Низамоғлу Сейфуллах (Сеййид Сейфуллах)

Анатолының дана - ғұламалары 18

Низамоғлу Сейфуллах (Сеййид Сейфуллах)

Егер ғашық болсаң жарға,

Абайла, көнбе араға түскенге.

Құла Ибраһимдей отқа,

Бұл гүлшен өртейді!

“Гүлшен” сопылық тілінде құтылған көңілдерді түсіндіреді. Ол көңіл жамандық бағынан тазарып, бір гүл бағына айналады. Сонда ол бақты тек қана құдайдың жақсылығы билейтін болады, жамандықтар болса өте алыстайды.

Даналық сапарына шыққандар алдымен өз көңіл жолдарын тазалауға тиісті. Алдымен өз жүректерінің бақтарын тазарту керек. Өйткені жабайы шөптерді тазаламайынша ешбір жерге бара алмайды.

Ал ішіміздегі жабайы шөптер дегеніміз не? Көңіл бағымызды ластайтын не?

Олар: Өшіміз, ашуымыз, ынтасыздығымыз және армандарымыз. Қия алмаған, сылтауратқан құмарлығымыз.

Ішіміздегі құмарлығымыздың құнды болуы соншама оларды ешбір күш қозғай алмайтындай. Олар - әртүрлі орта мен шарттарға шыдамды. Бірақ махаббат бір рет түскен соң көңілдерге әр нәрсе өзгереді. Міне, жалғыз ол яғни, махаббат барлық армандарымызды, нәпістің барлық айлакерлігін жойып, жермен-жексен қылады. Тәңірге деген махаббат бұл, жүректерге үрленген киелі бір тыныс.

Ол тыныс барлық нәрсеге айналып, мәңгі қылады. Оттың алауы да адам үшін салқынға айналады. Дәл Ибраһим пайғамбарға болғандай...

Бір оттың ішіне атылса да адам, ол енді гүл бағына түскен деген сөз. Өйткені бұл ғаламда ғашықтар үшін әр жер бір гүл бағы болып табылады...

Анатолының дана – ғұламаларының осы бағдарламасында өмірін көңіл бағындағы гүлдерін реттеуге арнаған бір ақын – Низамоғлу Сейфуллах жайлы баяндаймыз.

Сеййид Низамоғлу, Сеййид Сейфуллах деген аттармен белгілі бұл ұлы ақын 16-шы ғасырда Стамбұлда дүниеге келген... Әкесі Бағдат жақтан келген және сейид (қожа) тегінен шыққан Низам Эфенди еді. Низамоғлу әрі дүнияуи, әрі рухани ғылымдарда жақсы білім алып, ер жеткен соң сіздерге алдынғы бағдарламаларда түсіндірілген Үмми Синан Эфендидің көмекшілігін жасайды. Кейін болса өмірі бойынша Стамбұл Силиврикапыдағы бір ханакада көңілдерге шипа болуға тырысады.

Өзі туралы мағлұматтар осылармен шектеулі. Бірақ бұл аз мағлұматқа қарамастан Низамоғлуның даңқын осы күнге дейін әкелген бір ұсталығы болған. Ол да керемет бір ақын болуы. Өз дәуірінде өлеңдерімен таныла бастаған. Ол жазған жолдар әрі ғылым жиындарында оқылған, әрі музыканттар тарапынан әртүрлі формаларда шығарылған. Кейде бір зікір, кейде бір тыныс. Өлең жолдарының шынайылығы соншама әр діни қауымға қатысы бар адамдарды ұлы махаббат тақырыбы төңірегінде біріктірген.

Сеййид Низамоғлу 16-шы ғасырда өмір сүрген. Ол дәуірде Османлы тағында ІІІ-Мұрад отырған және Османлы мемлекетінің жұмыстары бұрынғыдай жақсы болмаған. Соғыстар әрі экономиканы, әрі мемлекеттік тәртіпке қауіп төндіре бастап, халық ішінде тынышсыздық туылған.

Низамоғлу міне осындай бір кезеңде сезімтал өлеңдерімен тұнық бір бұлақ сияқты көңілдерге төгілген. Кейбір әдебиет тарихшылары оның өлең жолдарында Юнустың тазалығы мен оның жарқыраған махаббатын көреді. Өлеңдеріндегі тазалық пен ұйқас байлығы жоғарыда айтқандай музыка ұстаздары үшін берекелі бір бұлаққа айналған. Сеййид Низамоғлу музыканттар шығарған әуендерімен бүгін де Анатолы халқының жадында сақталған.

