Түркия-Катар ынтымақтастығы

Түрік сыртқы саясатының бағдары 26

Түркия-Катар ынтымақтастығы

Бір жыл бұрын Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Мысырға қоса кейбір араб елдері әртүрлі айыптаулар жасап, Катармен дипломатиялық ынтымақтастығын үзді. Осы жағдай Шығанақ аймағында соңғы кездердің ең үлкен дипломатиялық дағдарысына айналды. Дипломатиялық қарым-қатынастың толығымен тоқтауы, АҚШ-тың Трамп әкімшілігі арқылы «Катармен қарым-қатынасыңызға қайта көз жүгіртіңіз» қысымы артқан бір кезеңге дөп келді. Сауд Арабиясы мен қасындағы мемлекеттер Катарды терроризмге қолдау берумен айыптады. Бірақ бұл елдер алға тартылған айыптауларды растай алмады.

Катар – Басра Шығанағында кішкентай, бірақ аймақтың саясаты мен экономикасына ықпал еткен бір ел. Әлемнің үшінші үлкен табиғи газ резерві де Катарға тиесілі. Маңызды университеттерге, идеологиялық мекемелерге және «Al Jazeera» сияқты халықаралық бір трансляция мекемесіне қонақжайлық жасауда. Топырақтарында қоныстанған шетелдік әскерлер және әскери базалары бар. Түркиямен ынтымақтастығы өте жақсы деңгейде. Катардың аймақта Түркиямен энергия ынтымақтастығына бағыттап басқан қадамдары, Түркиямен әскери ынтымақтастығының, тіпті Түркияның Катардағы әскери базасының көптеген Шығанақ мемлекетін мазалағаны баршаға мәлім.

Өз аймағында демократиялау процесіне берген қолдауы себепті Катардың араб қоғамдары алдындағы беделі  өте жоғары. Табысты және эстетикалық күшімен әрі аймақтық, әрі жаһандық деңгейде ықпалды бір мемлекет. Әсіресе ағылшын және араб тілінде эфир таратқан «Al Jazeera» медиа компаниясымен Катар әрі аймақтық, әрі жаһандық деңгейде өз қоғамын күшейтті.

Катар Шығанақтың басқа әкімшіліктеріне қарағанда одан да либералды саясаттарымен назар аударады. Араб көктемі кезеңінде қалың оппозицияға және реформашыл актерлерге берген қолдауы Шығанақ монархтарының Катарға деген наразылығының негізгі себебін құрайды. Катарды Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр және АҚШ тарапынан нысанаға айналдырған одан да маңызды себептер болса Доха әкімшілігінің саяси таңдаулары және мұның сыртқы саясаттағы ықпалы. Түркия мен Катардың Сирияда Асадқа қарсы оппозицияға қолдау бергені белгілі. Женева және Астана келіссөздерінде оппозицияны үстелге отыруға көндірген де Түркия мен Катар болатын.

Катар мен Түркияның экономика саласында маңызды ынтымақтастықтары бар. Катардың Түркиядағы инвестицияларының жалпы құны 20 миллиард төңірегінде. Катар дағдарысы басталған кезде Түркияның алдында екі ықтимал бар болатын: Бейтарап болу немесе белсенді түрде араласу.

Түркия екінші ықтималды таңдады және таңдауын Катарды жақтап қолданды. Түрік дипломатиясы Катардың мүддесіне тығыз байланыстар жасады. Түркия Катардың азық-түлік кемшілігін шешу үшін қоршауды тесіп, тікелей азық-түлік тасымалдады. Ең маңыздысы бұдан бұрын Катармен қол қойылған келісімді Мәжіліс жалпы кеңесінде қабылдап, Катарда түрік әскери болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдар басты.

Түркияның одақтасы Катарға қолдау бергенде теңгерімді және бітімгер бір дипломатия жүргізуі орынды бір саяси таңдау болды. Президент Ердоғанның Катардағы түрік әскери базасының «Шығанақтың біртұтас қауіпсіздігі мен тұрақтылығына» бағытталғанына назар аударуы маңызды. Тіпті сол кезде король Салманға ұқсас бір әскери базаны Сауд Арабиясында құруды ұсынғанын мәлімдеуі де Түркияның жасампаз ұстанымының тағы бір мысалы. Алғашқы сатыда Катарды қолдап жатқанда, бейбітшілікке шақырудан бас тартпаған Түркия аймақтың ақылшыл күші екенін дәлелдеді.

Катар – халықаралық қаржы саласында маңызды бір актер.  Халықаралық инвестициялары мен соңғы жылдары Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты Шығанақ елдерінің алдына озды. Әлемнің 3-ші үлкен табиғи газы мен 13-ші үлкен мұнай резервтеріне ие Катар экономикалық деңгейін көтерді. Бұл өсу процесіне мемлекет ішіндегі заманауи жұмыстарымен қолдау берген Катар құрған «Катар қоры» арқылы заманауи және жаһандану әкелген формаларды Ислам және Катар мәдениетімен араластырып өзгертеді. Бұл өзгеріс Катарды қалған шығанақ мемлекеттерінен басқаша тұғырға көтереді. Мемлекет наным ретінде Салафияның ең жұмсақ бағыттарының біріне мүше. Катар Салафиялық пайымдардың көпшілігінде байқалған радикал және шеттетуші ұстанымдардан аулақ. Осы жағдай болса Катарды Сопылық  Ислам дәстүрінің мұрагері болған Түркиямен жақындастырған тағы бір себеп.

1913 жылы түріктер ағылшындармен қол қойған келісіммен Катардан шегінуді қабылдаған болатын. Бірақ Катардан шығуы 1915 жылға дейін созылды. Қазір болса түріктер Катарға көптеген саладағы ынтымақтастығымен қайта оралуда. Қазір Түркия мен Катар Таяу Шығыста тұрақтылық үшін табысты түрде теңгерімдік саясат жүргізеді. Екі ел де өз ішінде тәуелсіз және белсенді сыртқы саясат жүргізу мүмкіншілігін табады. Таяу Шығыстың осы екі маңызды күші жомарттық, қайырымдылық, бітімгерлік, іскерлік және инвестиция сияқты ерекшелерімен аймақта және жаһандық деңгейде ықпалды алаңдар құруда. Қазір Катар мен Түркия Таяу Шығыстың екі мықты күші болып табылады. Осы себептен Таяу Шығыс аймағында жаңа бір тәртіп құру процесінен мақұрым қалмайды. Осы тұғырда Түркия мен Катарға ортақ құндылықтар мен принциптер бас қостырады.



Ұқсас жаңалықтар