Түркияның S-400 зымыран қорғаныс жүйесін таңдауы

Түрік сыртқы саясатының бағдары 24

Түркияның S-400 зымыран қорғаныс жүйесін таңдауы

Түркия Республикасы әскери және дипломатиялық бастамаларымен аймақтық күш тұғырын нығайтуда. Ұзақ мерзімде жаһандық бір күш болу бағытында ілгерілеуде. Бұл ілгерілеуін жылдамдату және отандық қылу мақсатты Түркия ұзақ жылдардан бері әртүрлі жұмыстарын жалғастырып келеді.

Сириядағы дау-дамай мен қақтығыстық ортаның ішкі соғысқа айналуы, Ирак және Сирияда ДАИШ пен PKK сияқты террор ұйымдарының болмысы Түркияның бұл ізденісі мен жұмыстарын жылдамдатуға себеп болды. Көрші елдердегі жоғары рисктер зымыран жүйелері мен химиялық қаруларға қарсы Түркияның әртүрлі шаралар қабылдауына жол ашты. Түркияның әрі Ирак, әрі Сирия саясатын алдымен осы уайымдар белгілейді. Сирия саясатында кейбір ревизиялар жасауы, PKK-YPG тақырыбында АҚШ-тың ұстанымына қарсы наразылығы және Ресеймен ынтымақтастыққа бағытталуының да басты себебі осы.

Сирия тақырыбында Обама әкімшілігі Түркияға қарсы PKK-PYD-YPG-ді жақтады. Трамп әкімшілігі болса бұл ұстанымды одан әрі жалғастыруда. Түркияның Ресеймен экономикалық және әскери ынтымақтастықты арттыруға бағытталуының негізгі себебі - АҚШ-тың осы ұстанымы.

НАТО-ға мүше Түркия зымыран қаупіне душар болғанымен «Patriot» (Патриот) әуе қорғаныс жүйелері Түркияға НАТО тарапынан өте кешіктіріп әкелінді. Испаниядан басқа елдер болса зымыран қорғаныс жүйесі құрылғыларын бұзып қайта алып кетті. Қазір PKK-PYD-YPG-нің қолында НАТО-ға тиесілі жеңіл/ауыр қарулар бар. НАТО-ның инвентарында ғана табыла алатын әскери жарылғыштар террористтер тарапынан Стамбұлдың дәл ортасында қолданылды. FETÖ террор ұйымының 15 шілде күнгі қанды төңкеріс әрекетіне қарсы батыс үнсіз қалды. Осы оқиғалардың барлығы Түркияны альтернативалар іздеуге бағыттады.

Түркияның аймақтық деңгейде әуе қорғанысы ұзақ уақыттан бері  риск астында. Түркияның ұзақ қашықтықтағы әуе қорғанысы 2000 жылы бастарына дейін «Nike Hercules» атты жүйе болатын. Бұл жүйелер өте ауыр Кеңес бомбалау ұшақтарына қарсы ықпалды болатындай бір жүйе. Сондықтан күнделікті қауіптерге қарсы әлсіз болатын. Бұл кемшілік бірінші және екінші Ирак операциялары кезі мен Сирия дағдарысы кезінде Түркияның НАТО-дан жәрдем сұрауына себеп болды. Түркияға НАТО тарапынан патриот батареялары жіберілді. Бірақ бұл жеткіліксіз және уақытша бір шешім еді.

Түркия мәселені шешу мақсатты ұзақ атымды әуе қорғанысына бағыттап жүргізген жоба үшін тендерге шықты. Тендерге АҚШ (Raytheon - Lockheed Martin ortaklığı), Ресей Федерациясы (Rosoboroneksport), Қытай (CPMIEC) және Франция-Италия ортақ бастамасы (EuroSAM) кірді. Түркияның критерияларын (ыңғайлы баға, ортақ өндіріс, технологияларды бөлісу және жылдам өткізу) тендерде қамтамасыз еткен бағамен Қытай иеледі. (екінші орындағы Франция-Италия ортақ бастамасы «Eurosam» мен үшінші орындағы АҚШ-тың Raytheon and Lockeed Martin фирмалары болса ортақ өндіріс және технология бөлісуге уәде бермеді) Түркия мен Қытай фирмалары арасында келіссөздер жүргізілді. Қытайлық фирмамен келісім жасау ықтималы әрі Қытайдың НАТО мүшесі болмауы, әрі фирманың АҚШ-тың санкция тізімінде орын алуы себепті АҚШ пен НАТО-ның наразылығын туғызды. Түркия мен Қытай фирмалары арасындағы келіссөздер нәтижесінде Түркияға ыңғайлы орта қамтамасыз етілмегені себепті бір келісім жасалмады және тендер кейінге қалдырылды.

Ресейдің бағаны арзандатуы, Түркия-Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жақсаруы және Түркияның батыстық одақтастарынан маңызды тақырыптарда қолдау көрмеуі сияқты себептермен Түркия Ресейдің S-400 жүйесін таңдады.

Түркияның S-400 әуе қорғаныс жүйесі таңдауына кейбір НАТО-ға мүше елдер наразылық көрсетті. Бұл наразылықтар нәтижесінде НАТО S-400 жүйесін өз жүйесіне интеграциялауды қабылдамауы мүмкін. Бұл жағдайда Түркия бұл жүйені НАТО жүйесінен тәуелсіз түрде тек қана қоныстанған аймақты қорғай алатындай қоныстандырады. Дегенмен Түркияның бүкіл әуе қорғаныс кезеңдері мен қорғаныс құрылымы НАТО-ға интеграцияланған себепті алғашқы сатыда кейбір мәселелер туындауы мүмкін. НАТО мен АҚШ Түркияның осындай альтернативалық ізденісінен мазасыз болса, аймаққа қабылданатын бір күш теңдігін орнату үшін Түркияның уайымдарын түсініп, Түркиямен қозғалуға тиісті.

Қорытып айтқанда, әуе қорғанысы бір-бірімен сабақтасқан бір құрылым. Сондықтан ешбір жүйе жалғыз өзі шешім емес және өте алмайтын бір дуал тұрғыза алмайды. Әуе қорғанысы пилотсыз ұшу аппараттары, тікұшақтар, ұшақтар, теңізден атылған зымырандар мен баллистикалық зымырандар және бұларды басқаратын анықтау жүйелерінің барлығы болып табылады. Түркияның мықты және отандық бір қорғаныс жүйесі құрылысы аймақтағы тыныштық пен қауіпсіздік тұрғысынан да аса маңызды бір бастама болмақ.  



Ұқсас жаңалықтар