БАӘ-нің Таяу Шығыста империялық мақсаттары мен Түркия

Түрік сыртқы саясатының бағдары 27

БАӘ-нің Таяу Шығыста империялық мақсаттары мен Түркия

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) соңғы жылдары үнсіз, бірақ терең бір империялық  саясат жүргізуде. Негізгі мақсаты болса Таяу Шығыс пен Шығыс Африкаға бағыт беретін бір аймақтық күшке айналу. БАӘ - аймақтағы әртүрлі күреске тікелей немесе жанамалы түрде араласуда. БАӘ әлемнің мұнай резервтері тұрғысынан ең бай алтыншы елі. Араб құрлығының батысында орналасқан ел шығыста Оман, оңтүстікте Сауд Арабиясымен көрші. Батыста Катармен, солтүстікте болса Иранмен теңіз шекарасы бар. БАӘ – Абу Даби, Дубай, Шарджа, Фуджейра, Рас әл-Хайма, Умм әл-Кайвайн және Аджаман әмірліктерінің бірігуімен 1971 жылы құрылды. БАӘ осы 7 әмірлік құраған федеральдық бір құрылым. БАӘ-нің жері мен мұнай өндірісінің 90 пайызы Абу-Даби әмірлігінің бақылауында. Екінші үлкен әмірлік болса Дубай болып табылады.

БАӘ ұзақ уақыттан бері Таяу Шығыста операциялардың, төңкерістердің, ішкі соғыстардың басты актері. Соңғы жылдары ақшасын, энергиясын, лобия күшін әрқашан Таяу Шығыста полярлық үшін жұмсады. БАӘ-нің осы бастамаларының арғы жағындағы нысаналардың басында экономика келеді. Әлем мұнай резервтерінің 10 пайызына ие және мұнай экспортында әлемнің жетінші орнындағы Біріккен Араб Әмірліктері үшін Шығанақтағы энергия резервтерінің шетелге қауіпсіз түрде жеткізілуі маңызды. Тағы Таяу Шығыс саудасында және қаржы саласында Дубай маңызды бір орталық болып табылады. Сондықтан Азия-Еуропа арасындағы теңіз сауда жолдары мен энергия бағытын бақылауға алу БАӘ үшін аса маңызды. БАӘ-нің тағы бір нысанасы болса саяси ықпалын арттыру. Сол үшін алдымен араб әлемінің ішкі қақтығыстармен бөлшектенген және Каир, Дамаск, Бағдат сияқты ежелгі өркениет орталықтары әлсіреген бір кезеңде пайда болған қажеттілікті қамтамасыз еткен және аймақтық ықпалын арттырған Түркия мен Иранның алдын алу. Екінші саяси нысанасы Таяу Шығыстағы өзгеріс толқынына әртүрлі құралдармен шыдау және мүмкін болса кезеңді керісінше өзгерту.

Ұзақ уақыттан бері БАӘ мен Түркия арасындағы қиыншылық сыр емес. БАӘ Мысырдағы төңкеріске дейін Түркия үшін маңызды бір сауда мен саясат ретінде көрінетін. Дегенмен Мысыр төңкерісінің артынан жағдай өзгере бастады. 2013 жылы жүзеге асқан Мысырдағы төңкерісте Түркия мен Катар және (БАӘ-не қоса) Арабия блогы әртүрлі күш одақтарын таңдады.  Түркия мен Катар демократиялық сайлау мен сайланған Мурсиге қолдау берсе, басқа блог Сисиді материалды және рухани тұрғыдан қолдады.

Мысырда Түркия мен Катар сайланған үкіметтің құқығын қорғауға тырысты. БАӘ одақтастары болса Сисиге қажетті экономикалық көмекті ұсынды. БАӘ осылайша өзінен күтпейтін саяси маневрлермен Мысырдың саяси өміріне араласты. Бұларды істеу барысында Сауд Арабиясы мен басқа Шығанақ елдері де қолдау берді.

БАӘ Түркияны аймаққа бағыт беру талпыныстары алдында кедергі болып көреді. Балканнан Сомалиге дейін көптеген аймақта Түркиямен бәсекеде. Сомалиде экономикалық күшін Түркия сияқты Сомалиді қайта салу үшін емес, Түркияға қарсы платформалар құру үшін қолданады. Гези оқиғасынан 15 шілде төңкеріс әрекетіне дейін Түркияның тұрақтылығын бұзғысы келген топтар БАӘ-нен қолдау алды. Таяуда халықаралық баспасөз беттерінде БАӘ-нің Түркиядағы 15 шілде төңкеріс әрекетіне қаржы қолдауы бергені жайлы хабарлар орын алды. Бұл тақырып Түркия баспасөзінде де жиі күн тәртібіне келуде.

Шығанақ елдерінен бастап, Арабия құрлығындағы елдердің әрі шиіт тұрғын саны, әрі ядролық қауіпсіздікпен байланысты Иранмен мәселесі бар. Иранның Түркия және Катармен жетілдіруге тырысқан ынтымақтастығы осы уайымдарды арттырады. Катар болса бөлек бір мәселе ретінде Шығанақ елдерінің алдында тұр. Катар енді Түркия және Иранмен одан жақсы қарым-қатынастар жүргізеді. Сондай-ақ Мысырдағы Мұсылман бауырларға да қолдау береді. Осылардың барлығы Сауд Арабиясы сияқты Біріккен Араб Әмірліктерінің де уайымдарын арттырып, ойландыруда. БАӘ Катар мен Түркияның бұл тақырыпта бірге қозғалғанын ойлайды. Түркияның осы тұрғыдан БАӘ-не операция жасауға дайындалғаны жөнінде бір паранойя бар.

БАӘ-нің шыңға көтерілген Түркияға қарсы аллергиясының Иранмен ынтымақтастығы тұрғысынан да қолға алынуы керек. БАӘ әрі Иран, әрі онымен жақындасқандарға қарсы қатты мазасызданғанын сездіреді. Сондықтан БАӘ-де «дұшпанымның досы менің де дұшпаным» деген атмосфера байқалады. Сол үшін Катардың Түркияға өз жерінде бір база құруға жағдай жасауы осы жалпы түсінікке орай Біріккен Араб Әмірліктерінің мазасын алады. Әрине бұл ұстанымдардың қашанға дейін жалғасатынын уақыт көрсетіп, жаңалықтар айқындайды. БАӘ-нің бұл ашуы басылмай Таяу Шығысқа бейбітшіліктің орнауы қиын. БАӘ-нің бұл ашуы Сауд Арабиясына қоса актерлердің барлығына кері әсер етеді. Осы себепті БАӘ мәселесін саналы және жауапкершілігі бар Таяу Шығыс мемлекеттерінің бірігіп шешуі керек.

БАӘ Таяу Шығыста халықтардың қажеттіктері мен кезеңнің талаптарына сай жергілікті саясаттардың орнына шетелден импортталған саналардың құралдары арқылы бұрынғы тәртіпті қайта орнатуға тырысады. Ал БАӘ-нің табысқа жету ықтималы бар ма? Меніңше жоқ. БАӘ-нің саясаты тек қана құлдырауға жол ашады. Осы саясат пен өсу және тұрақтылықты қамтамасыз ету мүмкін емес. Әйтсе де БАӘ-нің аймақта нағыз бір көзқарастық жобасы жоқ.



Ұқсас жаңалықтар