ-қа халықаралық нарықтағы газ бағаларын бірге белгілеу ұсынысын қайталады. Мысалы Ресей экономикасы газ экспортына тәуелді екені үшін халықаралық нарықтағы энергия бағалары тікелей түрде Ресей экономикасына ықпал жасауда.

Хельсинкидегі жиналыстың басқа бір маңызды мәселесі болса атомдық қару тақырыбы еді. АҚШ пен Ресей әлемде бар болған барлық атомдық қарулардың 90 пайызына ие. Екі ел лидерлерінің кездесуінде әлемдегі атомдық қарулардың санын азайту үшін АҚШ пен Ресей арасындағы келісімнің жалғастырылуына шешім жасады.

Хельсинки жиналысы АҚШ пен Ресей арасындағы дағдарыстың үлкен жақтан шешілмесе де, екі ел лидерлерінің бейтарап бір аймақта кездесуі, көптеген тақырыпта пікір алмасуы екі ел арасындағы қарым-қатынастарының жақсарылуына бағытталған бір қадам болып табылады.

 


Этикеттер: Финляндия , Ресей

Ұқсас жаңалықтар