Молла Гүрани

Анатолының дана-ғұламалары 27

Молла Гүрани

Ең жақсы мүліктің бір машина немесе үй екенін ойлама, тек қана даналық қой.

Ең жақсы асыл тасты алмас деп ойлама, тек қана жомарттық қой.

Ең жақсы әшекейді алтын деп ойлама, тек қана ақыл мен пікір қой.

Және әлбетте ғылым ең мықты қабілет қой.

 

Қабілетті ғалымдар ошағы Анатолы даналық, жомарттық және ақылды болу сабақтарын берген бір мектеп болып табылады. Бұл мектепте шикі рухтар піседі, жетік рухқа айналады.

Анатолы дана-ғұламалары меншілдігі жамандыққа апарған рухтарға қол ұшын береді. Оларға сәуле, оларға шырақ болады. Шопан немесе падишаны айырмай, мұқтаж баршаға қол ұшын созып, хикмет таратады.

Арабша деректерде «Дияр-ы Ұрымның» яғни Анатолының ғалымы деп аталған Молла Гүрани де осы рух емшілерінің бірі болып табылады. Тіршілігі бойынша туралықтан айнымаған, шындықтан бас тартпаған. Оның дүние шарттарына қарағанда еңкейіп, қисаймаған мінезі замандас адамдар үшін әрқашан сабақ болған.

***

Ахмед бин-Исмаил Солтүстік Ирактағы Гүран ауданында дүниеге келген. Туған жерінің атауы кейінгі жылдарда оның Молла Гүрани деп аталуына себеп болған.

Молла Гүрани кішкентай уақытынан бастап, өмір сүрген ауданға жақын орталықтарда жақсы білім алады. Ақылы мен жоғары ахлақтылығы оның білімін ең жоғарғы деңгейге жеткізді. 17 жаста Дамаскқа кейін болса Каирге өткен Молла Гүрани белгілі бір ұстазға айналды. Терең білімі мен керемет әдісі арқылы даңқы шығып, көп адамның сүйіспеншілігін алды.

Оған сұқтанғандар арасында Османлы ғұламаларының бірі Молла Йеган, өзі ұлы ғұламаны Каирден алып Стамбұлға келеді. Падишаға таныстырып, көтерілуін қамтамасыз еткен. Молла Гүрани Стамбұлда алдымен сарай ұстаздығына, артынан әскери төрешілік пен шейхульисламдыққа тағайындалады. Барлық міндеттерін жауапкершілікпен атқарған осы ұлы ғұлама шындықтан бастартпайтын мінезімен танылады. Сарайдағылардың өзіне бас имеуі және хаққа төрешілік жасау үшін ортаға қойған талпыныстарымен нағыз үлгілі ғұламаға айналды.

Стамбұлдың рухани жеңімпаздарының бірі ретінде, қазіргі таңда да өз атымен аталатын аудан мен мешіттей, артта қалдырған шығармалармен де есте сақталған.

***

Күнделікті тіршілікте тұрақты орын алған «дүние» сөзі негізінде арабша тектен шыққан. Біз өмір сүрген ғаламшардың атауы ретінде «әлем» сөзінің сөздіктегі мағынасы өте қызық түрік тілінде екі буынды боп келетін бұл сөздің алғашқы буынындағы «Дүн» алшақтау және төменгі деген мағынаға келеді. «Я» (ие) буыны болса жер атауын табу үшін қолданылған бір жалғаулық болып табылады. Яғни «дүние» сөзі толығымен алшақтау және төменгі ел деген мағынаға келеді. Біз бұған қысқаша «алшақстан» дейік.

Барлық талпыныстарымыздың тегіне орналастырылған осы үлкен «дүниенің» сөздік мағынасы міне осы - Алшақстан...

Молла Гүрани әзірет сияқты ғылым ұстазы дүниені осы шын жүзімен таныған және танытқан бір адам болып табылатын. Нағыз байлықты сыртқы емес, ішкі дүниемізде іздеу қажеттілігіне назар аударады.

