Түркияның отандық кемесі – MİLGEM

Түркия енді өзіне қажетті отандық кемелерді жасай отырып,  бір жағынан кемелерді шетелге сата бастады.

Түркияның отандық кемесі – MİLGEM

Еліміздің ең маңызды жобаларының бірі, Сүңгуір қорғаныста әскери және барлау кемесі MİLGEM отандық мүмкіндіктермен Стамбул Кеме жасау зауытында өндірілді. Жоба аясында қазірге дейін елге керек 4 отандық кеме өндірілді.  Айырықша Пәкістан Теңіз күштеріне қажетті 4 кеменің тендерін ұтып алдық.

Ардақты тыңдаушылар.  Түрік Харб-Иш кәсіподағының Оқу басқармасы директоры Таркан Зенгиннің анализін ұсынамыз.

**

Еліміздің ең маңызды жобаларының бірі, Сүңгуір қорғаныста әскери және барлау кемесі MİLGEM отандық мүмкіндіктермен өндірілді. Жоба басталғаннан кейін кейде кейбір кедергілер шығып қалады. Түркияда осы аяда өндірілетін ұлттық қорғаныс өнімдері тұрғысынан да кедергілер болды.  Осыған қарамастан жоба жалғастырылуда.  Стамбул Кеме жасау қолбасшылығында жүргізілген жобаны сол кездегі премьер-министр Режеп Тайып Ердоған естиді.  Ердоған жобада міндет алған қолбасшыларға «MİLGEM жобасы үшін не қажет болса,  міндетті түрде атқарыңдар.  Мен сіздерге қолдау беремін» дейді.  Осы уәде мен берілген қолдау арқылы бүгінгі күні төртінші кеме жасап шығарылды.  Сонымен бірге Пәкістанға 4 кеме жасап беру үшін келістік.  Жоба аясында бірінші кеме TCG HEYBELİADA (F-511) 2011 жылдың 27 қыркүйек күні, екінші кеме TCG BÜYÜKADA (F-512) 2013 жылдың 27 қыркүйек күнінен бастап қызметке берілді. Теңіз күштері қолбасшылығы құрамында міндет атқаруда.  Үшінші кеме TCG BURGAZADA (F-513) 2016 жылдың 18 маусым күні,  төртінші кеме TCG KINALIADA (F-514) 2017 жылдың 3 шілде күні қызметке берілді.

MİLGEM корветі су асты жарылыстарына төзімді түрде салынды.  Ешбір логистикалық қолдаусыз 10 күн бойы теңізде болу мүмкіндігіне ие.  Технологиялық жетістіктерге сай ыңғайлы және жылдам жаңалатын конфугирация құрылымы ойластырылған.  Айырықша салмағы 10 тонналық тікұшақтың күндіз түні ұшып қонуына қолайлы.

MİLGEM корветінің су үсті әскери, су асты қорғаныс,  әуе қорғанысы,  барлау қызметі, ассиметриялық қауіптерге қарсы қорғаныс және басшылық-бақылау міндеттерін атқару қабілеті бар. Осы ерекшеліктерімен әлемнің ең жетілген әскери кемелерінің бірі болып саналады.

MİLGEM-нің көптеген ерекшеліктері мен жүйесі бар.  Осы тұрғыдан берілетін операциялық міндеттерді атқару мақсатымен

Әуе,  су үсті,  су асты және электрондық соғыс мақсатты,  дамыған нысана іздеу және бақылау жүйелеріне,

Су үсті нысаналарға қарсы дәлдікпен ататын оқ және зеңбірек жүйелеріне,

Әуедегі нысаналарға қарсы дәлдікпен ататын оқ және зеңбірек жүйелеріне,

Су асты нысаналарына қарсы жүйелерге,

Электроникалық қолдау және лазерлі ескерту жүйесі мен лазерлі радарларды анықтау мүмкіндігіне,

Жоғары технологиялық шайқас жүйелеріне,

Осылардың барлығына интеграция қамдайтын Отандық басқару бақылау жүйелеріне ие.

Қорғаныс Өнеркәсібі басқармасы мен Теңіз күштері қолбасшылығының отандық мүмкіндіктер қолданылған Отандық кеме (MİLGEM) жобасы аясында Түркияда бірінші рет заманауи технологияға сай,  жоғары стандартты,  күрделі су үсті әскери кемесінің дизайн және интеграциясы отандық өнеркәсіптің көмегімен отандық мүмкіндіктер қолданыла отырып жүзеге асырылды.  MİLGEM Стамбул кеме жасау зауытында,  мемлекеттік кәсіпорында мемлекеттік қызметкерлер, офицерлердің қолында және отандық қолдаумен жасалды.  Түркия отандық кеме өндірісінде әлеуетін көрсеткені соншалық,  енді отандық өнімдерін басқа елдерге сата бастады.

Пәкістан Теңіз күштеріне қажетті 4 корветтің тендері 2018 жылдың 5 шілде күні аяқталды және тендерді Түркия жеңіп алды. Осы тендер түрік қорғаныс өнеркәсібінде бүгінге дейін бір жолы 5 миллиард долларлық құнымен ең жоғары экспорт ретінде тарихта қалады.  Тендер шеңберінде отандық өнімдер қолданылатын 4 әскери кеме тапсырылады.  Корветтердің екеуі Ұлттық Қорғаныс министрлігі құрамындағы Стамбул кеме жасау қолбасшылығында, қалған екеуі Пәкістанда Карачиде жасалады.

Түркия енді өзіне қажетті отандық кемелерді жасай отырып,  бір жағынан кемелерді шетелге сата бастады.  Мұның тек экономикалық емес,  елімізге басқа жақтардан да үлесі мол болады.



Ұқсас жаңалықтар