Бастамай жатып жаңа жүйеден бас тарту ма?

Жаһандық перспектива - 23

Бастамай жатып жаңа жүйеден бас тарту ма?

Түркияда 24 маусым күні тарихының 32-ші жалпы халықтық және тұңғыш президенттік жүйе сайлауы өткізіледі.  Әділет және даму партиясы бастаған Республика одағы референдум арқылы қабылданған Президенттік үкімет жүйесі аясында проблемаларды қалай шешетінін айтып уәделерін берсе,  Ұлт одағын құраған саяси партиялардың ең басты уәдесі – парламенттік жүйеге қайта оралу.  Сайлаудан кейін, егер сайлаудан жеңіп шығатын болса, парламенттік жүйеге жылдам өту үшін кездесулер жүргізуде.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

--

Оппозиция партиялары қаншалықты қарсы болса болсын, президенттік жүйе немесе Түркиядағы атымен президенттік үкімет жүйесі референдумда қабылданды.  Жаңа жүйе 24 маусымда толығымен іске қосылады.  Оппозицияның жаңа жүйені көріп білмей, ұлтымыздың проблемаларына шешім келтіріп келтірмейтінін сынап көрмей үзілді-кесілді қарсы шығуы түсініксіз.  Оның үстіне қайта оралуы жоспарланған жүйе Түркияда шамамен 140 жылдан бері жүргізіліп келген, әрдайым көптеген мәселелер ала келген бір жүйе.

Әрине,  парламенттік жүйе тамаша жүргізілген елдер де бар.  Бірақ Түркия тарихы тұрғысынан қарағанда,  парламенттік жүйеден туындаған дағдарыстардың елді басқарылмайтын жағдайға келтіргені,  ішкі және сыртқы «қысым» орталарына әрдайым «есік ашқаны» әлі ұмытылған жоқ. (Осы тақырыпта бұдан бұрын жазылған «Президенттік жүйесі,  себептер,  анықталамалар, үміттер» атты кітабымды оқуға болады.  Интернетте жарияланды)

1961 жылғы атазаң арқылы қалыптасқан,  ұлттың өкілдерімен еш санаспайтын әскери және соттық билік жол ашқан проблемалар анық белгілі.  Дарға асылған премьер-министр және министрлер,  құқай көрсетілген саясат қайраткерлері,  мәжілісті қоршап алып, президенттік сайлау секілді оқиғалар өтті басымыздан.

Әрі сайлау жүйесі,  әрі «қысым» орталарының әрдайым килігуі салдарынан кеселге айналған саяси дағдарыстар,  коалициялар,  қысқа мерзімді үкіметтер кесірінен елдің құлдырай бастағанын әлі ешкім ұмытқан жоқ.

1961 жылғы Атазаң арқылы келтірілген, құрылымы мен ісі тұрғысынан ұлт өкілдерімен еш санаспайтын сот бюрокатиясынан қалған жағымсыз жұрнақтар әлі бар. Төңкерістер мен әскери килігулердің заңды құралына айналған, тұрмыс пен сыртқы әлемді елемейтін,  жабық жүйемен басқарылған жоғары деңгейдегі сот органдары елдің қалыпты дамуына, демократияға және еркіндікке кедергі болды.

Өзінің құрылымына орай онсыз да статус-кво болып табылатын бюрократия жиі өзгерген саяси билік және коалициялар салдарынан тіпті инициатива көтере алмайтын жағдайға келді. Қысқа уақыттан кейін өзгеретіндіктен,  болашақ жаңа биліктің өзімен жұмыс істеп істемейтінін білмейтіндіктен, істеген істеріне байланысты да есеп беруі керек болғандықтан бюрократтар қалай жұмыс істесін?

