Мелами пірі Гайби Сунуллах

Анатолының дана - ғұламалары 20

Мелами пірі Гайби Сунуллах

Әр нәрсенің алдынғы және кейінгісі бізді қатты қызықтырады. Өмір сүріп жатқан сәттің өзі тұрғанда, керек емес егжей-тегжейге тоқталып қалып отырамыз.

Ал алдынғы мен кейінгілер әрқашан салыстырмалы болып келеді. Өмір сүріп отырған сәт болса ең тірі шындық ғой. Әр болмыс киелі бір өзгеріспен бір тамшы сияқты жүрегімізге ағады. Және біз де әр болмыспен бірлікке қарай араласып, ағамыз.

Әлемнің және тіршіліктің сол үнсіз ағысы бізге әрқашан бірлікті сыбырлап отырады. Барлық болмыстың үндестігін түсіндіреді, киелі бір гармонияны айтып отырады.

Киелі сұлулық әр болмысқа сіңеді. Бірақ көбіне адамда өзін көрсетеді. Піскен күйімен адам киелі сырлардың айнасы сияқты болады.

Мыңдаған жылдан бері Анатолы даналары осы сырдың ақыны болған. Киелі бірліктің сырларын айта отырып, тайпалардың бір-біріне араласып, «бір гармонияға» айналған ортақ территория салады.

«Анадолы дана – ғұламалары» - сіздерге міне, осы  даналарды таныстыратын бір бағдарлама.

Және осы апта бірлік ұғымының сүйіншісін берген, ақындардың серігі Мелами пірі Гайби Сунуллахты таныстырамыз.

Күтахия қаласында 1600-ші жылдардың бастарында дүниеге келген Сунуллах Гайби ғалымдар мен ақындар тәрбиелеген бір жанұяның мүшесі.

Әрі атасы, әрі әкесі танымал бір сопы болған. Гайби әрі олардан, әрі өмір сүрген Күтахияның өзіне тән рухани тереңдігінен нәр алған.

Әкесі діни ғылымдардағы мықтылығымен белгілі бір мүфти болатын. Және баласына да бұл үлкен жиынтықты жеткізген болатын. Гайби 30 жасқа келгенде тағы әкесінің ұсынысымен Стамбұлға қоныстанды. Осында сізге алдынғы тарауларымызда таныстырған Ибрахим Эфендидің шәкірттерінің бірі болды. Ибрахим Эфенди қол созған Гайбидің арнайы бір қабілеті бар екенін алдын ала байқады. Қысқа уақыт өткен соң оны орынбасары ретінде таңдады. Ол шәкіртіне мықты бір «вахдет-и вүжуд» яғни, «тәңірдің бірлігі, барлық болмыс Алланың бірлігінен жаралған» деген түсінікті үйреткен.

Ибрахим Эфенди дүниеге көз жұмғаннан кейін қайта туған жері Күтахияға оралған Гайби Сунуллах өзін шығарма жазуға арнады. Бірінен соң бірі жазған кітаптарымен маңызды бір мұра қалдырды. Діни және ғылыми шығармаларға қоса әсіресе өлеңдерімен де даңқы шықты.

Өмір сүрген қаласында «Құдай Раббым» деген лақаппен танылған Сунуллах Гайби Күтахияның рухани қорғаушысы болуына қоса, түрік тілінде керемет өлеңдерімен де түрік әдебиетінің таңдаулы тұлғаларының біріне айналды.

Гайби меламидалық бағытта жүрген бір сопы болатын. Меламидалық ақиқатқа жету үшін адамның дін және ғалам арасында бір теңдік құру керектігіне сенетін. Бұл да әрі діни ғылымдарға, әрі рухани мағлұматтарға ие болумен мүмкін болатын. Сондай-ақ меламидалар  даңқының шығуын адамның рухына онша жақпайтынына сеніп, өздерін мүмкіндігінше жасырады, Гайбиде де осы жағдай кездеседі. Сондай-ақ сопылар сияқты киелі атауларды сағынғанды да маңызды деп қабылдайды.

Сунуллах Гайби де мүмкіндік тапқан сайын зікір деп отырады. «Бұл зікір дегенің не?» деп сұраған кезде «бір бағытқа бет бұру, махаббат, махаббаттың қолында еру» дейтін. Гайби киелі атауларды қайталаудан жалықпайтын. Керісінше зікір арқылы жүрегіне Алланың атын жазғаны үшін қатты қуанатын.

