Күн тәртібі - 27

Сирияның оңтүстігінде Ресей және Иран қолдауындағы Асад режимінің Дерьаға бағытталған шабуылдары жалғасуда.

Күн тәртібі - 27

Күн тәртібі - 27

Дерьа Сирия оппозицияларының қорғаны болып табылады. Дерьа аймағына бағытталған шабуылдарда режим күштері үлкен табыстарға қол жеткізген кезде, жай халық Иордания шекараларына қашты. Иордания шекара қақпаларының ашылуымен бірге Иордания-Сирия шекарасында үлкен бір адамдық трагедия болуда. Сириялық әскери оппозициялардың режимге қарсы бірге әрекет етпеуі және кейбір топтардың Ресейдің дәнекерлігі арқылы режиммен келісуі салдарынан көптеген қала соғыспай-ақ режим күштерінің қолына өтті. Оңтүстік Сириядағы оқиғалардың басқа бір қыры болса, Израиль-Иран дағдарысы болып табылады. Иран қолдауындағы сарбаз күштерінің Израиль шекарасына жақындауы екі ел арасындағы дағдарысты ушықтыруы мүмкін.

Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.  

Маусым айының басында Асад режимінің Дерьаға қарай операция бастау дайындықтарының жасалғаны жөніндегі мағлұматтар бұқаралық қауымға жеткен еді. Одан кейін режимнің әскери жасақ дайындықтары және аймаққа қондырылуы операцияның хабаршысы еді. Дерьа аймағында режим және Сирия оппозициялары арасында өткен жылдарда қақтығыстар және соғыстар болған еді. Мысалы Ресей және АҚШ аймақ жөнінде келісімге барып, аймақты «дағдарысты бәсеңдету» деп түсіндірді.  Алайда режимнің операцияларды бастаған кезде АҚШ лауазым иелерінің сириялық оппозицияларды қорғамайтыны және саяси жақтан қорғаудан бас тартқаны жөніндегі қауесеттер бұқаралық қауымға жеткен еді. АҚШ Иордания елшілігінен сириялық оппозициялық топтардың лидерлеріне жіберілген хаттарында барлық келісім және уәделерге қарамастан АҚШ-тың Ресей және режим күштеріне қарсы өздерін қорғамайтынын білдірген болатын. Дерьа аймағына қарата Ресей мен Асад режимінің әуе шабуылдарының басталуымен Ресейдің  Humeymin базасынан Дерьа дағдарысын бәсеңдету аймағының басып алуы жайлы бір мәлімдеме жасалды.

Дерьа аймағының негізінен бейбітшілік пен тыныштық ішінде болуы себепті аймақтағы халықтың басым бөлімі үйлерінде өмір сүріп келген. Алайда Ресей, Иран және Асад режимінің Дерьаға операция бастауы және әуе операция жасалуымен аймақта көш толқыны басталған. 270 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетті. Бұлардың ішінде 40 мың сириялықтың Иордания шекарасына баруға тырысқанын БҰҰ баяндауда. Иорданияның 650 мың сириялық босқынды қабылдағаннан кейін, сириялық босқындар жөнінде жасырын саудаласу саясаты тағы да  жүргізілуде. Иордания шекараның тысындағы сириялықтарға гуманитарлық көмек берсе де, режим күштерінің Дерьа аймағындағы ілгерілеуі салдарынан халықтың басым көп сандысы қатты қиыншылық шегуде. Осыған орай БҰҰ Иорданияның қақпаларды ашуы туралы үндеу тастады.

Әскери жағынан Дерьа аймағында Ресей, Иран және Асад режим күштері мен сириялық оппозициялар арасындағы қақтығыстар жалғасуда. Режим күштері тез қарқында ілгерілеп, Ладжат аймағын қолға түсірді. Ладжат аймағы қолға түсірілгеннен кейін көптеген сириялық оппозиция тобы Ресейдің дәнекерлігі арқылы режиммен келісімге барды. Даел, Босра аль-Шам және Ибта қалаларындағы оппозициялар қаруларын режим күштеріне тапсырып берді. Енді бір жағынан Ресейдің әуе операциясы және АҚШ-тың жәрдемінің тоқталуы Сириялық оппозицияларын әлсіретті.

Оңтүстік Сириядағы оқиғалардан ықпал көрген басқа бір ел болса Израиль болып табылады. Израиль операциядан бұрын Ресеймен кездесулер өткізіп, Иранның және Иранды жақтаған сарбаздардың операцияға қатыспауы аясында келісімге барғаны баршаға аян. Бірақ соғыс майданындағы оқиғаларда Иран және Иранды жақтайтын сарбаздардың операцияға қатысқаны байқалуда. Израиль талай рет Иран және Иранды жақтайтын сарбаздарға қарсы әуе операция ұйымдастырды. Сондай-ақ Иранды жақтайтын сарбаздардың Израиль шекарасына жақындауы екі ел арасында жаңа дағдарыстың болуына себеп болуы мүмкін.


Этикеттер: Ресей , Иран

Ұқсас жаңалықтар