Түркияның өз қалауынша қозғала алмауы жағдайында,  сыртқы «қысым» орталарының жаһандық актерлердің іштегі өкілдері арқылы экономикаға араласып немесе терроризмді ушықтырып, жүйедегі теңгерімдермен «ойнауының» ықпалы да әлі толығымен жойылған емес. Осыншама қиыншылық пен жүйедегі проблемаларды Әділет және даму партиясының билігі ұмыттырған секілді. Екі мыңыншы жылдардан кейін 4 кезең жалғасқан Әділет және даму партиясының билігі қателестірмесін.  Бұл жағдай жүйеден туындайтын жағдай емес, ерекше жағдай.

Ислам әлемін де қосқанда батыс елдері тысындағы қоғамдардың негізгі екі проблемасы – ұлттың таңдауларын саясатқа жеткілікті түрде енгізе алмауы,  билікке келгеннен кейін демократиялық өзгеріс қамдай алмау.

Түркияда қабылданған Президенттік Үкімет жүйесі арқылы президент болып сайлану үшін кандидаттардың бірі кемінде 50 пайыз+1 дауыс алуы керек,  яғни президентті халық тікелей сайлауы қажет. Жаңа жағдайдың қиын екенін көрген, президенттік жүйеге қолдау бергендердің кейбірі «дұрыс істедік пе?» деген уайымдарын тілге тиек етуде.  Бұрын басқа ешкімнің даусына мұқтаждық сезінбей,  өз партиясына дауыс берген азаматтардың қолдауымен билікке келгендерін айтып, осы жөнінде ойлануда.

Бұл көзқарас  -Тайып Ердоғанның әрдайым билікте қалатынын ойлағандардың көзқарасы. Парламенттік жүйе Ердоған секілді өте мықты лидерлер болған кезеңдерде проблема шығармауы мүмкін.  Бірақ саяси тарихымызға қарағанымызда, бір партияның сайлаудан әрдайым жеңіп шығуы өте ерекше жағдай. Ердоғанның жеке басының табысы. Сондықтан Ердоғаннан кейінгісін ойлау керек.

Биліктегі партия тұрғысынан қарағанда,  тек өз саяси қолдаушыларымен сайлаудан жеңіп шығатын,  сайлану үшін бір мерзім шектемесі болмайтын парламенттік жүйе рахат жүйе болып көрінуі мүмкін. Биліктің түбегейлі болуы, «қысым» орталарының емес,  ұлттың таңдауларын саясатқа келтіру, қиын жағрапиядағы Түркияның жақсы, жеңіл басқарылуы,  жүйе іші демократиялық өзгеріс және бетбұрыстардың жеңіл болуы тұрғысынан болса саяси жүйенің өзгертілуі Түркия үшін мәжбүрлік болды.

 Осы аяда Әділет және даму партиясы өзі үшін қиын,  бірақ ең дұрысын істеді.  Өзгерістер енгізіп, Түркияда саясаттың қожайыны енді – ұлт. Ұлтынан өкілдік ала алмаған ішкі және сыртқы «қысым» орталарының саяси жүйеге араласу мүмкіндіктері едәуір әлсіреді. Саяси жүйеден туындаған құрылымдық проблемалар көбіне шешілді.  Бұдан кейін кезкелетін проблемалар жүйелік емес,  істі атқарудан туындайтын проблемалар болуы мүмкін. Сондықтан оппозициядан жаңа жүйе әлі толықтай күшіне енбей, сыналмай тұрып, бұрынғы, істемейтін жүйені қайта келтіруге емес, жаңа жүйенің атқарылуы тақырыбында ескертулер жасап,  шешім іздеуге тырысу күтіледі.

Оппозициядағы партиялар әлі байқамаса да,  жаңа саяси жүйе кемінде сөз жүзінде көп нәрсені өзгертеді. Ұлтына менсінбей қарайтын, оның тұрмыс стилін белгілі бір қалыпқа келтіруге тырысқан,  азаматтардың киім киюіне араласқан партиялардың бүгін ұлтқа қайғы емес,  одан оптимист уәде беруінің басты себептерінің бірі – осы өзгерген саяси жүйе. Өзгерген саяси жүйенің қазірден-ақ сайлау процесіне әсерін болса біз келесі аптада қолға аламыз.



Ұқсас жаңалықтар