 Гайби әр сөзінде «Хақ» бар даналардың бірі болатын.

Сенен саған барады жолым,

Сенен сені айтады тілім.

Юнустың осы сөздеріне айналған болатын өмірі. Және дәл Юнустай өзінің тереңдігінде бір махаббат сарқырамасына тұтылған еді. Гүрілдеп төгілген бұл сарқырамадан өлең жолдарын тасыды тіршілігімізге. Және бізге ес жидырған дана – ғұламаларымыздың бірі болды:

Хаққа апаратын тура жол,

Саған барар, өзіңде ізде

Талпын бар өзіңді тап,

Өзіңді біл, өзіңді.

 

Ғашықтың өзін білуге,

Ес жина өзіңде,

Хақты анық көруге

Өзіңді біл, өзіңді.

Гайби бір мелами ретінде бірлікке сенетін. Оған қарағанда болмыстың элементтері барлық тұстарымен киелі ақиқаттың дәлелі.

Саған ғалам көрінген

Шынында Алла ғой,

Алла бір оллаһи

Ойлама «бірнеше» деп. 

 

Бұл сөздердің мағынасы,

Адамның өзін білуі,

Өзін өзі танығанға,

Ақиқат миғражға шығу.

Хаққа апаратын жол өзіңнен өзіңе барады әй, адам. Сен тек қана өзін білген сайын Хақты танисың. Өзіңді танымайтын болсаң онда Алланы да тани алмассың.

Және әй, сен адам, тіліңнен шыққан әр сөз Хақтың ізі болсын. Әр сөзің Хақты түсіндіретін, Хақты айтатын бір белгі болсын. Тек қана бұл бағытта жүрсең бірлікті табасың. Яғни болмыстың гармониясы мен бірлігіне жетесің.

Қол жеткізе алмаған вахдетке (бірлік),

Ваздеттегі мәртебеге,

Барса да жұмаққа,

Дәміне жете алмайды.

 

Жан үйіне кірмеген,

Хақ болмысын көрмеген,

Бұл сипатта күлмеген,

Кейін күле алмайды.

Гайби адамның жетілуге қарай жүру керек екенін армандайды. Өйткені шикілік пен надандықты адамға лайық көрмейді. Алайда тіршіліктің ағысы да өзін жетілдірмеген адамға ешқандай жақсылық жасамайды. Жетілу сондай-ақ әр жандыны мәжбүрлейді.

Адам қандай мінезге ие болса, айналасын да осы құрайды. Әркім өз мінезіне лайықты достар мен жұбайлар таңдайды.

Әрине тіршілікте барша өз мінез-құлқына лайық бір басшы таңдайды. Гайбидің басшысы да махаббат болып табылады. Оған қарағанда махаббатты мойындамау, хақты мойындамаумен тең. Өйткені әлем махаббаттан жаралған. Дәл осы тұрғыдан жасаған немесе жасайтын барлық жұмысымызды да махаббатпен байланыстырады ақын. Ол былай дейді: «Махаббатсыз ғибадат қылып отырсыңдар ма? Онсыз кем және жеткіліксіз. Ғибадаттың өзі тікелей махаббатқа айналу керек. Барлық нәрсе Алланың өзінің көрінісі болса, тілдер қашанда оны зікір етіп, жүректер әр қашан оны ұғу керек.»

Көңілдерде тәңір сүйіспеншілігінен басқа ешнәрсені орнатпауға тиістіміз. Аллада піскен адамдардың көңілдерінде өзіне бір аялдама құрып, бұл аялдамасын өз сүйіспеншілігіне толтырады. Алланың бұл сүйіспеншілігі алдында адамның басты міндеті де жүрегін махаббатпен пәк қылуы.

Махаббатсыздар үшін бұл жол харам,

Оның жұмысы болмас тамам,

Дәруіш болғандар әрқашан,

Махаббат қайғыға түсу керек.

Махаббат - барлық әлемнің қайнар көзі. Бұл көзден аулақ болу, нағыз тіршіліктен де аулақ болу деген сөз. Осы себептен барлық көңіл достары сияқты Сунуллах Гайби де ғылымды, сұхбатты және өлеңді әкеліп махаббатпен байланыстырады. Және бұл жолда бізге ең жай шындықты түсіндіреді.

Нағыз дәруіш болған кісі,

Махаббаттың  дертіне түсу керек,

Түспей шешілмейді жұмысы,

Махаббат қайғыға түсу керек.

 



Ұқсас жаңалықтар