Түркияның Орталық Азияға бағытталған мәдени дипломатиялық жұмыстары

Түрік сыртқы саясатының бағдары 20

Түркияның Орталық Азияға бағытталған мәдени дипломатиялық жұмыстары

Мәдени дипломатия дегеніміз - идеялар, ойлар, дүниетаным, өмір салты, эстетикалық түсінік, ләззат пен дәмдерді бөлісу арқылы өзін дұрыс түсіндіріп, қарсыласын дұрыс танудың жолы. 2000 жылдардан бастап жүргізген мәдени дипломатиясы әрі Түркияның өзгеруіне, әрі әлемнің Түркияға деген көзқарасының өзгеруіне ықпал етті.

Қырғиқабақ соғыс кезінде ‘мәдени дипломатия’ қақтығысқан тараптар арасында бір қаруға айналды және пропаганда мақсатты қолданылды. Қорқыту теңгеріміне негізделген Қырғиқабақ соғыс кезеңінде ядролық соғыс қаупі идеология мен мәдениет алаңында майдан ашылуына себеп болды. Шығыс блогының тарқауы және Кеңес Одағының ыдырауында да батыстың мәдени дипломатиясының  ықпалды болғанын айтуға болады.

Дипломатияның мағынасының кеңеюіне Қырғиқабақ соғыстың аяқталуымен одан да жылдам жалғасқан жаһандану ықпал етті. Қазір дипломатия дегенде әсіресе жүректер мен ақыл-ойларға ие болуға бағытталған мәдени дипломатия байқалады.

Орталық Азия мемлекеттерінің тәуелсіздігін алуымен түрік сыртқы саясатына жаңа бір тұғыр қосылды. Түркияның ортақ тіл, тарих пен мәдени байланысы бар мемлекеттермен ынтымақтастығы көптеген салада ортақ мүдделер негізінде жылдам жетілді. Түркияның аймаққа бағытталған жалпы саясатын ‘Орталық Азия елдерінің саяси және экономикалық тұрақтылыққа ие көршілерімен өзара ынтымақтасып, халықаралық қоғамға интеграцияланған демократиялық құндылықтарды қабылдаған елдер ретінде болмыстарына қолдау беру’ деп түсіндіруге болады. Түркия осы саясатымен аймақ елдерінің маңызды ортағына айналды. Түркітілдес елдер арасында ынтымақтастықты жетілдіру мақсатты 1992 жылдан бері Түркия басшылық жасаған «Түркі тілдес елдердің басшылар саммиті» маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Осы жетістіктердің  бірі – күдіксіз Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстанның қатысуымен 2009 жылы құрылған Түрік Кеңесі.

Түркияның аймаққа бағытталған дипломатиялық жұмыстары болса мәдениет, оқу, медиа және өркендеу жәрдемдері тақырыптарында шоғырланады. Бұл аяда басылған тұңғыш қадамдардың бірі ретінде түрік мәдениеті мен өнерінің, тілінің, тарихи мұрасының қорғалуы, бұл құндылықтардың бүкіл әлемге таныстырылуы және жас ұрпаққа жеткізілуі мақсатымен 1992 жылы Халықаралық Түріксой ұйымы құрылды. Түріксойдың құрамына Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанға қоса, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР), Ресей Федерациясына қарасты автономиялық 6 республика мен Молдоваға қарасты Гагауз Автономиялық Республикасы да бақылаушы ел мәртебесімен мүше болып табылады. Түріксой көп тұсты ынтымақтастық пен екі жақты мәдени дипломатия тұрғысынан мысал боларлық бір мекеме.

Аймақпен қарым-қатынастарында оқу жұмыстарына арнайы көңіл бөлген Түркия 1992 жылы басталған «Үлкен студент жобасы» арқылы түркітілдес елдерден жүздеген студентті қонақ етті. Қазіргі «Түркия стипендиялары» атты одан ауқымды стипендия бағдарламасы, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы тарапынан жүргізілуде. Бұл бағдарлама құрамында орын алған «Түркітілдес елдер стипендия бағдарламасы» аясында жыл сайын ондаған студент Түркиядағы университеттерге қабылдануда. Сондай-ақ түрік тілінің тарауы бағытында жасаған жұмыстармен Түркияның маңызды дипломатиялық құралдарының біріне айналған Юнус Эмре атындағы институттардың Орталық Азиядағы жалғыз орталығы Астанада қызмет атқаруда. Түркия ғылым мен оқу министрлігіне қарасты Қырғызстан және Түрікменстанда төрт төрттен, Қазақстан мен Өзбекстанда болса бір бірден оқу мекемелері бар.

Қырғызстан-Түркия Манас Университеті 1997-1998 оқу жылынан бері Бішкекте жұмыс істеп келеді. Түрік әлемінің алғашқы ортақ университеті ретінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті болса білім беру және зерттеу жұмыстарын Қазақстанда орналасқан оқу ордасынан жүргізуде. Университет түрік және қазақ тілдерінде білім береді. Осы тілдерге қоса ағылшын және орыс тілдері де оқытылады. 880 академиялық қызметкері бар университетте Жаратылыстану, Әлеуметтік ғылымдар, Гуманитарлық ғылымдар, Инженерия, Филология, Өнер, Медицина, Стоматология және Дайындық факультеттері бар.

Медиа саласында аймаққа бағытталған ең маңызды жұмыстардың бірі болса Баспасөз және информация дирекциясы тарапынан жүргізілген Түркітілдес елдер мен қауымдастықтар Медиа платформасы. 2009 жылы 21 наурыз күнінен бері эфирін жалғастырған және Түркі әлемінің ортақ дауысы болуды нысанаға алған TRT Avaz (ТРТ Әуез) Түркияның аймаққа бағытталған инвестицияларының бірі. Телеарна қазақ, қырғыз, өзбек және түрікменге қоса Әзірбайжан мен Босния тілдерінде эфир таратады. Анадолы агенттігінің орыс тіліндегі эфирлері болса Түркияның дауысын аймаққа жеткізетін тағы бір құрал болу ерекшелігіне ие.

2005 жылы БҰҰ Өркениеттер альянсы бастамасына басшылық жасаған және сол күннен бастап басшылық міндетін атқарған Түркия жаһандық көлемде бір мәдени дипломатия жүргізеді. Басқа жағынан Түркияда ТИКА, Түрік қызыл жарты ай қоғамы, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы сияқты мемлекеттік мекемелеріне қоса, Юнус Эмре Институты, Түркі әлемі зерттеу қоры сияқты азаматтық қоғам мекемелері де мәдени дипломатиялық мекемелер болып табылады. Муниципалитеттер мен университеттер қоғамдар арасында байланыс орнатып, адамға жағымды іс-шараларымен сыртқы саясатқа үлес қосады.

2000 жылдардың басынан бастап Түркияда жаңару кезеңі жалғасуда. Білім сапасының артуы, өмір салтының жақсаруы, сыртқы әлеммен байланыстың артуы сияқты факторлар бүл өзгеріске ықпал етуде. Бұрынғымен салыстырғанда түрік паспортына ие болу абыройдың белгісі ретінде қабылданады. Түрік қоғамының өзі мен мемлекетіне деген құрметі, нанымы мен сенімі артуда. Түркияның күшеюімен мәдени дипломатия да күшеюде.



Ұқсас жаңалықтар