Исламофобия және түрік сыртқы саясаты

Түрік сыртқы саясатының бағдары 22

984763
Исламофобия және түрік сыртқы саясаты

Фобия – грек тілінде «phobos» сөзі түбірінен шыққан. «Phobos» грек мифологиясында «қорқу тәңірі» деп белгілі. Қазіргі таңда «фобия» дегенді бір нәрсеге қарсы пайда болған қорқудың жеке адамның күнделікті тіршілігіне болымсыз ықпалы деп түсінеді.

Исламофобияны ең жай мағынада «Исламдық қорқу» деп атайды. Исламнан және мұсылмандардан қорқу-тартыну ішкі сезімін түсіндірген Исламофобияның термин ретінде жиі қолданылғанына қарамастан басқа түсіндірмесі болмағаны мәлім. Еуроодақ негізгі құқықтар агенттігі Исламофобияны «2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тағы терактінің артынан террормен күрес аясында араларында арабтар, еврейлер, мұсылмандар, кейбір босқын топтар, босқындар мен мигранттар және кейбір азсандылар да бар топтарға бағынышты тұлға мен тұлғалар; оқу, жұмыспен қамдау, баспана, қызметтер мен мекемелік алаңдарға қол жеткізу, қоғамдық қатысу және қозғалу еркіндігі сияқты кейбір алаңдарда нәсілшіл бөлшектенушілікке душар болуда. Бұл аяда Исламофобия Ислам әлемінің мүше жеке тұлғалары ұшыраған бөлшектенуші әрекеттерге берілген жалпы атау болып табылады” деп жазады.

Ислам соңғы жылдары батыс әлемінің күн тәртібінде қорқу сезімімен бірге орын алуда. 11 қыркүйек күні басталып, жеке лаңкестік оқиғалармен жалғасқан оқиғалар тізбегі бар. Бұл жағдай батыс қоғамдарының өздерін қауіпті ортада сезуіне жол ашады. Болып жатқан болымсыз оқиғалардың артынан Исламды террордың қайнары ретінде көрсететін халықаралық баспасөздің ықпалы да  Исламдық қорқуды артуда.

Батыс қоғамы ішінде кейбір топтарды Исламға қарсы ушықтыру тақырыбында жалғыз айыпты әрине медиа емес. 2000 жылдан бері Еуропада оңшыл саяси кадрлар күшейіп келеді. Бұл кадрлар партияларымен бірге ұлттық мәжілістер құрамында орын ала бастады. Францияда Ұлттық майдан, Грекияда Алтын таң, Голландияда Еркіндіктер партиясы және Австрияда Австрия Тәуелсіздік қозғалысы сияқты саяси партиялар елдерінде өмір сүрген шетелдіктер мен босқындарға бағыттап жағымсыз ұстаным жетілдірді. Сайлаулардағы дауыстарын осылайша арттырды.

Еуропадағы мұсылман қоғамға бағыттап болымсыз ұстанымдарда алғашқы үлгі ретінде Германиядағы түріктер бастан кешкен қайғылар еске түседі. Соңғы жылдары артып отырған және өлімдермен күн тәртібіне келген өртеп шабуылдау оқиғаларын бұл тұрғыдан атап өтуге болады. Оқиғалардың Германиямен шектеулі емес екенін жақсы білеміз. Оқиғалар Еуропа көлемінде мешіттер, мәдениет орталықтары және сауда орындарына дейін «опасыз қылмыс» формасына көше бастады. Шабуылдардың қорқынышты тұсы болса, ұйымдасып жасалған бұл жеккөрушіліктің уақыт өткен сайын халық, медиа және саясат қайраткерлерінің кейбіреулері тарапынан жабық түрде мақұлдануы.

Еуропада үкіметтердің қоғамның Ислами түстеріне қарсы шабуылдарға үнсіз қалуы ішкі және сыртқы саяси қайғыларымен де байланысты. 2001 жылы жылдамдаған және соңғы рет Шарли Эбдо шабуылдарымен Еуропада шыңға көтерілген бір ауру пайда болды. Бұл жағдай мемлекеттердің Араб көктемінен бастап жалғастырған Таяу Шығыс саясатының ішкі қоғамдағы дайындықтарын құрайды. 2011 жылы Тунисте басталған халық қозғалыстарында Еуропа мен АҚШ-тың ұстанымы риторикалық негізде еркіндік болатын. Осыған қарамастан бұрынғы режимдердің орнына келген кадрлардың Исламдық болып болмауы батыс үшін маңызды бір ережеге айналды. Нахда, Мұсылман бауырлар мен Сирия оппозициясы мақұлданған оппозициялық топтарды террор ұйымымен теңестіру талпыныстары осыған мысал іспеттес.

Дәл осында Түркияның Таяу Шығыста  ойынға қосылуын, көзге түсуін, жоғары және біріктіруші рөлін атап өтуіміз керек. Түркияның аймақтық саясаты Ислам дұшпандығы саясаттарына керісінше жүргізілуде. Түркияның Таяу Шығысқа бағытталған делдалдық пен адам құқықтары негізді саясаты батыс пен Түркияның аймаққа деген көзқарасының қандай деңгейде ерекшеленгенін көрсетеді. Сондай-ақ Түркия батыс елдерде өмір сүрген мұсылман қоғамдардың интеграциясы мен Ислам елдерінде демократияның тарауына қолдау береді. Бірақ бұл болымды ұстаным өкінішке орай батыс медиасының үлкен бөлігінде болымды қабылданбайды.

Аймақтағы ауыр психологиялық атмосфера себепті Түркия көп теңдеулі бір алаңда жалғыз өзі дипломатия құруда және мұны барлық шығындарымен жалғастыруда. Түркия аймақтағы гуманитарлық мәселелеріне шешімдер табуда. Таяу Шығыстың демократиялану күресінде дұрыс тарапта орын алуда. Алайда Түркия бұл күресте батыс және Ислам әлемінен қажетті қолдауды көрмей отыр.

Жаһандық көлемде бір өркениет дағдарысының күнделікті саяси мүдделермен елеусіз қалдырылуы Түркия жүргізген байсалды және адами дипломатияның дауысын естіруіне де кедергі жасайды.



Ұқсас жаңалықтар