Түркияның сайлауы және түрік сыртқы саясаты

Түрік сыртқы саясатының бағдары 28

Түркияның сайлауы және түрік сыртқы саясаты

Түркия Республикасында 24 маусым күні болып өткен президенттік және депутаттық сайлаудың қорытындысы шықты. Әрі батыс, әрі халықаралық қоғам сайлауға қатты назар аударды. Бұл жағдай Түркияның артып отырған аймақтық және жаһандық рөліне берілген маңызды көрсетеді.

Президенттік сайлауда Режеп Тайып Ердоған, депутаттық сайлауда болса Джумхур Одағы (Әділет және даму партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы) жеңіспен шықты. Сайлауға қатысушы санының жоғары болуы маңызды еді. Бұл жағдай түрік демократиясы көтерілген шыңды, биліктің заңдылығын және қоғамның қолдауын көрсетеді.

Сайлау алдында әлсіреген сыртқы саясат бірден қозғалды. Әйтсе де  жасалатын өте көп жұмыстар тізбесі бар және оқиғалар тез өзгеріп отыр. Сондықтан сыртқы саясатта жаңа бір кезеңнің басталғанын айтуға болады. Әйтсе де сайлаудың артынан Түркияның алдында алғашқы кезекте екі негізгі тақырып бар. Біреуі сыртқы саясат, екіншісі болса сыртқы саясатпен байланысты жүргізілетін террормен күрес.

Алдағы кезеңде Еуроодақтан бастап, батыс әлемі Түркиямен жаңа бір кезеңді бастағысы келеді. Алдағы алты ай Еуроодақ кезекті төрағалығын жүргізетін Австрияның кезеңінде қысқа мерзімде жылдам қадамдар басылуын күтпеймін. Алайда бұрынғысымен салыстырғанда одан жақсы бір ықпал байқалады. Босқын мәселесі әлі шешімін таппады және Еуроодақтың Түркиясыз бұл мәселені шешуі өте қиын.

АҚШ-пен ынтымақтастықта алдыңғы 2-3 жылға қарағанда одан жақсы бір кезең басталуы мүмкін. Өйткені АҚШ президенті Дональд Трамп Түркиямен жақын ынтымақтастық құруды қалайды. Вашингтонның бюрократиясында бюрократ/әскерлердің бір бөлімінің Түркияға қарсы екені баршаға мәлім бір шындық. Бірақ Түркия келіссөз үстелдеріне Зәйтүн бұтағы операциясы және Манбидж келіссөздері берген сеніммен отырады.

АҚШ-пен қарым-қатынастар, ішкі және сыртқы қауіпсіздіктен сыртқы саясатқа, экономикадан қаржыға, мекемелік дипломатиядан заңдық мәселелерге дейін ауқымды бір алаңды қамтиды. АҚШ-пен мәселелер Түркияның үшінші тараптармен (мемлекеттер, НАТО, Еуроодақ сияқты мекемелер, арнайы фирмалар) ынтымақтастығына да ықпал етеді. Болымсыздық күдіксіз АҚШ-қа да ықпал етуде.

Қазіргі таңда АҚШ-Түркия ынтымақтастығы маңызды бір дағдарыспен бетпе-бет тұр. S-400 әуе қорғаныс жүйесі бұл дағдарыстың негізі болып табылады. АҚШ Түркияны шешімінен бас тартқызуға табанды. Бірақ негізгі мәселе мұны қамтамасыз ететін стратегияның қалай анықталатыны. Түркияны шешімінен бас тартқызу барысында қадағаланатын стратегия қатаң санкциялар арқылы ма, әлде дипломатиялық турлар арқылы ма болмақ? Бүл қазірше белгісіз. Қатаң санкциялар АҚШ әкімшілігі үшін онша ақылға қонбайтындай көрінеді. Қатаң санкциялар Түркияны қауіпсіздік алаңында сәл қинаса да, қалаған нәтижені алмайды. Керісінше Түркияны батыс әлемінен жылдам ажырататын бағытқа итермелеуі мүмкін.

Президент Ердоған сайлаудың артынан жасаған баяндамасында террормен күрес тақырыбына арнайы орын берді және тұрақтылықтың белгісін берді. Бұл белгінің сайлаушының сұранысына жауап қайтарудан ары бір мағынаға ие екені анық.

Түркияның террор мәселесі күн өткен сайын өзін одан әрі сездіруде. Осында жаһандық, аймақтық және елдегі жаңалықтардың ықпалы ортада. Алдағы кезеңде бұл тақырыптың одан көп күн тәртіпке келуі мүмкін.

Түркияның төңірегіндегі қимыл-әрекеттер мен одақтар Сирия, Ирак және Иранмен байланысты жаңа жаңалықтарға назар аударады. Әсіресе Сирия мәселесінің мазмұны өзгеруде. Президент Режеп Тайып Ердоған террормен күресте тұрақтылыққа назар аударған кезде мәселенің тек қана ұйыммен түсіндіріле алмайтынын жақсы біледі. Аймақтық жаңалықтар бізге PKK террор ұйымынан асқан бір мәселенің бар екенін көрсетуде.

Алдағы кезеңде Түрік сыртқы саясатында мына үш үрдістің алға шығатынын болжаймын:

  • Заманауи: Әлемдегі жаңалықтарды жақын қадағалаған және белсенді бір саясат жүргізген Түркия.
  • Ұлтшыл: Сыртқы саясатта түрік ұлты мен түрік әлемінің алдынғы қатарлы мәселелерін назарға алатын, Орталық Азия түркі тілдес елдерімен ынтымақтастығын одан әрі тереңдететін бір Түркия.
  • Консервативті: Барлық езілген ұлттар және мұсылман қоғамдарымен байланыстарын одан әрі күшейткен бір Түркия.

Қорытып айтқанда, түрік ұлты бұл сайлаумен Түркия Республикасы тарихының екінші негізгі өзгерісін осы жолы Ердоғанның бастамасымен жүзеге асыруға шешім қабылдады. (алғашқысы 1950 жылы демократиялық өмірдің Демократиялық партия және премьер-министр Мендерестің бастамасымен қалыптастыру талпынысы болатын) . Парламенттік жүйеден президенттік жүйеге өту және мекемелік кезең алдағы бес жыл Ердоған тарапынан басқарылады. Алғашқы тәжірибе әрине қиын бір міндет болмақ. Қайтадан қалыптастыруға сондай-ақ тазаруға да мүмкіншілік береді. Жаңа жүйеге өту арқылы күшейетін Түркия осылайша сыртқы саясатта бұрынғыдан ықпалды болу мүмкіншілігінің арттырады.



Ұқсас жаңалықтар