Жоғалған өркениеттің ізінде бір жиһангез: Фуат Сезгин

Жаһандық перспектива - 27

Жоғалған өркениеттің ізінде бір жиһангез: Фуат Сезгин

Өмірін мұсылмандардың заманауи ғылымға қосқан үлестеріне арнаған ғалым, Проф. Фуат Сезгин 94 жасында дүниеден озды. 94 жылдык өмірінде атқарған істері, жеткен жетістіктері мен қалдырған мұрасы көптігі соншалықты, бірнеше адамның өміріне сыятындай мол. Фуат Сезгин еш тоқтамастан істеген бір сағат секілді өмірі бойы жұмыстанып, сағат бір рет тоқтағанда өмірі де үзілді.

Осыншама ұлы ғалымның ерекшелігі неде?

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін үсынамыз.

Битлистен әлемге....

Фуат Сезгин 1924 жылы Битлисте дүниеге келді. Бастапқы діни білімі мен арабша білімін аудан мүфтиі қызметін атқарған әкесінен алды. Артынан білімін 1943 жылдан кейін Стамбул Университеті Әдебиет факультеті, Шығыстану институтында жалғастырады. Осында неміс шығыстанушы Гельмут Риттермен танысады.

Кейде жамандықтан жақсылық туады... 

Фуат ұстаз ғылыми жұмыстарын жалғастыра отырып, 1960 жылғы төңкерістен кейін көптеген ғалыммен бірге университеттен қуылады. Жалғыз күнәсі - інісінің Демократ партиясының қалалық филиалының төрағасы болуы. Ұстаз 36 жасында Түркияда жұмыссыз қалады. Бірақ әдеттегідей адал, еңбекқор, жұмыс істеуді ұнататын адамдарға елдерінде барлық есік жабылса да, дүние жүзінің басқа бір жерінде міндетті түрде басқа есіктер ашылады. Фуат ұстаз бірнеше жылдан кейін өзін университеттен қуған офицерлермен кездескенде оларға алғысын білдіреді: «Істегендеріңізді және саясатыңызды ұнатпаймын. Бірақ сізге алғыс айтамын. Себебі мені университеттен шығармағанда, Германиядағы ғылыми жұмыстарымды жүргізе алмас едім»

Елде барлық есіктері жабылғаннан кейін Америка мен Германиядан шақыру  алады. Түркияға жақын болсын деп Германияны таңдайды. Осындағы атқарған еңбектерімен Ислам білім тарихы, ілім тарихы саласында әлемдегі ең беделді ғалым деп есептеледі.

Мұсылмандар тарихта жоқ па еді?

Фуат ұстаздың өміріне қарасақ, ғылым саласында бүкіл әлемді жеңіп алуға шыққан сарбаз секілді. Ол кітапханадан кітапханаға жүгіреді. Басқа ешбір нәрсеге уақыт бөлмей, ондаған жыл тек ғылыми жұмыстармен айналысады. Өзінің сөзімен айтқанда, түскі тамағы көбіне нанның арасына салынған бір тілім ірімшік болған.

Фуат ұстазды осыншама қарқынмен тоқтамастан еңбектенуге итермелеген нәрсе не екен? Ғылымға деген құрмет секілді, бүгінгі күні де кейбір орталарда мұсылмандардың заманауи білімге ешбір үлесі жоқтығы, бүгінгі білім мен технологияның ежелгі грек және артынан Еуропадағы жетістіктерге байланысты екеніне деген сенім. Осы қате пікірмен ол бастауыш мектеп табалдырығында-ақ кездеседі: «Бастауыш мектептің екінші немесе үшінші аптасында бізге Жердің дөңгелек екенін түсіндірген мұғалимамыз мұсылман ғалымдардың Жер шарының бір өгіздің мүйіздерінің үстінде тұрғанына сенгенін айтты. Мен бейшара бала 30 жылдан кейін мұсылмандардың эквадордың ұзындығын сонау 9-ғасырда бірнеше әдіспен 40 мың км деп өлшеп білгенін білетінімді қайдан білейін»

Фуат Сезгин ғылыми жұмыстары арқылы табиғат білімдеріне және көптеген технологиялық жетістікке мұсылман ғалымдардың үлесін нақты көрсетіп берді. Мұсылман ғалымдардың оригинал үлестерімен қоса, ежегі грек ғылым және философиясының да мұсылман ғалым-ғұламалар арқылы қазірге кезге жеткенін дәлелдеді.