Көпшілік дүние мүлкін бір дос ретінде қабылдайды, дегенмен көбінесе мүлік, адам болмысына қиянат жасаудан басқасы емес. Өйткені адамды өзіне қатысты тақырыптардан айнытады, пайдасыз бір құмарлыққа итермелейді. Батылдықты жойып, дүниеқорлықты арттырады. Қорқақтық, әуесқойлық әсіресе дүниеқорлық адамның қасиетіне жатпайтын қылықтар. Жаралғандар арасында ең керемет болмыс өз рухын ластайтын мұндай қылықтардан бас тартуы керек.

Молла Гүраниге қарағанда адам денесі ауруға шалдыққанда қалай емделетін болса, жүректер де осылай бейшара кезінде емдеу бағдарламасына қабылдану керек. Бұл ем бағдарламасының жалғыз әдісі бар. Ол – күнәлерден аулақ жүру. Мүліктері мен жандарын жамандық емес, жақсылық үшін жұмсау.

Адамдар байлықтарын жұмсаған кезде таусылады деп ойлайды. Алайда дұрыс жолда жұмсалған байлық иесіне басқа табыстар ретінде қайтып келеді.

***

Бір адам егер әлемнің одан жақсы бір ғаламшар болуы үшін жұмыстанбайтын болса өмір сүрген тіршіліктің онша мәні жоқ. Және бір жүрек адамдарға жақсылық үшін соқпайтын болса, сонда жүрек үлкен бір үйіндіден басқасы емес. Молла Гүрани сияқты ғалымдар бізге жоғары дауыспен әрқашан бұл шындықты түсіндіреді.

Бұл жолда басылатын тұңғыш қадам - надандықтан құтылу. Өйткені Молла Гүрани надандықты адамдарға зиянды жәндіктен де қауіпті деп қабылдайды. Адамдар екі ғаламда да істегендері және айтқан сөздерімен бағаланады. Тілі мен қолына абай болмаған надандарды жақсы тағдыр күтпейді.

Осы тұрғыдан достарды жақсы таңдау керек. Надан дос көп сөйлесе де, аз сөйлесе де уақытыңды ұтып шаршатады. Надандығы айналасына жұғады.

Қазір сен надандықты дұшпан біл, оны өзіңнен аулақ қыл. Әзірет Али айтқандай «Не ғалым бол, не болмаса ғалымдарды тыңдайтындарға қосыл. Пайдасыз әңгіме жасағандардан аулақ жүр».

Сен жүрегіңді оларға қарай айналдырсаң, тіршілігің де өзінен өзі сол бағытқа қарай ағып, таусылады.

***

Әлемді одан жақсы бір жер қылатын тағы бір қадам болса жүректердегі сүйіспеншілікті арттыру.

Ислам дәстүрі бойынша «жарылқаушыға бола жақсы көру» ұстанымы бар ғой, міне Молла Гүраниге қарағанда мұндай бір сүйіспеншілік әке мен шешеге деген сүйіспеншіліктен әлде қайда шынайы және рақымды. Бұл тіршілікті жақсартады.

Сондай-ақ зұлымдық жасау, махаббатсыз болу адамға не пайда әкеледі? Басқалардың қайғысымен бақытты болсаң, негізінде ешбір уақыт бақытты бола алмайсың деген сөз. Тек қана өзіңді алдайсың, әй адам баласы! Нағыз бақытты болудың жолы рақымдылықтан өтеді.

Адамдарды жек көрме және оларды қорлама. Өйткені сен де адам баласысың. Басқалар жіберген қателіктерді сенің де жіберуің мүмкін. Мұны ойлап менменшілдікті таста, әлемде кішіпейілділікпен жүр.

Нәпсіне берілген бір адамның жек көруі өзінің еш нәрсені білмегенін көрсетеді. Өз нәпісінің қамауында жүрген адам, алдымен еркіндігіңнің ізіне түс!

Еркіндік деген сөз өзінше қыдыру емес. Еркіндік көп ақшамен адамдарды сатып алу да емес. Еркіндік қалағаныша ішіп-жеу немесе қалағанша сөйлеу де емес.

Еркіндік тек қана нәпсінен құтылған адамдардың сезімі болып табылады. Осыған болса тек Анатолы даналары сияқты хақ ғашықтарының етектерін ұстағандар қол жеткізе алады.



Ұқсас жаңалықтар