Бүкіл әлем сіздікі болсын

Бір дос, бір жан жетеді маған.

Жібек көйлек сенікі болсын,

Бір дос, бір жан жетеді маған.

 

Тауысылмайтын дүниеден айырылар

Ажал келер сені табар,

Сейит Сейфи ісін білер

Бір дос, бір жан жетеді маған.

Өлеңдерінен байқағанымыздай Сеййид Сейфуллах бәрінен бұрын масиваны (басқаларды) жүрегінен шығарып тастаған. Масива дүнияуи нәрселерді түсіндірген бір ұғым болып табылады. Алладан басқасы «мисава» болып табылады. Және Сеййид Сейфуллах осыдан бастартуды өзінің «ісі» ретінде қабылдайды.

Ақиқат жолаушыларының бар қулығы дүниені тастау болып табылады. Өйткені әлемнің айлакерлігіне қарсы күресудің басқа жолы жоқ. Адам баласы барлық тартымдығымен алдына шыққан дүниеге өте жылдам теріс қарауға үйренуге мәжбүр. Ақынның айтып отырғаны да осы.

Қысқасы Сеййид Сейфуллах ісін өте жақсы біледі.

Адамзат баласының таңданысы ешқашан бітпейді. Қандай қызық құбылыстарға толы бұл ғалам. Әр тұсы таң қалдырады. Және осы тақырыпта бір рет сұрақ қоя бастаса, жалғасы келе береді. Мен кіммін, неге бармын, қайдан келіп қай жерге барамын?

Ақиқат жолының жолаушылары аз да болса мұндай сұрауларға жауап іздегендер болып табылады. Оларды адамзат үшін құнды қылған да бұл бағыттағы талпыныстары. Сеййид Низамоғлу да бұл толқынды суда әжептеуір құлаш атқан. Әлемдегі болмысы жайлы көптеген сұрақ қойып, көптеген жауап тапқан...

Мен үйрене алған жоқпын кім екенімді,

Таң қаламын, таң қаламын.

Мен ешқашан «мен» дей алмаспын,

Таңырқаймын, таңырқаймын.

 

Көзімде кім қарап отырған?

Көңілімде кім тұрған?

Кім тыныс алып берген?

Таңырқаймын, таңырқаймын.

 

Сеййид Низамоғлу бір қалыпты,

Әр қимыл, күдіксіз, құдайдан,

Жақсы мен жаманды білуді таста

Таңырқаймын, таңырқаймын.

Әр пайғамбар жапа шеккен. Бұл әлем оларға сұлулығынан гөрі қайғы берген. Якуб пайғамбар баласынан айырылып, баласы Юсуф күнәсіз зынданда шіріген. Эйуб пайғамбардың жапасы бір емес, жүз емес, мың болған.

Бірақ ең қиын уақыттардың өзінде бастарына келген қайғы – қасіретке шыдаған. Өйткені олардың жүрегіне дерт болған дүние емес екен. Негізінде тәңірден алыстау жүректерін қайғыртқан. Және қолдарын аспанға көтеріп әр жалбарғанда алғашқы мақсаттары тәңірге қауышу, оның махаббатына ұласу болды.

Низамоғлу Сефуллах та бұл дұғаны бөліскендер қатарына шықпады. Жарылқаушының махаббатын сұрауға ерінбей, шаршамай күні түні талпынды.

 

Құдайым, махаббатыңды бер маған,

Ху дейінші, «Алла Алла» деп айнала салып,

Құдайым, махаббатыңмен өртеніп,

Ху дейінші, «Алла Алла» деп айнала салып,

 

Құдайым, ауырып жаттым Юсуфтай,

Алла Алла ойға баттым Эйубтей,

Құдайым, жылайын Якубтай

Ху дейінші, «Алла Алла» деп айнала салып,

 

Құдайым, тастама мені маған,

Ал көңілімді өзің жаққа

Құдайым, бердім мен өзімді саған

Ху дейінші, «Алла Алла» деп айнала салып,

 



Ұқсас жаңалықтар