Осылардың барлығына қарамастан, өмір тарихта қалмайды. Фуат ұстаздың бүгінгі күні Ислам ілімдер тарихы саласында жүргізілген жұмыстар түрғысынан көптеген батыстық елдің Ислам елдерінен алда екені жөніндегі тұжырымдамасы ащы шындық. (http://fazlioglu.blogspot.com/2018/06/prof-dr-ihsan- fazlioglu-prof-dr-fuat-sezgin-ilebilim-tarihi-uzerine-sovlesi-pdf.htm)

Адамгершілігі, көзқарасы жэне үлестері

Фуат Сезгинге Риттердің көзқарастары мен жұмыс істеу тәртібі қатты әсер етеді. Онымен бірінші рет кездескенінде де Риттердің аузынан шыққан ұлы Ислам ғұламаларының кейбірінің атын бұрын еш естімеп еді. Жұмыс істей бастағанда Риттер бір күн күнде неше сағат жұмыстанғанын сұрайды. Фуат ұстаз «13-14 сағат жұмыс істеймін» дегенде, Риттер «Бұлай жүмыс істеу арқылы ғалым бола алмайсың» деп жауап береді. Ұстаз артынан едәуір қартайғанға дейін күнделікті жұмыс мерзімін 17-18 сағаттан аз жоспарламайтын болады. Сондықтан ұстаздың ерекшелігіне байланысты ең бірінші айтылуы керек нәрсе - шаршамастан, тоқтамастан жұмыстануы.

Фуат ұстазда назар аударатын басқа бір нәрсе соңғы ғасырларда жиі жасалғанға керісінше білімдерге және Ислам өркениетіне, батыс немесе басқа өркениеттерге «қарсы» ұстаныммен қарамауы. Фуат ұстазда мұсылман ғалымдар ықпалды болып түрған дәуірлердегі сенім бар. Сондықтан қай дін, тіл және этникадан болса болсын адамдармен жұмыс істеген кезде ғылыми мәліметтің жинақталуында, ортаға шығуында, біреудің құқығына қарауда өте сенімді қозғалады.

Ұстаздың мұсылман ғалымдардың білім мен технологияға қосқан үлестері жөнінде том-томдаған кітаптары өте құнды, эрине. Сонымен бірге ұстаз тек ғалым ғана емес. Сонымен бірге осы саланың ғылыми болашағы үшін фонд жэне институт құрған адам. Материалдық табысының барлығын осы жолда жұмсайды. Бұл да жетпейді. Мұсылмандардың ғылым мен технологияға қосқан үлестерін кеңінен насихаттау үшін Франкфуртта және Стамбулда Ислам Білім жэне технология тарихы мұражайын құрады.

Екі Германия

Фуат ұстаздың өмірінде Германияның орны - бөлек. Алдымен 1960 жылғы төңкеріспен есіктер жабылғанда, өзіне мүмкіндіктер ұсынған Германияға білім тарихы көп нәрсе қарыздар. Фуат ұстаз да осы алғысын жиі-жиі айтып жүреді. Германия сол кездері өзіне сенімді болып, ғылыми жұмыстарға әрдайым қолдау берді.  Сондықтан сол күнгі  Германияны құттықтау керек. Бірақ Германияның бүгінгі жеткен жері бұрынғы көзқарастарынан едәуір алыста. Толығымен өз мүмкіндіктерімен қалыптастырған кітапханасын Түркияға көшіруге шешім бергеннен кейін ұстаз жөнінде «кітаптарды өз есебіне алды» деген айыптаумен соттық іс қозғалды. Қартайған шағында кітапханасы құлыпталып, ұстаздың өз кітапханасына кіруіне тыйым салынды. Осылардың барлығына қарамастан Фуат Сезгин тақырыптың саясатқа құрал болмауы үшін тырысып, коғамдық пікірдің күн тәртібіне салмады.  Тек осы оқиғаға, Германияның бұрынғы кезіне және бүгінгі күні Фуат Сезгинге қарсы іс-әрекеттеріне ғана қарасақ, Германиядағы болымсыз өзгеріс оның бара-бара түнерген елге айналғанын көрсетеді.

Жақын уақытқа дейін түрік жэне Ислам әлемі Фуат Сезгинді жеткілікті түрде танымай келді. Себебі осы әлем бірнеше ғасырдан бері нені жоғалтып алғанын жеткілікті түрде білмегендіктен, Фуат ұстаздың нені тапқанын да білмеді. Фуат ұстаз істеген істерімен, жазғандарымен әлемдегі ғалымдар үшін үлкен алау жағып кетті.

Мекені жүмақ болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар