Батыс туралы қандай тұғыр ұстану керек?

Жаһандық перспектива - 30

Батыс туралы қандай тұғыр ұстану керек?

Жаһандық перспектива - 30

Бұл қауымдардың осы ізденістері сөзсіз түрде жалғасады.Алайда өмір жалғасуда. Батыс тысындағы қауымдар «алдымен өзіне жеңілсін, одан кейін барып батыспен байланыс жасасын» деуге болмайды. Бір жағынан осы талпыныстарды жалғастырған кезде, енді бір тараптан шығыс, батыс, солтүстік және оңтүстікпен қарым-қатынастарын жалғастыруы керек. Өйткені өмірді тоқтатуға болмайды. Бұл жерде өзінің тұғырын айқындамай тұрып, батыс тысындағы қауымның батыс және оның мәдениетімен байланыс құратыны, батысқа қалай көз қараста болатыны жайлы мәселе еске түседі. Ислам мәдениеті сынды үлкен мәдениеттер кеше ғана жарыққа шыққан тексіз бір мәдениет емес. Талай ғасырдың тәжірибесін жинаған, түрлі қауымның бастарын қоса алатын, кешірімділік ерекшелігіне ие, бай және өркениетті бір мәдениет. Осыған қоса бір дін ретінде Исламның  дамуы да бір рет те ғана, емес ұзақ уақыттың сынағынан өткен және кең қанат жайған бір мәдениет.

Батыс тысындағы қауымдар бір тараптан өздерін өз тектерінен жан-жақты жаңалықтарды жаратуға тырысқан кезде, батыс алдында қалай бір тұғыр ұстанады немесе өзін қалай қорғайды?

Осы сұрақтың жауабы кеше де маңызды болды және осы таңда да маңызды болуда. Батыстың әлемдегі ықпалы соңғы екі ғасырда тіпті де артты. Ең маңыздысы осы таңда батыс тысындағы қауымдардан он миллиондаған адам батыста өмір сүруде. Өзінің өмір сүрген георгафиялық жағдайымен батыстық қауымдармен жасайтын қарым-қатынастары өміршеңдік маңызға ие.

Әрі жаулаушы саясаттары, әрі ассимиляция саясаттары себепті батыста өмір сүрген батыс тысындағы қауымдарда батысқа деген қарсы көзқарасы кең қанат жаюда. Батыстың жаулаушы және ассимиляция саясаттарына душар болған адамдардың сезімдерін түсінуге болады. Сонымен қатар кейде осы қарсылық сезім тек батыспен шектелмеуде, өмірдің барлық қырында көрілуде. Батысқа қарсылық, заманауи әрекеттерге қарсылық, капитализмге қарсылық, жаһандануға қарсылық секілді қарсы тұғырлар әр салада байқалуда. Қарсылық сезім кейде жеке адамдардың жасампаздыққа жұмсамаған күшті, заманауи әрекетіне, жаһандануға батыстық менталитетке, сионизмге, барлық батысқа қарсы жұмсауы  мүмкін.

Күдіксіз батыс және мәдениет ішінде қарсы шығуға тиісті көптеген нәрсе бар. Қате болған нәрсе, өз сенімімен жасалған бағалаудан кейін тік бір нәрсеге ғана қарсы шығу емес, жаппай нәрсе қарсы шығу болып табылады. Бәлкім бір шарасыздық, жеңіліске ұшырау, не естерін білмеу және екіұдай болғандықтан ән нәрсеге қарсы шығып мауқым басу жағдай болуы мүмкін. Бұл әрекет жеке адам басына, әсіресе жастардың ойынан шығуы мүмкін. Олар қарсылық әрекеттері арқылы көп нәрсені күйретеді. Бірақ бұл қарсылық еркін бір идея ретінде табан тіреп тұра алмайды. Бір адамның идеологияның, көзқарастың қарсы болған нәрсе арқылы түсіндірілуі және өзін қарсы болған нәрсе арқылы белгілеуі деген сөз. Өйткені бұл қарсылық арқылы өзін түсіндіру және керісінше қарсы болған нәрсеге бас ию дегендік.

Шүбәсіз батыс және мәдениет ішінде қарсы шығуға тиісті көп нәрсе бар. Қарсылық арқылы өзін қорғау адамды сүйсіндіруі мүмкін. Бұл қарсылық өмірден, әлемнен және шындықтан тіпті алшақтатудан басқа не үлес қоса алады? Қарсылық арқылы өзін қорғауы адамның өзін тергеуін, қарсы болған нәрсенің шындығын және мүмкін бір ынтымақтастығын жояды. Сонымен қатар мәселені шешімсіз тұңғиыққа апарып соғады. Мұндай бір қарсылық жалпы алғанда қарсы жағындағылардың да күш жұмсауына итермелейді. Хашхашилер мен кресттер арасындағы қарым-қатынасы, бүгінгі радикал ағымдар мен батыстық кейбір барлау ұйымдары арасындағы қарым-қатынастары осы жағдайдың айқын дәлелі болып табылады. Осы таңдағы қажетті нәрсе маңайымызды қоршаған шешімсіз мәселелерді  ушықтырған, барған сайын өрбіген, жеңіліс психологиясы арқылы әр нәрсеге қарсы шыққан және барлық нәрсені қабылдамаған емес, керісінше сеніммен мәселені шешуге тырысу тұғыры. Сондықтан байсалды, салмақты және сеніммен барлық тараптармен қарым-қатынас жасау керек.

Мәселеге осы тұғырмен қаралатын болса, онда «батысқа қарсы емес» , «батыспен ымыраласу» арқылы өзімізді қалай қорғау жөнінде іске кіріскеніміз жөн. Өйткені «Батысқа қарсы» деудің өзі басынан бастап мәселенің шешілуі емес, мәселенің ушығуына апарып соғады. Қарсылық арқылы жасалатын әртүрлі өзімізді қорғау әрекеттері жолымыздан адастырады, бізді тұңғиыққа тірейді. Енді бір жағынан «Батысқа қарсы» бір қорғану ізденісі табиғи түрде батыс орталығына өзін орналастырады. Әслінде батыс тысындағы қауымдардың өз сенімі, мәдениеті және өркениеттерін орталық ете отырып орын алулары керек. Біздің мақсатымыз болса, көзқарасымызды табиғи түрде Ислам және Ислам мәдениетін, өз тарихымызды және мәдениетімізді белгілеу болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар